Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан, жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы



Дата04.08.2017
өлшемі72,04 Kb.
#22851
түріСабақ
Пәні: Биология

Сыныбы: 7 «А»



Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан, жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың мақсаты:

Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.



Күтілетін нәтиже:

Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолдана алды, оқушылардың белсенділігі артты, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызды, білім – білікітілігін дамытты.



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аудару.

Ә) Оқу құралдарын дайындау.

Б)Топқа бөліну


ІІ. Қайталау оқу анасы.

А) Сәйкестендіру тесті

Б) ТВ Бинго
ІІІ. Жаңа сабақты ашу.


  1. АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Сергіту сәті

А) Көршінің суретін салу


V. Сабақты қорытындылау . (Кім көп біледі)

1) Өрмекшінің торы әдісі арқылы, пысықтау сұрақтары



VІ . Бағалау .

Үйге тапсырма:
«Мазайка» әдісі арқылы топқа бөлу

1-топ Жылан

2-топ Кесіртке

3-топ Қолтырауын


Қайталау – оқу анасы

Сәйкестендіру тесті




Бекіре балықтарының бір тобы

Акулалар

Аталық бездерден бөлінетін сұйықтық шеміршекті балықтардың неше түрі бар

Шеміршекті балықтардың неше түрі бар?

Зоология ғылымы балықтарды зерттейтін саласы

Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі

Балық патшасы

Саусаққанатты балықтар

750 жуық түр

Бекіре

Латимерия

Шоғал

Желбезектер

Тасбекіре

Ихтиология

350 түрі бар


ТВ Бинго сұрақтары

1.Қосмекенділердің қазіргі кезде қанша түрі бар? (5000)


2.Қосмекенділердің неше түрі сирек кездеседі? (3)
3.Құрбақа неліктен секіруге және жүзуге ебедейсіз келеді? (аяқтарындағы бұлшықеттері әлсіз дамығандықтан)
4.Бақаның дернәсілі не деп аталады? (итшабақ)
5.Қосмекенділер дегеніміз не? (суда да ,құрлықта да мекендегендіктен)
6.Құрбақалар немен қоректенеді? (зиянкес бунақденелілермен)
7.Құйрықтылар отядына жататын қосмекенділерді атап бер? (тритондар, саламандралар)
8.Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты? (екі құлақшадан және екі қарыншадан)
9.Қосмекенділердің аяқтары неше саусақты болып келеді? (алдынғы саусақтары 4,арқы саусақтары 5)
10.Аяқсыз қосмекенділер қай елдерде тіршілік етеді? (Африкада ,америкада,Үндістанда)
11.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі? (жетісулық бақатіс)
12.Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына қай жылы тіркелді? (2010жылы)
13.Қосмекенділердің 3-отрядын атап бер? (құйрықты ,құйрықсыз,аяқсыз)

Жаңа сабақ: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сұржылан, сарыбасжылан жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы мәліметтер жинау.

Жорғалаушылар нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген.Олардың 8000-ға жуық түрлері бар.Жорғалаушыларға кесірткелер,жыландар,тасбақалар,құбылғылар,крокодилдер т.б жатады.Суда тіршілік ететін түрлері де бар.бірақ олар екінші рет оралып,суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады.Құрлықта суда, ағаш басында,топырақ астында тіршілік етеді.Оларды зеттейтін зоология ғылымының саласын герпетология(грекше герпетон-жорғалаушылар,логия ғылым )деп атайды. Жорғалаушылардың денесі бас, мойын ,тұлғағқұйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас.Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға,айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке тілі екі айр,ол сипап сезу қызметін атқарады. Жыланның уы үстінгі жақ сүйектерде орналасқан улы тістерінде болады. Кесірткелер отряды тармағына жататындардың көпшілігі (келес жармасқа,құбылғы ,ұршықсапт.б)құйрығын өздігінен ұзе алады.кесіркелердің көпшілігі жұмыртқа арқылы,кейбіреуі жұмыртқадан тірі туу арқылы көбейеді.Кесірке жұмыртқалаған бойда баласының жұмыртқаны жарып шығуы жұмыртқанад тірі туу деп аталады.Кесірткелер омыртқасыз жәндіктермен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді



Қолтырауындар:Бұлар –жорғалаушылардың жоғарғы сатыдағы тобы. Крокадилдер отряды 3 тұқымдасқа бөлінеді. Олпр нағыз крокадил,қолтрауын және азңы тұқымдастар деп аталады.Басында ,аналь тесігінің маңында аздаған бездер болады.Тістерінің саны көп,жүрегі төрт қуысты.Терісі қымбат бағаланады,сондықтан арнайы фермаларда қолдан өсіреді.

1-топ жылан

2- топ кесіртке

3-топ қолтрауын

әр топқа тапсырма беріледі,оқушылар таспырманы посреге түсіріп ,суреттерін салады. Жорғалаушылар туралы әр топ кеңінен мәліметтерді жазып,қорғап (түсіндіріп) береді.

Сергіту сәті:

Көршінің суретін салу.Оқушыларға А4 парғы беріледі ,оқушылар парақты бастарына қойып жанында отырған оқушының суретін салады.



Кім көп біледі?

Сұрақтары

1. Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы не деп аталады? (герпеталогия)

2. Жорғалаушылар қайда тіршілік етеді? (құрлықта ,суда тіршілік ететіндері де бар)

3. Жыланның уы қай жерінде орналасқан? (үстінгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде)

4. Жорғалаушылардың жүрегенің құрлысы нелерден тұрады? (екі құлақшадан және екі қарыншадан)

5. Жорғалаушылардың сезім мүшелері.....?

6. Жорғалаушылар немен тіршілік етеді? (шыбын шіркей,бұзаубас кейбір түрлері ірі қара малдармен)

7. Жорғалаушылар қалай ұрықтанады? (дара жынысты іштей ұрықтанады)

8. Қазақстанда қайсы жорғалаушылардың түрі көбірек кездеседі? (кесірткелер)

9. Жыландар ,кесірткелер қайсы отрядтың өкілі? (қабыршықтылар отряды)

10.Жыландар неліктен ирелеңдеп тез қозғалады? (қабырғаларының төменгі ұшы бұлшықеттер арасында бос жатады,сондықтан тез қозғалады)

11. Жыландар жыл санауға кірген нешінші жыл? (6)

12. Қазақстанда жыландардың неше түрі кездеседі? (18)

13. Улы жыландарды атап бер? (даласұр жылан,қолқантұмсық,оқжылан)

14. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі? (оқжылан)

Бағалау.

Үйге тапсырма: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сұржылан, сарыбасжылан жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы мәліметтер жинау.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы

«Ынтымақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жорғалаушылар класы. Жыландар, сұржылан, сарыбасжылан жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы .

Пәні: Биология

Сыныбы: 7 «А»

Пән мұғалімі: Умеркулова Маржан Асановна

2014-2015 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет