Сабақ Күні: Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Есімше, көсемше жұрнақтары. Сабақтың мақсаттары



Дата01.04.2018
өлшемі67,31 Kb.
#39975
түріСабақ
9-10 сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Есімше, көсемше жұрнақтары.

Сабақтың мақсаттары:

Тіл үйренушінің қазақ тілінде сөйлей білу дағдысын тілдің грамматикалық құрлымымен бірлікте қалыптастыру. Тіл үйренуші сөйлемнің әртүрлі бөліктерін пайдалана отырып, грамматикалық жағынан дұрыс, мағынасы бар, өз алдына қолдануға болатын сөйлеу мәтінін құра білуге дағдыландыру. Тіл үйренуші тыңдаған мәтін мазмұнын толық түсіну, мәтіннен ақпарат ала білу, тыңдалым кезіңде жаңа ақпаратты ажырата білу ептілігін қалыптастыру. Тіл үйренушінің тілдік қарым-қатынасқа түсу мақсатында тілдік қабілетін, дағды мен біліктілігін дамыту.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдері: Жұптық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық кесте,

даралап-саралап оқыту.



Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тапсырмалар, ұлттық тағамдар, жазылған үлестірмелер.




Сабақты өткізу барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Қал-жағдайларын сұрау

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тексеру.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру, білімдерін бекіту.

1. Диалог құрастырыңыздар.

-Аты- жөніңіз кім?

- ........................................................................................

- Қайдан келдіңіз?

-........................................................................................

-Қазір қайда тұрасыз?

-........................................................................................

-Өзіңіз кім боласыз?

-........................................................................................

-Ата- анаң бар ма?

-........................................................................................

-Әкеңнің есімі кім, айналайын?

-........................................................................................

- Әке- шешең қайда жұмыс істейді?

-........................................................................................



2. Мына берілген сөздерге –нікі, - дікі, - тікі жұрнақтарын жалғаңыз.

Бастық-


Жұпар -

М.Әуезов-

Мен-

Ол –


Дүкенші –

Оқушы –

Бидай –

Ағаш –


Кітап


IIІ. Жаңа сабақ

Тыңдалым

Жаңа сөздер


Жазылым

СӨЙЛЕСІМ

ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС
СЕРГІТУ СӘТІ


Кіріспе: Бүгінгі сабағымыздың грам.тақырыбы «Есімше, көсемше жұрнақтары», ал лексикалық тақырыбымыз «Ұлттық тағамдар».

Самоучитель каз.яз. 105-107 бб, 116-117 бб.

Грамматикалық анықтағыш, 194-206 беттер. Электрондық оқулық арқылы түсіндіру, жаттығу жұмыстары арқылы игеру.
1.Басым сөздерді тыңдаңыздар.

Мұғалім оқиды, топпен оқимыз.

Қазақы дастарқан




күріш




тамақ




тары




салқын тамақ




ірімшік




ыстық тағам




құрт




тәтті тағам




сорпа




ет тағамдары




тұздық




сүт тағамдары




қамыр




көкөніс




құмшекер




ұн тағамдары




баға




дәнді дақылдар




құн










қаржы





2. Суретпен жұмыс.

1.Сурет бойынша әңгімелесіңіздер.

3. Мәтін ақпаратымен танысыңыздар.

  • Қазақ – қонақжай халық

  • Ұлттық тағамның ерекшеліктері

  • Тойдың ең қадірлі тағамы

4. Мәтіңді тыңдаңыздар, оқыңыздар. Қазақ тілі Негізгі оқулық, 37-бет

5. 1. Мәтінді қайталап оқыңыздар. 2. Мәтінге дейінгі ой ашылды ма?

6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қазақ халқы нені құрметтеген?

  • Қонағын қалай күткен?

  • Қазақтарды неге «қонақжай халық» деп атайды?

  • Тойдың ең қадірлі тағамын қалай әзірлейді?

7. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына көсемше жұрнағын қойыңыз.

Үлгі: Кең дастарқанын жайып, қонағын күткен.

1) Дастарқан жай......, дәмді тағам пісір......, оны жақсы ыдыстармен дастарқанға қою дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғас..... келеді. 2) Су құйылған қазанға қойдың мүшелерін сал...., тұз қос..... , бая қайнатады. 3) Қамыр иле.... , дөңгелек ет..... , жұқала.... жаяды. 4) Сорпаға пиязды тура..... , бұрыш сал.... , тұздық жасайды.

8. Пікірталас

«Қазақ халқы – қонақжай халық» деген пікірмен келісесіз бе?

Сіздер қонақты қалай күтесіздер? Тақырыпты талқылаңыздар.

«Қазақы дастарқан» әнің тыңдау. Әні: М.Ілиясовтікі, Сөзі: Ж.Боранбаевтікі, Орындайтын: Мәдина Ералиева

9. Өлең мәтінін оқыңыздар, орындап көріңіздер.

Қажетті сөздерді орнына қойыңыздар.

Қажетті сөздер: көңілін/ өмірін, мақтаға/матаға, даланың/қаланың, ақ бауырсақ/ ақ нан, тауым/өзенім, дастарқаным/үстелім, ырыс/бақ, бақытым/жақұтым.

Қазақы дастарқан

.......................................... ақтарып сап

Ашылған .............................. ұқсап

Шашылған ..........................................?

Ей, менің асқар ...................................... .

Қазақы ..................................................... .

Өзіңсің ................................ – құтым

..........................................., бастауларым.







Оқылым


Тыңдалым

ІҮ. Бекіту.

Ү. Үй тапсырмасы

Қазақ тілі, негізгі оқулық, 36-47 беттер


Қазақ тілі, Тілдарын оқу құрал, 82 бет

Қонаққа шақыру. Рөлдерге бөліп, өзара сұхбаттасу.



Жанат: - Міне, асханаға келдік. Бірінші қабатта ұлттық тағамдар әзірленеді. Екінші қабатта орыс халқының тағамдарын даярлайды. Қазақша ет жеуге қалай қарайсыз?

Клаудия: - Мен сіздің қонағыңызбын ғой? Маған қазақтың ұлттық тағамдары ұнайды.

Жанат: -Қуырдақ, қазақша ет бар екен. Жас қияр, қызылша салаты да бар. Не жейсіз?

Клаудия: - Білмеймін. Сіз көмектесіңізші.

Жанат: - Жақсы, айтқаныңыз болсын. Онда қазақша ет жейміз.

Клаудия: - Ет дәмді екен. Маған ұнады. Бұл тағамды қалай дайындайды?

Жанат: - Мен сізді жексенбі күні үйге қонаққа шақырамын. Анам сізге үйретеді.

«Қонақжай халық» диалог құрастырып келу.




























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет