Таќырып: Химия пјнінен жаѕа оќулыќтар бойынша



бет1/3
Дата16.05.2020
өлшемі106.5 Kb.
  1   2   3

                1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

                2. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



                3. химия кафедрасының аға оқутышысы Р.К. Сеитова



















Химия пәнінен элективтік курс

«Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығару»





















































                1. Павлодар

                2. 2010

КІРІСПЕ
Химия пәнінің жаңа буын оқулықтары «әдістемелік нұсқау», «жұмыс дәптерлері» және есептер жинағымен бірге беріліп отыр. Оқулықтардағы жаттығулар, есептер әр- түрлі деңгейлерде. Бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушы өз білімін шынайы бағалайды. Сонымен бірге тақырып бойынша типтік есептер шығару дағдысы қалыптасады.

Сондықтан бұл басылымда 8-сынып жаңа буын оқулығы бойынша есептер шығару әдістемесі ұсынылып отыр. Бұл әдістемеге енген есептердің күрделілігі әр түрлі.сондықтан, деңгейлік тапсырмалар, оларды құру критерийлері берілген. Тақырыптарына сәйкес орындау алгоритмі және шығару жолдары көрсетілген.

Оқушы білімін бағалауда, жаңа тақырыпты бекітуде сан есептердің маңызы зор.Есеп шығарып машықтанған оқушы кез келген сыннан қиналмай өтеді, білім мен білік нығайтылады.

Химия ғылымының негізі 8-сыныпта қолданатындықтан оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытып,есеп шығаруға баулу қажет. Сол себепті осы басылым оқушылар мен студенттер үшін көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.

Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңйтуде химиядан сандық есептеу шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.

Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:


  • ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;

  • химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.

Осы арнаулы курсты меңгерген оқушылар химиялық теңдеулер, химиялық формулалар, ғаздардың көлемі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарын есептерді шығаруда дұрыс пайдалана біледі деп сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет