Тақырыбы: Адамдық келбет Құндылығы: Сүйіспеншілік. Қасиеттері



Дата04.02.2022
өлшемі17,53 Kb.
#130735
Байланысты:
2с 1к
8 №1 БЖБ, 8 сынып бжб №1 1 тоқсан, «INSERT» әдісі арқылы талдау жасау

Тақырыбы: Адамдық келбет
Құндылығы: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: Ізгілік, тек жақсылық жасау, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға адамдық келбет, адамдық борыш туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды ізгілікті қарым – қатынас жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
1.http://oilar.kz



Жағымды күйге келу.
«Автопортрет» жаттығуы. 

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 







Сабақтың дәйексөзі.
Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 
(11 шілде (24 шілде) 1858-2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

2-тапсырма. Төменде берілген қанатты сөздерді оқып, олардың қайсысы адамның шынайы «Меніне», қайсысы «Менікіне» қатысты айтылғанын тауып, дәлелдеп беріңіздер.
а) Маған қолымнан келетін істі атқаруға қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл бер. (Шығыс ұлағаты).
ә) Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.( Жамбыл).
б) Еркіндік десе ойыңа не келсе, соны жасайтындай ерікке ие болу деп түсінетіндер, еркіндіктің толқынында биікке жетіп алуға ұмтылатындар көп те, өз еркіңді біреудің реттеуінсіз өзің ғана билей алатындай еркін өмір сүр деп түсінетіндер жоқтың қасы. (Әбіш Кекілбаев).




Үй тапсырмасы.
Абайдың он жетінші қара сөзін оқу.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет