Бағалау критериясы



Дата15.12.2016
өлшемі46,79 Kb.
#3906
Бағалау критериясы

Қазір бағалау критериясы туралы көп айтылып жатыр. Ол не үшін керек деген сұрақтар да туындап жатыр. Әрине, жаңашылық көп қиындықтар мен сұрақтар туғызады. Сабақтың әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Бағалау үрдісінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың сабақта алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан сабақ соңында бағалағанда, кейбір оқушылар өз қарсылығын білретін еді. Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. Сондықтан мен де өз сабақтарымда бағалау критериясын қолдана бастадым. Бағалау критериясы: білім нақтылығы, дәйектеу, толық және анық жауап беру; тәжірибенің күнделікті өмірмен байланысы; қызығушылығы, сенушілігі, әуестілігі; практикалық міндеттерді шешу; сөйлеу мәдениеті... Бағалау критериясы бойынша талаптарды іскеру асыру үшін әр сабақ жоспарлы, мақсатты болу керек. Алғашқыда оқушылар түсінбеді, критериялармен келіспеді. Қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалап, балл қойып отырды. Бірнеше сабақ өткен соң оқушылардың ынталары көріне бастады. Мұғалім шәкірттеріне критерияның мағынасын дәл, дұрыс түсіндіру керек. Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.

Бағалау критериясы тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізуге, сөйлемдерінің оралымдығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауға, дәйекөзді қолдана білуге, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелерге көңіл аударуға көмектеседі деп санаймын. Дисриптерге қарап оқушы тақырыпты қалай ашқандығын, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен сәйкестігін, әрбір бөлімінің мөлшері мен пікірін ойластырады.

Мысалы, мен өз сабағымда мынадай критериялық бағалауды қолданамын.




Критериялар

Дискрипторлар

3б.

2б.

1б.

Құрастырған әңгімелер10 сөйлемнен кем болмау керек

Әңгімелер мазмұны жүйелі түрде баяндалсын, стильдік және мәнерлік бірлігі сақталсын.

Әңгімелер мазмұны тақырыпқа сай келсе, бірақ ой жүйесінде ауытқулар байқалса.

Әңгіменің жүйелілігі әжептәуір бұзылса, сөз орынсыз пайдаланса.

Әңгіме құрстырғанда қыстырма сөздердер болуға тиісті.

Әңгімеде сөз байлығымен, сөздің қолдануымен, синтаксис құрылымдардың әртүрлігімен ерекше болу керек.

Лексика және грамматика тіл құрылысы әр түрлі болса.

Сөз байлығы өте нашар, бір типті қолданса.

Әңгіме құрстырғанда мақал – мәтелдерді пайдалану, қосымша матеиалдарды пайдалану.

Әңгіме тілі бай, әдеби нормаларға сай болса, мақал – мәтелдер орынды қолданып, қосымша матеиалдарды пайдаланып, күнделікті өмірмен байланысты болса.

Әңгіме тілі бай, әдеби нормаларға сай болса, бірақ ой жүйесі аздап бұзылғандығы байқалса.

Тіл байлығы жұтаң болса, мақал – мәтелдер орынды қолданылмаса.

«5» - 8-9 балл

«4» - 6-7 балл

«3» - 4-6 балл










Ойдың белгілі бір жүйемен, тәртіппен баяндауын қарастырады. Оқушылар сабақ сайын тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан, өзінше тың болжамдар мен түйінділер жасауға үйренеді деп ойлаймын. Сонымен қатар қарама – қарсы ойды білдіретін деректер қисынсыз біріктіріліп қойылғаны, бірыңғай ұғым бермейтін сөйлемдерді тіркестіру, қыстырма сөздерді, жалғаулар мен жұнақтарды дұрыс қоймау, қажетті деректерді қалдырып кету жиі кездеседі. Сөздік қордың жетіспеуінен бір сөздің бірнеше рет қайталануы, сөздің дұрыс қолданбау, яғни сөздің мағынасын анық, дұрыс түсінбегендіктен, сөйлемде басқа сөздермен байланыспайтын немесе айтылған ойға дәл келмейтін сөздерді қолдану, сөз мағынасына дұрыс мән бермегендіктен, артық сөз қолдану, «жазу, беру, құрылу» етістіктердің дұрыс пайдаланбау. Дискриптор көмегімен оқушылар өз қателерін түзетіп, жақсы баға алуға ұмтылады. Оқушылар жіберген қателерін дұрыс қорытынды жасай білсе, алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде сауатты пайдалана білсе, қателер саны азаяр еді деп ойлаймын.

Бағалау критериясының тағы да түрінің бірі –диффериенциалдық тапсырма. Диффериенциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Сондықтан мен үй тапсырмасын бергенде де диффференциалық тапсырмаларды ұсынамын. Мысалы, « Тілші» деген тақырыпты өткенді мынадай тапсырмаларды бердім.

ІІІ деңгей


  1. Мәтінді оқып, 5 сұрақ құрыстырыңдар.

Тілші

Заман талабына сай болашақта білімді де, білікті, ұтқыр ойлы тілші болғым келеді. Меніңше, тілші болу – өз арманыңды жазу емес, я болмаса еріккеннің ермегі емес. Шынында, тілші болу – халқыңның жағдайын ойлау, Отаныңды жырлау. Егер де мен тілші болсам, еліміздің келешегі, үміт артқан болашақтары-жастар мәселелерін көтерер едім. Олардың  өмір жайлы пікірлері, келешекке деген көзқарастары, арман – тілектері мен адамгершілік сезімдері жайлы жазар ем.



  1. Берілген мәтіннен қыстырма сөздерді теріп, түрлерін анықтаңдар.

ІІ деңгей

  1. Берілген сөйлемдерді жалғастырыңдар.

  1. Тілші жоғары табыстарға жету үшін, ... .

  2. Тілші мақсатына жету үшін, ... .

  3. Тілші білді болу үшін ... .

  1. Берілген «Тілші» тақырыбы бойынша презентация жасаңдар.


І деңгей

  1. «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», -Абай атамыздың сөзі бойынша қыстырма сөздерді қолданып, эссе жазыңдар.

 Жоғарыда айтылған тапсырмаларды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.


Критерямен бағалағанда міндетті түрде оқушының өз бетімен жұмыс істей алуы, оқушы ойының ерекшелігі, құрылымдық деңгейі, тақырыпты ашудағы ынтасы ескеріледі.Әр оқушы өз жұмыстары бойынша мониторинг жасаса, соның нәтижесінде жоспарлы түрде жұмыстар жасалса, оң нәтиже болары сөзсіз. Әр сабақта бағалау критериясын қолданылса, оқушылардың ізденушілік қабілеттерін жетілдіріп, берілген тапсырманы толық қарап шығуға, оқуға жетелейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет