Білім беру саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма Тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Баланың айласы»



Дата22.04.2020
өлшемі20,1 Kb.
#64178
Байланысты:
баланың айласы


Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Баланың айласы» әңгімесі

Мақсаты: Балалардың драмалық қабілеттерін ашып, әңгіме мазмұны бойынша рөлдерге бөліп ойнату.

Білімділік:Әңгіме мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету;

Дамытушылық:Балалардың сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік:Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Методикалық әдіс – тәсілдер: оқып беру, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, сахналау, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Қолданылатын көрнекі құралдар:әңгіме желісі бейнеленген суреттер, хрестоматия, үй жануарлары түріндегі ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс-әректі

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық – қозғау-

шылық

Орындарымыздан тұрамыз,

Қолды биікке созамыз,

Содан белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір

Бір,екі,үш

Жоғары қолды созамыз

Тып-тыныш қана отырамыз.


Қимылдар жасайды.



Ұйымдас-

тырушы-

лық-

ізденістік

-Балалар жақсылық пен жамандық жайлы не білесіңдер?

-Адамдар қандай жақсылық түрлерін жасай алады дееп ойлайсыңдар?

-Өмірде айла жасау қаншалықты маңызды?

-Мына суретке қараңдаршы.Бізге таныс кейбір жануарлар жүр екен. Кәнекей, есімізге түсіріп аттарын атайықшы.

-Мен сендерге өлең жолдарын оқимын, ал сендер не туралы сөз болатынын айтыңдар. Сабы жоқ қамшы,

Ешкiмге ұсынба,

Уы бар бiр тамшы,
Тiлiнiң ұшында.   

Ендеше, сендерге қауіпті жануарлардың бірі «Жылан мен бала» туралы әңгіме оқып берейін.


Баланың айласы

Бір әлім адам жапанда келе жатып, аяғы астында бір үлкен тасқа сүрініп жығылып, ойлады: бұл тас адамға зиян келтіретін тас екен, жолдан алып тастайын деп. Сол оймен тасты көтеріп еді, астынан бір сандық шықты, сандықты ашып еді, ішінен бір жылан шығып, шағамын деп әлімге ұмтылды, әлім айтты:
— Мен сені қараңғы, тар жерден, тұтқыннан шығардым, жақсылыққа жамандық бар ма?
Жылан айтты:
— Бар.
Әлім айтты:
— Олай болса біреуге жүгінелік, төре саған тисе шағарсың, — деп.
Жылан да бұл сөзге тоқтап, екеуі келе жатып, түйеге жолықты. Түйеге бұлар істерінің мәнісін айтып еді, түйе айтты:
— Жақсылықка жамандық бар; не үшін десеңіз: мен адамның қанша ауыр жүгін, мүлкін тасып, өмірімше қызмет істесем де, адам қай уакытта шамамнан тысқары жүк артады да, жүре алмасам ұрып-соғып ренжітеді. Жылан мұны есітіп, әлімнің мойнына бір оралды. Мұнан шығып жеміс
ағаштарына келіп жүгінді. Бұл ағаш та айтты:
— Жақсылықка жамандық бар; не үшін десеңіз: менің жемісіммен қанша адам күн көріп пайдаланып тұрса да, жемісімді жан ауыртпай қолымен алмай, түбімнен қатты ұрып, жемісімді жерге түсіріп алып жейді, — деді.
Жылан әлімнің мойнына тағы бір оралды. Онан кетіп бір итке жолығысты.
Ит те айтты:
— Жақсылыққа жамандық бар, мен иеме қанша түн-күн ұйықтамай мүлкін, малын, өзін бағып қызмет қылып едім, ақырында мен қартайып аурулы болған соң, таяқтап ұрып мені қуып жіберді, — деді. Жылан және бір оралып, енді шағамын деді.
Әлім айтты:
— Енді тағы біреуге-ақ жүгінейік, төрелік тағы саған тисе, шаға бер.
Сонан шығып бір топ ойнап жүрген балаларға келді. Ішінде бір бала әлімге сәлем берді. Әлім сәлемін алып, сол балаға істерінің мәнісін айтты.
Бала есітіп болып:
— Әй, ата, бекер сөйлейсің осы қолыңдағы кіп-кішкентай қобдиға мойныңа үш оралған әйдік жылан сыюшы ма еді? — деді.
Сонда жылан да айтты:
— Бұл сөз рас, — деп.
Бала тіпті нанбады, «бұл сөзге көзбен көрмей кісі нанып болмас» деп.
Сонда жылан баланы нандыру үшін иіріліп барды да, манағы қобдиға кіріп жатты. Бала сонда тарс еткізіп сандықты жауып бекітті де, Әлімнің қолына берді, «апарып алған орынңызға қойыңыз» деп

-Әңгіме қалай аталады?

-Әңгіме ұнады ма?

-Бала жыланды қалай жеңді?




Балалар түрліше жауап беріп, оз ойларын айтады.

Жылан, ит, түйе

Жылан

Ертегіні мқұият тыңдайды.



Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

-«Баланың айласы»

-Ұнады.

-Жыланды алдап қобдиға жатқызды.




Рефлек-

сиялық-

түзету

шілік

Қорытындылау.

Балалармен бірге «Баланың айласы» әңгімесін рөлдерге бөліп сахналау. Балалардың өнеріне ризашылық білдіріп, мақтау.



Балалар қызығушылық танытады.

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: қорқынышты ақылға жеңдіруді.

Меңгереді: көркем әдеби тілде сөйлеуді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет