Конкурсы туралы «Ән жырым саған,туған ел!»



Дата02.07.2018
өлшемі13,79 Kb.
түріКонкурс
Алтынбек Қоразбаев атындағы II Халықаралық

«Ән- жырым саған, туған ел!» атты ән конкурсы туралы
«Ән жырым саған,туған ел!» ІІ-ші халықаралық Алтынбек Қоразбаев атындағы ән байқауының қатысушылары мен қонақтарын, 24 ші мамыр күні Жуалы ауданынының қолдауымен басшылары аудан қақпасынан күтіп алды.

Қарсы алу іс-шарасы да Батырбек датқа ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Театрландырылған көріністен соң, киіз үйден дәм татқан қонақтар, көрермендер қошеметімен қызыл кілем басқан қонақтар мәдениет үйіне кірді.

№ 1 Орджоникидзе гимназиясында басқарма басшысы Д.Бықыбаевтың модераторлығымен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында Т.Әл-Тарази, А.Қоразбаев, Түркиядан келген Феруяль Базел баспасөз өкілдерінің сұрақтарына мазмұнды жауап берді.

Қонақтармен қатысушылар көрермендер залына келіп, байқаубасталды.

Байқаудың беташар сөзін ашқан А.Қоразбаев, Т.Әл-Тарази, аудан әкімінің қызметін атқарушы Ә.Уркүмбаев аудан халқымен қонақтарға игі тілек айтып сәтті қадам тіледі.

Байқауға жалпы саны 26 үміткер қатысты. Байқаудың алғашқы әнін айтқан Жамбыл облысынан Божбан Жансая көрермендер назарын бірден өзіне аудара білді. Көрші Қырғыз, Монголиядан келген қонақтар Алтынбек әндерін айтқанда өз елдерінің қауышумен ерекше еткенін көрермендер қол шапалақтап рахметін білдірді.

Қазылар алқасының төрағасы Т.Әл-Тарази байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Аудан халқының атынан Алтынбек Қоразбаевтың үстіне Жуалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Үркімбаев Әбдікерім Құлтайұлы шапан, бөрік кигізіп, астына арғымақ мінгізді.

Байқаудың бас бәйгесін қазылар алқасы ақылдаса келе НұрболатАбдуллин (Алматы қаласы) мен Сая Сейтимова (Алматы қаласы) бөліп берді. Бірінші орын «Кәусар» тобы (Жамбыл облысы), «VOIS» квартеті (Алматы қаласы), Еркебұлан Тұрмағанбетов (Астана қаласы), Екінші орын Халықов Нығметжан (Жамбыл облысы), Әбу Қазбек (Алматы қаласы), Динара Диханбаева (Жамбыл облысы), Үшінші орын Бейсенова Мархаббат (Оңтүстік Қазақстан облысы), Шубаев Бағлан (Жамбыл облысы), Арғынбек Бейбітхан (Қостанай облысы) лайық деп танылды.

Конкурсқа қатысқан барлық үміткерлерге дипломмен бірге ақшалай сыйлықтар берілді.



Жуалы ауданында басталған байқау 25 мамырда гала – концертке ұласпақшы.


Каталог: documents
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
documents -> Өмірбаяны Құрманғазы Сағырбайұлы
documents -> Орындаған: 9 «Ә» сынып жетекшісі Болатбаева С. М. Астана 2014-2015
documents -> Лекция №7-8 по дисциплине: «Зоопсихология и сравнительная психология» Проф. Гагарин
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет