Бесікке салу рәсімі Әлди әнін қосып қою Қош келдіңіздер Армысыздар



Дата23.08.2023
өлшемі16,79 Kb.
#179926
Байланысты:
Бесікке салу рәсімі


Бесікке салу рәсімі
Әлди әнін қосып қою
Қош келдіңіздер
Армысыздар
Сәбидің бауы берік болсын. Рахмет төрлетіңіздер

  • 1. Айсұлу Баланы бесікке салайық.Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген қадірменді апаға тапсырылатын ырымы бар. Ендеше, Апа Сіз көпті көрген ұлын ұяға қызын қияға қондырған қадірменді апасыз. Бесікке Сіз салыңыз. Мына қыз келіншектерге Сіздің жолыңызды берсін.


  • Раяна: Рахмет қане бесікті әкеліңдер. Бесік- өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы. Мұны ержеткенде ардақ тұтар асыл бұйым. Бұны білген абзал.

  • Барлығы : Апа мына бесік тесік қой!

  • Раяна: Мұны әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға ала дүлей күл сыйлайды. Кәне тыштырма жасайық. Тыштырма ырымы – жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмас үшін дегені. Тыштырма бесіктің тесігінен – тыштыма деп дәмді тағамдар өткізіп балаларға үлестіріледі.

  • Тыштыма тыштыма,

  • Тышты, тышты. 3 рет. Басқаларға үлестіріледі.

  • Раяна: Енді отқа табыну ырымдары бар. От жағып, бесікті аластайды. Аластап болғаннан кейін сәбиді бесікке бөлейді. Мынау бесіктің жабдықтары. Кәне сәбиіңді бере ғой.


  • Аластау рәсімі: Балауса

  • Алас, алас, алас,

  • Бар пәледен алас.

  • Барлық пәле желмен кетсін.

  • Ағынды сумен кетсін.

  • Алас, алас, алас.

  • Бесікке бөлеу. Баланың ұйқысы тәтті болсын.


  • Еркеназ: Ал құрбым мынау сенің сыйың, немелеріңе сый болсын.

  • Рахмет.

  • Раяна: Ал қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой.









  • Әлди әні (Айшат) Әлди,әлди ақ бөпем

  • БЕСІК ЖЫРЫ (Айшат)
    Әлди-әлди, ақ бөпем,
    Ақ бесікке жат, бөпем!
    Жылама, бөпем, жылама,
    Жілік шағып берейін.
    Байқұтанның құйрығын
    Жіпке тағып берейін.

    Әлди-әлди, аппағым,
    Қойдың жүні қалпағым,
    Жұртқа жаман болса да,
    Өзім сүйген аппағым!


  • Рахмет Сіздерге бүгін біз Сіздерден көп нәрсе үйрендік.


Раяна: Біз Сіздерге көп нәрсе үйретеміз. Ал Сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар, сонда ата-бабамыздан қалған қазақтың әдет ғұрпы, мәдениеті тілі өлмейді. Ал әже шөбереңізге бата беріңіз.

Еркеназ:
Сәбиіміз сүйкімді болсын, өнер-білімге икемді болсын!
Бәйтеректей бойшаңданып өрен, өршіл, өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын, жамандық тәлім алмасын –
Даналардың дәстүрін жаңаласын, жалғасын!
Шұғылалы шуақ күн кешсін, басын сұр бұлт шалмасын!
Қос топшысы талмасын, қырандай биік самғасын!
Ары адал, жаны жаз, құрбысынан қалмасын!


БЕСІК ЖЫРЫ (Айшат)
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым,
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет