Тақырыбы: «Ғарыш әлемі» Мақсаты: Ғарыш, ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту



бет3/4
Дата25.05.2020
өлшемі29,82 Kb.
#71127
1   2   3   4
Байланысты:
СТЖД 1-2
Үйлестіру Адилет
Жұмбақ :Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.( Гүл )

-Дұрыс .Жарайсыңдар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз.

- Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсімдіктері жайлы болмақ. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.

Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар. Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.

- Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.

- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды.

Тапсырма №1

«Гүлдерді өз құмырасына отырғыз»

Мақсаты: баланың зейінін, санауға үйрету.

5-ке дейінгі сандар жазылған гүлдерді құмыралардағы нүктелерді санап өз құмырасына отырғызу керек.

Тапсырма №2

Мақсаты: зейінін дамыту.

Екі қатардағы түстері әр түрлі, бірақ бірдей гүлдерді ажыратып, сәйкестендіру.

Тапсырма №3

«Сөз тіркесін құра»

Мақсаты: Сөз тіркесін құрауға үйрету.

Қызыл сөзімен суреттегі заттарды атап, сөз тіркесін құрау.

Тапсыра №4

«Күлтесін тап»

Мақсаты: балалардың гүлдерді ажыратуға үйрету.

Бөлме гүлдерінің күлтелерін ажыратып табу.

Тапсырма №5

Мақсаты: балаға кеңістік түсініктерін қалыптастыру.

«Бекзат аналар мерекесіне гүл дүкенінен гүл сатып алғысы келді. Бекзатқа жоғарғы қатардағы қызыл гүл мен көк гүлдің ортасындағы гүл ұнады. Бекзат қай гүлді алды деп ойлайсың?»

Тапсырма №6

Мақсаты: балалардың жапырақтарына қарап бөлме гүлдерін ажыратуға үйрету.

Суретте бөлме гүлдері берілген. Олардың гүлдерін жапырақтары арқылы ажырату.

Тапсырма №7

Мақсаты: балалардың қиялын, ұсақ моторикасын дамыту.

Тамаққа пайдаланып жүрген түрлі макарон өнімдері арқылы өз қиялдарымен гүл құрастыру.

Қорытынды

Балалар, сіздерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Біз сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

Жарайсың, бүгінгі сабақта өте белсенді болдың. Сабаққа жақсы ат салыстың. Сау бол!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет