Тон туралы түсінік.
Штрих, дақ, нүкте туралы түсінік.
Штрихтау түрлері.
Машықтық тапсырма:
1.Түрлі бағыттардағы штрихтармен,
дақтармен нүктелермен жаттығулар.
2.Тондық созуға жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Штрих түрлерін ажыратып, әр заттың өзіндік келбетін нақты бейнелеуге үйрету.
2. Тәрбиелігі: Оқушыны шыдамдылық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Баланың көру қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақтың әдісі:
а) теориялық
б) машықтық
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: А3 формат, карандаштар, гипс нұсқалар
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
а)теориялық
б) машықтық
ІҮ.Қорытындылау
Ү Үйге тапсырма.
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Сыныпты жинақтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу. Құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Терезе алдындағы үй өсімдіктерін суреттеп келу.
Үйге тапсырмасын тексеріп, тиісті бағаларын қою.
ІІІ. Жаңа сабақ. Көркем суреттің бейнелеу құралдары. Тон.
1.Штрих, дақ, нүкте туралы түсінік.
2.Штрихтау түрлері.
3.Тон туралы түсінік.
а) теориялық:
Ал реңдік бейне дегеніміз – сол сызылған сызбаның көлемін, түсін, т.б. шығару үшін қолданамыз. Яғни штрихтау деген мағынада әр заттың көлемін, пішінің келбетін бақылау үшін , әр түрлі штрихтар арқылы штрихтаймыз. Штрих түрлерін айта кететін болсақ тік сызық, көлденең сызық, оң көлбеу және сол көлбеу сызықтарын, кереге көз, доға сызықтар, кереге доға – сызықтар, шеңбер сызықтарды пайдаланамыз. Кез – келген зат бір – бірінен пішін арқылы еркешеленеді. Заттың «пішіне» деп олардың өзіндік ерекше түрін, құрылысын айтады.
б) машықтық.
1.Түрлі бағыттардағы штрихтармен, дақтармен нүктелермен жаттығулар.
Штрих дегеніміз – көптеген, біртектес сызықтардың жиынтығы. Оның ұзын қысқалығы заттың көлемдік бітіміне байланысты ж/е ол заттың пішіндік құрылысына сай беріледі.
Әуелгі салып алған суретімізді, кейін бояйды қарындашпен заттарды жай боямайды тек қана штрихтап бояйды. Сондықтан да штрих пен сызықты ажырата білу керек. Сызық заттың пішінін айқындаса, штрих сол заттың түскен жарық пен көлеңкенің қоюлығын беріп, оның нақты пішінін ашуға қатысады.
Күнделікті өмірде кездесетін заттардың құрылысынан геометриялық денелердің кескінің табуға болады. Заттардың суретін салу үшін сызықтық бейнелер қолданылады. Ол үшін сызықтардың орналасу түрлерін білу керек.
Сондықтан да штрих пен сызықты ажырата білу керек. Сызық заттың пішінін айқындаса, штрих сол заттың түскен жарық пен көлеңкенің қоюлығын беріп, оның нақты пішінін ашуға қатысады.
Суретте жарық пен көлеңке оң арқылы беріледі. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгіленген жөн. Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек.
Заттардың жарық көлеңкесін штирхтау арқылы олардың пішінін көлемін шығарамыз. Заттың өзі жарық пен көлеңке арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы бөлу жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған дұрыс.
Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз бір тұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған натюрмортымызды таза жарасымды болып шығуына көңіл бөлуіміз керек
2.Тондық созуға жаттығулар.
Рең – ақ түс пен қара түс арасындағы қатынас яғни жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама – қарсылықты рең деп айтамыз.
Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы рең (контраст) соғұрылым кұңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда реңдер мейілінше ашық боладыда, екінші, үшінші, одан арғы планда рең азая береді.
Сонымен бақылаушыдан алыстаған сайын нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді. Ол күңгірт жерлері бұлдырлана түседі.
Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек
Әр түрлі бағыттағы штрихтармен, дақтар мен нүктелермен жаттығу.Реңмен жаттығу.
Оқушылар қысқаша түсіндірмелерді дәптерге жазып шықты. А3 форматқа геометриялық денелердің сызбасын сызып алып, штрих арқылы әр заттың өзіндік пішін, көлемін шығарды.
Меншікті көлеңке дегеніміз – Заттың сауле түспеген бетінде пайда болғын көлеңке.
Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз.
Жылт дегеніміз – жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері.
Түспе көлеңке дегеніміз – нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке жартылай көлеңке дегеніміз – меншікті көлеңкемен жарықтың арасында пайда болған көмекші жарық тәріздес құбылыс.
Натюрмортты аяқтау кезеңінде бейнеленген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады.
ІҮ.Қорытындылау.
Бүгінгі сабақта штрих түрлерімен таныстық сабағымызды сұрақтармен қорытындылаймыз.
1.Бейнелеудегі суреттеу нешеге бөлінеді?
2.Штрихтың түлері?
3.Пропорция дегеніміз не?
4.Штрих дегеніміз не?
5.Рең дегеніміз не?
6.Жарық пен көлеңке қалай беріледі?
Бүгінгі сабақ түсінікті ма?
1.Штрихтау нешеге бөлінеді?
2.Штрихтың түлері?
3.Жылт дегеніміз не ?
4.Меншікті көлеңке дегеніміз не?
Ү.Үйге берілетін тапсырма.
Үй тұрмысындағы, пішіні мен көлемі геометриялық денелерге ұқсас заттарды бейнелеп келу.
Шайнек пен кесені бейнелеп келу
ҮІ. Бағалау
VII.Сыныпты жинақтау
Достарыңызбен бөлісу: |