Жазғы сауықтыру демалысының есебі



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі1,89 Mb.
#45975
  1   2   3
Жазғы сауықтыру демалысының есебі

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Ендеше бастауыш сынып оқушыларына арналған жазғы сауықтыру демалысы ұйымдастырылып, мұғалімдер әр күнді жоспарлап қызықты өткізуге тырысты. Әрбір күніміз ұйқыашар жаттығуларымен басталды. Оқушылар әуезді әндер ырғағымен әртүрлі қимылдар жасады. Көптеген билердің элементтерін де көрсете білді. Бірінші күн «ҚР мемлекеттік рәміздер күні» болып аталды. Жазғы сауықтыру демалысының ашылуына байланысты концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл күні әртүрлі конкурстар мен ойындар өткізілді. «Менің Астанам – бәрі саған арналады» атты өлеңдер сайысы ұйымдастырылды. Ұлдардан құралған топ «Астана» атты әдемі ән шырқап берді. Қыздар да құр қол қала қоймады. Олар мың бұрала қазақ биін нақышына келтіре билеп берді. Содан кейін «Мен ел рәміздерін білемін» атты конкурс ұйымдастырылды. Балалар әр рәміздерге тоқталып, сипаттап берді. Күн соңында балаларды конкурстардың нәтижелерімен таныстырып, мадақтама қағаздарымен марапатталды. Күніміз қызықты да мәнді өтті деп ойлаймын. Екінші күніміз шығармашылыққа арналды. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсет білді. Бірі сурет салса, екіншілері ән салып, билер билеп көрсетті. Оқушылар мұғалім Сорокина А.Р бірге жұмыстарын орындады. Бұл жұмыс түрі оқушыларға өте қатты ұнады. «Менің сүйікті ертегім» атты көріністер ұйымдастырылды. Барлық оқушылардың көңілдерінен мейірімді ханзада ролін сомдаған Тлеубаев Еркін «Ең үздік кейіпкер» атанды. Оқушылар әртүрлі ертегілерден үзінділер көрсетті. Ең жақсы сомдалған ертегі ол «Алтын балық». Үшінші күні «Кітаптар күні» болды. СӨС арналған лекция оқылды. Мектеп медбикесі Мерживинская С.Я оқушыларды жеке гигиена туралы кеңестер берді. Балалармен бірге тақырып желісі бойынша суреттер салды. «Менің Отаным», «Халықтар достығы», «Жаз» атты тақпақтар сайысы өткізілді. Төртінші күні «Фантиктар» күні болып өткізілді. Оқушылар әртүрлі фантик түрлерінен сәндік киім түрлерін жасады. Ең әдемі сән үлгісін Ванов Мирас жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет