1. Барлық үш орынды авс санын тап, егер мына теңдік орындалса: авс =2(ав+вс+ас)



Дата23.12.2022
өлшемі31,7 Kb.
#164004
Байланысты:
6 сынып


6 сынып

1. Барлық үш орынды авс санын тап, егер мына теңдік орындалса:


авс =2(ав+вс+ас).
Шешуі: 138;144;150;288;294.

2. Оқушы кітапты үш күнде оқыды.Бірінші күні кітаптің 0,2 -сін және 16


бетті, екінші күні қалғанының 0,3-ін және 20 бетін, үшінші күні қалғанының 0,75-ін және 30 бетін оқыды. Кітапта неше бет бар?
Шешуі: х –кітап бетінің саны 1-ші күні 0,2х+16 бет оқылды 2-ші және3-ші күндеріне қалғаныны 0,8х-16 2-ш күні 0,3(0,8х-16)+20 бет оқылды 3-ші күні 0,56х-31,2 бет оқылды Сонда 3-ші күні 0,75 қалғанының және 30 бет оқылса онда қалдық 120 бет 0,56х-31,2=120, х=270 бет

3. Көйлек 500 теңге тұрады. Осы бағаны 10% арттырып, 10% кемітті. Енді көйлектің бағасы неше теңге болды?


Шешуі:550-55=495 (теңге)

4. 15 санының алдына және соңына бір цифр қойғанда, шыққан сан 15-ке


бөлінуі керек.
Шешуі: 1155;3150;4155;6150;7155;9150.

5. Мектепте 33 сынып, 1150 оқушы бар. 35 оқушыдан кем оқушысы бар


сынып табыла ма?
Шешуі: Барлық сыныпта 35 оқушы болса, онда 35*33=1155 оқушы болады, бұл есеп шартына қайшы, ендеше 35 –тен кем оқушы бар сынып бар.
5
6. Дөңгелекке 2009 натурал сан жазылған. Қосындысы жұп сан болатын
екі көрші сан табылатынын дәлелдеңдер.
Шешуі: Көршілес натурал сандардың қосындысы әрқашанда тақ болады және натурал сандар саны жұп болса, ал дөңгелекке 2009 сан орналастырылған, ол – тақ сан сондықтан, 1 мен 2009 көршілес, ал олардың қосындысы 2010 – жұп сан.

7. Гаражда 54 жүргізуші бар.Егер әр күні гараждағы 60 машинаның 25%-ы өз ақауларын жөндеу үшін жұмысқа шықпай қалса, онда бір айда (30 күн) әр жүргізушінің неше бос күні болады?


Шешуі: Әр күні 0,25*60 = 15 машина гаражда қалады. 60 – 15 = 45 машина жұмысқа шығады, 54 – 45 = 9 жұмыстан бос қалады. Бір айда 30*9=270 адам-күн бос. Әр жүргізушінің 270 : 54 = 5 бос күні болады. Жауабы: 5

8. Сүтімен шелектің массасы 32 кг, сүтсіз -2кг. Шелектің жартысы


сүтпен толтырылса оның массасы қандай?
Шешуі: 17 кг.

9. Үш қыз ақ, көк, жасыл көйлек және сондай туфли киды. Егер


Айгүлдің көйлегі мен туфлиі бірдей болса, ал Гулнардың не көйлегі не туфлиі ақ емес, Нүргүлдікі жасыл туфли болды. Әр қыздың көйлегі мен туфлилерінің түрін анықта.
Шешуі: Айгүл-ақ көйлек , ақ туфли Гүлнар- жасыл көйлек, көк туфли Нұргүл-көк көйлек, жасыл туфли.

10. Екі өзара жай сандардың көбейтіндісі 3232. Ең кіші ортақ еселігін және осы сандарды тап.


Шешуі: 3232=32*101=2*2*2*2*2*101 еселігі 3232.

11. х-тің 13,5%, у-тің 12,5%-не тең болса, х және у сандарын салыстыр.


Шешуі: 13,5х=12,5у, х<у, егер х және у оң сан болса; х=у, егер х=у=0 болса; х>у, егер х және у-теріс сан болса.

12. Өлшемі 2х2х2 кубты бояу үшін 2 грамм бояу керек. Өлшемі 6х6х6 кубты бояу үшін қанша бояу керек?


Шешуі:Кубиктің үлкен жағы кіші кубиктің жағынан 9 есе үлкен болса , онда бояу да 9 есе көп кетеді , ендеше 18 гр.
6
13. 2008 натурал санның қосындысы – тақ сан. Осы сандардың
көбейтінділері тақ па, әлдә жұп сан бола ма?
Шешуі: 2008 натурал санның барлығы жұп, тақ , жұп және тақ болады. Бірінші және екіншіcі болмайды, себебі олардың қосындысы тақ, ендеше 2008 натурал сандарының ішінде тақ та, жұп та сандар бар , сондықтан олардың көбейтінділері жұп болады.

14. 1-ден 12-ге дейінгі сандарды пайдаланып екі тіктөртбұрыш пен бір шаршының төбелеріндегі сандардың қосындысы бірдей болатындай етіп жазыңдар.




1-ден 12-ге дейінгі сандардың қосындысы 78-ге тең. Онда тіктөртбұрыш пен шаршыныңтөбелеріндегі сандардың қосындысы 26-ға тең болады. Мүмкін жағдайлар: 12,9,1,4 - шаршыныңтөбелері 11,8,2,5 және 10,7,3,6 - тіктөртбұрыштөбелері.

15. Сыныпта 25 оқушы бар, олардың жастарының қосындысы 270 жыл.


Сыныпта 20 оқушы табыла ма, олардың жастарының қосындысы 260 тан
артық болатын?
Шешуі: 20 оқушы табылсын , қалған 5 оқушының жастарының қосындысы 10 үлкен болмайды , сонда орташа жастары 2 ден артық болмайды . Бүл қайшы , ендеше ондай оқушылар жоқ.

16. Көлде 1 лилия гүлдеді. Әр күні гүлдер саны көбейді де 10 -шы күні барлық өзенді гүлдер көмкерді.Көлдің жартысын гүлдер нешінші күні көмкереді?


Шешуі:Тоғызыншы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет