Білімдік саласы: Әлеуметтік орта Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (аралас сабақ) Мақсаты



Дата29.01.2017
өлшемі62,12 Kb.
#8228
Білімдік саласы: Әлеуметтік орта

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (аралас сабақ)

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толқ жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Ермексазды қолдана отырып, тапсырманы ұқыпты, таза орындау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ермексаз, тақайшалар, сүлгі.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ-жауап, мүсіндеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түссін даламыз

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы үн достарым!

- Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз. Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз? Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар? (аспан, ғарыш) Дұрыс балалар.

- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неменеге ұқсайды? Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар! Ал енді солардың арасында ең үлкен жұлдыз бар, ол қалай аталады? (Күн) Күн ол үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар. Ал ғарышта біз қандай заттарды кездестіруіміз мүмкін?

Спутниктер, кометалар, астероидтар мен метеориттер (суреттер көрсетіледі). Ал ғарышқа кімдер ұшады? Дұрыс, ғарышкерлер. Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол кім екен? (Ю. Гагарин) Ал әйел адамдардан В.Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты. Олар: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев.

1)Әубәкіров ағаның даңқы көкке самғаған,

Тоқтар аға Гагарин салған жолды жалғаған,

Тоқтар ағам-жан ағам бұрыннан да ер еді,

Менің батыр ағадан аумай қалғым келеді.

2) Тоқтар ұшты ғарышқа

Талғат болды ғарышта

Таңқалдырып қазағым

Тағы ұшса ғой Марсқа.


Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек? Ал айтыңдаршы, зымырандар қайдан ұшады? Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?

Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? (балалардың бұлшық еттерін тексереді) Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.

Орнымызда тұрамыз, қолдарымызды созамыз. Мен санаған кезде алдымен оң жаққа қарай бұрылып, айналамыз, сосын сол жаққа қарай. Жарайсыңдар! Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр. Скафандрды не үшін киеміз? Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз.Дайынбыз ба? (монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)

Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз. Ал міне керекті жерімізге де жеттік.

Жұмбақ:

Бір зат бар дүниеде құшағы кең

Ұшқан құс, жүрген аң бәріне тең

Адамзат, жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (Жер)
Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:

1.–ер, -ер, -ер

Біз боламыз ғарышкер.

2.-ға, -ға, -ға

Біз ұштық Айға.

Ойын: «Суретті құрастыр»

Ал енді мына жерге орналасып ойын ойнайық. Қиындыларды құрастырып, ненің суреті шыққанын айтып отырады.

Жарайсыңдар, ал енді орнымыздан тұрып, дүрбілерімізбен жан-жағымызға қарайықшы. Не көріп тұрмыз?

Қандай планета көріп тұрсын? Ол қандай екен? Ал, жарайсыңдар, енді шеңберге тұрып басқа планеталарды айналып тұрайықшы.

Ал, енді не тұрмыз? Кәне тағы дүрбілерімізбен қарайық.

Мен де роботтарды көріп тұрмын. Кәне «Роботтар» ойынын ойнайық.

Менің командам бойынша қимыл-қозғалыс жасайсыдар:

Солға қадам, оңға қадам

Алға қадам

Артқа қадам

Секіреміз бір рет

Отырамыз


Түзу тұрамыз

Роботтар сынды. (денелерін босатады)

Ой, балалар, сынған роботтар енді бәрін керісінше орындайды ғой!

Мен енді роботтарды жөндеп жіберейін.

Ой балалар мен тағы бірденелерді көріп тұрған сияқтымын, бұл планеталар суреттері ғой. Кәне көрейік, сосын осы суреттерді жерге ораларда өзімізбен бірге ала кетеміз. (планеталардың суреттерін қарастырып, атауларын қайталатады)

Балалар ал сендер өздерің ғарыштан не ала кетуші едіңдер?

Балалар, біз бүгін жаңа планета ашқан сияқтымыз. Оған атау беру керек. Қалай атаймыз?

Ал енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік! Ал біздің зымыранымыз жерге жекенше, көзімізді жұмып, музыкалық әуен тыңдайық.

Жақсы, балалар, міне жерге де келіп жеттік. Белбеуімізді шешейік. Орнымыздан тұрайық. Міне балалар өз тобымызға да оралдық. Ал енді бұл жерде бізді ешқандай қауіп күтіп ұрған жоқ, сондықтан ғарышкерлердің киімін шешіп қояйық. (қимыл-қозғалыспен көрсетеді) Ой, балалар бізді мына жерде қонақтарымыз қарсы алып жатыр. Кәне, қолымызды бұлғайық. Жақсы біз қайда барып келдік? Ал енді сол ғарышта не көрдік, не білдік соларды мүсіндеу арқылы көрсетіп, білдіруіміз керек. Ол үшін қолдарымыз бен саусақтарымызбен жаттығу жасап алайық.

Ал енді үстелге жақындап, орындарына отырып, жұмыстарынды бастаңдар. (Тәрбиеші қадағалап жүреді, дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастырады)

Қандай тамаша, аспанымыз әдемі болып шықты.

Сабақты аяқтайды.


Ғарышкерлер туралы өлеңдер оқиды.

Балалар жұмбақ жасырады:

1.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарай алмайды. (Күн)

2.Бірі түкті кілем,

Бірі түксіз кілем. (Жер, аспан)

3.Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.(Жұлдыздар)

Ғарышқа байланысты жауаптар айтады.


Балалар өз ойларын айтады.

Берілген командаларды орындайды.

Берілген командаларды кері орындайды.


Балалар жауап береді.


Балалар жауап береді.

Жаттығу жасайды.

Мүсіндеуге кіріседі.

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат

Даярлық «Б» тобы



Өткізген: Жұматаева Б.И


2014 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет