Ұстаз аналарға арналған «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кештің сценарийі
І. Ашылуы. Оркестр. Хор.
Асылбек:
Айналайын адамдар,
Ана деген панаң бар.
Ана деген данаң бар
Көңіліне қараңдар!
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Бүгінгі мерекелік «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!
Асылбек:
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып Дәулетбек ағаның жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!
Асылбек:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Қанаттың орындауында «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар!
Ойын: «Жасырын ән»(слайдта.)Әнді табу.
Асылбек:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап ұстаздардың,
Тілек жолдайтын нар тұлғалы ағасы бар — дей отырып келесі сөз кезегін Ерлан аға мен Қаныш ағаға береміз.
Ерлан аға мен Қаныш ағадан музыкалық сәлем.
Ойын: Арқан тарту.
Сыйлықтар.
Асылбек:
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған – дей келе сөз кезегін Қайыртай мен Фархад ағаларымызға береміз.
Асылбек:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген — рәмізі сұлулықтың
Ана деген — бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Кебекті қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Орындайтын: Кебек
Асылбек:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында,- деп ер – азаматтарымыздың КВН әзілдеріне кезекті береміз.
(Жігіттерден құралған топ аналар, ұздаздар, қыз-келіншектер жайында қызықты әзілдер айтады)
Асылбек:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегін Амантай, Тлеубек, Алтынбек ағаларымызға береміз.
Асылбек:
Ару — Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, — дей отырып, Алтынбектің орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Ойын: Селфи жасау.
Асылбек:
Әлемнің жарығын сыйлаған, Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Олай болса, ақ тілектерін білдіруші Сержан, Айбын, Кемел, Руслан жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Асылбек:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып – деп, абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Айбынның орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар
Асылбек:
Ана деген жан екен,
Ана деген ән екен.
Ұстаз-ана, әжелер,
Үстем болсын мерейің, – деп ортаға жігіттерді шақырып, келесі кезекті әзілге береміз.
Асылбек:
Ана үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Осы аналарымызға тілек білдіру үшін Қанат, Аскон, Тока, Абзал, Кебекті ортаға шақырамыз.
Асылбек:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызда Төлеубек ұлдарыңызды қарсы алыңыздар.
Асылбек:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!
Достарыңызбен бөлісу: |