Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация Тыңдалым мен айтылым Тапсырма



бет1/2
Дата22.05.2022
өлшемі19,59 Kb.
#144510
  1   2
Байланысты:
6сын қазақ тілі ТЖБ
КТЖ 3-сынып 2021-2022ж

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация


Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені өз сөзіңізбен талдап түсіндіріңіз және дәлелді жеке көзқарасыңызды білдіріңіз. Көзқарасыңызды білдіруде төменде берілген дайын тіркестерді қолданыңыз.


Қажетті сөздер: менің ойымша, демек, қалай болғанда да, өкінішке орай, меніңше, біріншіден, қорытындылай келе... т.с.с.
[10]

1-мәтін
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы – 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылды.


Мұнда тұтынушыларға бар жағдай жасалынған. Қазақстан Үкімтенің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. «РАБИС» ақпараттық–библиографиялық жүйесі оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды — оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау.
Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі. Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он–лайн каталогтарын ұсынады.

2-мәтін


Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы. Бүгінде кітап қоры 2 млн данадан асып, Алматы облысындағы 12 жоғары, 13 орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығына айналып отырған бұл мекеменің тарихы сонау 1928 жылдан, Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазПИ-дің ашылуынан бастау алады. Қазақтың алғашқы жоғары оқу орны өмірге келген соң, оған оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемеліктердің көпшілігі Мәскеу мен Ленинградтан әкелінгені белгілі. А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары да университет кітапханасын кітап қорымен толықтыруға өл­шеусіз үлес қосқанын бүгінгілер біле бермейді. Олар өздерінің әдеби көркем шығармаларымен бірге оқу құралдарын да жазып, студенттерді білім нәрімен сусындатуға аянбай еңбек сіңірген еді. Университет ғалымдары да өз еңбектерін кітап­ханаға тегін өткізген. Сөйтіп, алғашқы оншақты жылдың ішінде-ақ кітап қоры 20 мың данаға жеткен екен. Ұлт зиялылары өткен ғасырларда жарық көрген кітаптарды іздеп тауып, тарих пен ғылым үшін үлкен құндылықтар келгенін бүгінде кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында тұрған көне басылымдардан көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет