Қадыр Мырза Әли.
Етістіктің болымды, болымсыз түрі.
Қадыр ақын Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында өмірге келген. Қадыр Мырза Әли- қазіргі қазақ әдебиетінің поэзия жанрында өзіндік орны бар үлкен ақын. Оның өлендері халыққа кең танымал. Ақынның отызға жуық кітаптары жарық көрді. Ақын жүздеген әндерге өлең жазған.
«Домбыра” атты өлендер жинағы 1979 жылы жарық көрді.”Мәңгі майдан” өлендер жинағы 1992 жылы шықты. Үш томдық, он екі томдық шығармалар жинағы бар.
Отан, Туған жер, махаббат тақырыбының ерекше шабыт, төгілмелі тілмен жазылған.
Қадырдың шығармашылығы туралы жазушы, мемлекеттік қайраткер Әбіш Кекілбаев былай дейді: “Қадыр-сыршыл ақын . Сезімі ұшқыр, ойы терең, әлеуметтік мүддесі биік, интеллектуалдық қарымы кең.
Ауыл-атамекен пернесі
Бұл сөзіме сенбе мейлің, сен мейлің
Сен тұрғанда сенбеймін де, сөнбеймін!
Бақытыңды таба алмасаң сүюден,
Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін!
Бұл сөзіме сенбе мейлің, сен мейлің
Отан барда сембеймін де, сөнбеймін!
Туған жерден таба алмасаң қасиет
Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін!
Сөздік
Өмірге келген - Сыршыл -
Ұшқыр - Қазіргі қазақ әдебиеті -
Ойы терең - Жинақ -
Мудде - Жарық көрді -
Сену сөну
Шығармашылық - Табу
Төмен берілген омонимдердің мағыналарын білдіріңдер
Жүз
Антонимдік сыңарын табыңдар
Өмірге келген
Үлкен
Кең
Шықты
Батыс
Синонимдік қатарын табыңдар
Өмірге келген
Кең
Жарық көрді
шын
Әлеумет
Тапсырмалар
І деңгей. Мәтіннен етістіктерді теріп, болымды және болымсыз түрін көрсетіңдер.
Мысалы:сену - сенбеу
ІІ деңгей. Болымсыз етістіктері қалай жасалады?
Болымсыз етістіктерден басқа ма, ме, ба, бе, па, пе тағы қай жерде кездеседі?
ІІІ деңгей. Төмен берілген омонимдердің мағыналарын білдіріңдер, сөйлем құрап жазыңдар.
Көрме, алма, қойма, қоспа
Үй тапсырмасы
1 деңгей
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Жаңа сөздерді жаттау
2 деңгей
Қадыр Мырза Әлидің өлеңін жатқа оқыңдар
Болымсыз етістіктер бар мақал-мәтелдерді табыңдар
3 деңгей
“Қадыр Мырза Әли туындылары” тақырыбы бойынша шығарма жазындар
Оқытушы: Якубова Н.А.
Топ:БЗХТ-11-09
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли. Етістіктің болымды,
болымсыз түрі.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік: Қадыр Мырза Әли туралы мәлімет беру; етістіктің болымды, болымсыз түрін пысықтау; практикалық жолымен меңгерту.
Дамытушылық: сөздік қорын молайту;іздену белсенділіктерін дамыту,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, тәжірибелік, логикалық, ізденістік,сөз әдісі.
Пайдаланған әдебиет: Артықова Т. Қазақ тілі, 10 с., 2006. Бектұров Ш. Қазақ тілі ,2006.Қадыр Мырза Әли. Өлеңдер жинағы, 2003.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, үлестірмелі материал
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат.
Сабақ мақсатын айту.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Ідеңгей. Сұрақ-жауап жұмысы
Қазақ әдебиті деген не?
Әдебиет кезеңдерін атаңдар.
Ежелгі дәуір әдебиетіне не жатады?
ХІХ ғасыр әдебиетінің өкілдерін атаңдар.
ХХ ғасыр әдебиетінің өкілдерін атаңдар.
Әлем әдебиетінің өкілдерін атаңдар.
ІІ деңгей.оқушылар бір-бірімен сұхбаттасады.
Ой қозғау. ХХ ғасыр әдебиетінің өкілдерін атаңдар. Жақсы, ал енді сабақта, ХХ ғасыр әдебиеті өкілдерінің бірі, Қадыр Мырза Әли туралы әңгімелесеміз. Грамматикалық тақырыбымыз - етістіктің болымды, болымсыз түрі.
ІІІ.Жаңа таырып
Презентацияны көрсету
мәтінмен жұмыс
мәтінді мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы:
жаңа сөздерді қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аудару
Топтық жұмысы.Синоним, антоним, омоним сөздермен тапсырмаларын орындау.Сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.
Мәтінді оқу, аудару.Өлеңнің тақырыбын анықтау, негізгі мазмұнын айту.
Грамматикалық тақырып бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
ІҮ кезең. Жаңа білімді бекіту.
Жаңа тақырып бойынша әр топ бір-бірімен сұрақ- жауап жұмысын атқарады.
«Шын, жалған» ойынын өткізу
1 Қадыр Мырза Әли - атақты инженер-технолог.
Жоқ, бұл жалған, Қадыр Мырза Әли - атақты ақын, драматург, аудармашы.
2 Қадыр Мырза Әли жүздеген әндерге өлең жазған.
Иә, ол шын, Қадыр Мырза Әли жүздеген әндерге өлең жазған.
3 Қадыр Мырза Әли Павлодар облысында өмірге келген.
Жоқ, бұл жалған, Қадыр Мырза Әли Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
4 Қадыр Мырза Әли - сыршыл ақын болған.
Иә, ол шын, Қадыр Мырза Әли- сыршыл ақын болған.
5 "Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңді Қадыр Мырза Әли жазған.
Жоқ, бұл жалған, "Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңді Ыбырай Алтынсарин жазған.
6 Ақынның өлеңдері халыққа кең танымал.
Иә, ол шын, ақынның өлеңдері халыққа кең танымал
Ү.Үй тапсырмасы.
1 деңгей
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Жаңа сөздерді жаттау
2 деңгей
Қадыр Мырза Әлидің өлеңін жатқа оқыңдар
Болымсыз етістіктер бар мақал-мәтелдерді табыңдар
3 деңгей
“Қадыр Мырза Әли туындылары” тақырыбы бойынша шығарма жазындар
Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |