Физика сабағында жаңа технологияны қолдану тиімділігі «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»



Дата26.01.2018
өлшемі43,06 Kb.
Физика сабағында жаңа технологияны қолдану тиімділігі
«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың қолында» -деп,  елбасы  Н.Ә.Назарбаев  білім  беру  саласындағы  қызметкерлердің

жауапкершілігін  атап  көрсетті.  Әрбір  ұстаз  балаға  тиянақты,  терең  білім  беруге,  заман  талабына  сай  ақпараттық –коммуникациялық  технологияларды  меңгерту, оның  

жетістіктерін  сабақ  үрдісінде  тиімді  пайдалануы  міндетті.  Мұғалім  пәнді  өзі  жетік  

терең  білуімен  қатар,  оны  оқушыға  меңгерту  үшін  әр  сабақта    ғылым  мен  техника  

жаңалықтарын  дұрыс  қолдана  білуі  тиіс.

 Физиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдануы жайлы сала болып келеді. Физика сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы физика пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Интернет желісінің ақпараттары қолданылады және оқытушы мен студенттерге арналған дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар жасалады.  Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, студенттерді физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.          



Қазіргі уақытта мен өз тәжірибемде оқушыларға физика сабағында электрондық оқулықты, интернет желісін пайдаланып келемін. Өйткені, электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізуге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, заңдары мен анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен қазақша – орысша сөздік, кестелер, ғалымдардың өмірбаяндары, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физикалық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы. Ал интерактивті әдістер – оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер жиынтығы. Сондықтан да сабақ беру барысында мен үнемі интерактивті тақтаны, электрондық оқулықтарды пайдаланамын, бұл оқушылардың бойында ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік береді.

Физика сабағында табысқа жету жағдаятын туғызу жолдарына тоқталып өтсем: 
Оқушының белгілі бір жетістікке жетуі үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу керек. Егер оқушының өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда мұғалім олардың қандай да бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады. 
1. Мадақтау. Мұғалім сабақта оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Сен өте ақылдысың!» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер оқушының бойында мұғалімнің өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.
2. Бір мүмкіндік. Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты мұғалім арнайы дайындамайды, ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.
3. Еліктеу. Сыныптағы үлгілі оқушылардың жетістістіктерін үлгі ете отырып оқушылардың бойында «Сенде неге сондай болмасқа», «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу.
4. «Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр. Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін. Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.
5. Алдына – ала ойластырылған қателік. Сабақта мұғалім есеп шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында «Мен бір жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп оқушылардан көмек сұрайды. Бұл оқушының алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.
6. Ғылыми ізденіс. Оқушының бойындағы қабілетін арттыру үшін өте қызықты тақырыпта (мысалы: «Сүңгуір қайық», «Танк» жайлы) баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің, біз олимпиадаға дайындалсақ қайтеді» деген ұсыныспен оқушының өз еркімен ізденуге, ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының дамуына ықпал жасайды.

Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады. Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдану да сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.
Каталог: 1E7973318117C007
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні. Сабақтың мақсаты: білімділік
1E7973318117C007 -> «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды»
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов. «Ұлпан» романы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
1E7973318117C007 -> Сабақтан тыс іс шара Тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде»
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі
1E7973318117C007 -> Тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»
1E7973318117C007 -> Сабақтың атауы Тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі Сілтеме
1E7973318117C007 -> Сабақтың тақырыбы Күні уақыты Сынып Екі өрнектің квадраттарының айрымының формулалары
1E7973318117C007 -> Сабақ тақырыбы: §28 Адамның шығу тегі туралы алғашқы және қазіргі кездегі көзқарастар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу