Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ



бет1/5
Дата12.09.2020
өлшемі44 Kb.
#63671
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!

Мақсаты: Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның
адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Көрнекілігі: салынған суреттер, қанатты сөздер жазылған иплакаттар.
Түрі: Жарыс сабақ

Барысы:

Оқушылар екі топқа бөлініп тұрады.



Мұғалім: Адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Денсаулықтың қатаң анықтамасы қандай? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының ережелерінде «Денсаулық дегеніміз – тән ақауының немесе аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге ол рухани, физикалық, әлеуметтік – саулықтың толық мәнді теңдігі.

Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдау- ларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» деп аталады.


Жарыс бағдарламасы:
1) Таныстыру
2) Қабырға газетін қорғау
3) Оқушы шығармашылығы
4) Мақал – мәтел жарысы
5) Ситуациялық сұрақтар
6) Поэтикалық құрылым
(Әділқазы алқасымен таныстыру)

«Таныстыру» кезеңінде екі топ аттарын, ұрандары мен төсбелгілерін таныстырады. Ал екінші кезеңде әр топ өздерінің шығарған газеттерімен таныстырып, қандай мақсатта салғандарын айтып өтеді.
Жарысымыздың үшінші кезеңі Жас ақын немесе ақынға жақыр деп аталынсын, оқушыларымыздың шығармаларын тыңдайық.
Төртінші кезеңі Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдерден жарыс өткізіледі.
1) Денсаулық - зор байлық.
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсысы – ауруға ауру қоспағаны.
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтт.
7) Ауруын жасырған өледі.
8) Сырқат - тән жарасы, қайғы – жан жарасы.
9) Денің сау болса, жарлымын деме.
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.

Мұғалім: Бесінші кезең ситуациялық сұрақтарға жауап беру
1) таныс баланың күнде ішімдікті қщлданбай тұра алмйтынын білсең не істейсің?
2) Достарың арақ іш, ішпесең бізге жолама десе, сенің қайтарар жауабын?
3) Сен ақшадан қысылған сәтте Есірткіні сатсаң, көп ақша береміз десе не істер едің?

Мұғалім: Екі топтың біріге әзірлеген поэтикалық қойылымын тамашалайық.
Көрініс Ақырын жүріп, анық бас!

Жүргізуші: Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті,
Иіскеген жастардың жан – тәнің түгелкесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі!
( сахнаға басы төмен салбырап, мұңлы жігіт шығады.)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет