«Эстафеталық жугіріс техникасын жетілдіру». Негізгі жарыс ережелері



Дата07.02.2022
өлшемі18,33 Kb.
#90885
Байланысты:
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА 9-АПТА НҰРПЕИС АРУЖАН


«Эстафеталық жугіріс техникасын жетілдіру».
Негізгі жарыс ережелері.

  • Жарыс ережесі бойынша эстафеталық жүгіріс жарыстары негізінен стадионда және қала көшелерінде өткізіледі.

  • Эстафеталық жүгірістін негізгі жарыс ережесі ол әр спортшы өзіне тиісті қашықтықты жүгіріп өтіп 20 метірлік аймақта эстафеталық таяқшаны өзінің командалық серіктесіне тапсыру болып табылады. Жарыс ережесі бойынша эстафеталық таяқшаны өзінін командалық серіктесіне тапсыру болып табылады. Жарыс ережесі бойынша түсіріп алған спортшы оны қайтадан көтеріп алып серіктесіне тапсыруы керек.

  • Эстафеталық таяқшаны салмағы 50-150гр болуы тиіс ұзындығы 28-30см. Таяқшаның түсі ашық түсті болуы керек. Жарыс ережесі бойынша эстафетаға қатысушы спортшы мәре сызығын таяқшаны қолынан тастамай өтуі тиіс және де команданын әр спортшысы бір этапты ғана жүгіреді.

  • Эстафеталық жүгіріс - жеңіл атлетиканың аралас төзімділік пен жылдамдықты ептілік пен икемділікті қажет ететін командалық түріне жатады.

  • Эстафеталық жүгірістің структурасы негізінен циклдік қозғалыстарға жақын келеді деуге болады. Эстафеталық жүгірістің классикалық түрлері 4x100м және 4x400м қашықтықтарда ерлер мен әйелдерге өткізіледі.

  • Эстфеталық жүгірістер стадионның жүгіру жолшаларында келесі қашықтықтарда өткізілуіне болады: 800,1000,1500м. Эстафеталық жүгірістер қала көшелері бойында да өткізіледі. Қала көшелерінде өткізілетін эстафеталардың кезеңдерінің ұзындығы әртүрлі болу мүмкін және де бұл эстафеталар аралас түрінде де өткізіледы мысалы 5 ер адам + 5 әйел адам эстафеталық жүгірістердің швециялық түрде болады: 800 + 400+100м ерлер арасында; 400+300+200+100м әйелдер арасында.

Эстафеталық жүгіріс техникасы 

  • Эстафеталық жүгіріс жеңіл атлетиканың белгілі бір түрі ретінде ХІХ ғасырда қалыптасып дами бастаған. Эстафеталық жүгіріс тұңғыш рет 1908 жылы Лондон қаласында өткен IV олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілген. Эстафеталық жүгірістің тұңғыш жеңімпазы АҚШ эстафеташылары болып саналады. (көрсеткіштері 3.29.4)

  • Эстафеталық жүгірістің әлемдік рекордтары: (4x400 м-37,40 сек., 1992 ж. 4х400м-2.54,20 сек., 1998 жылы АҚШ спортшылары).

  • Эстафеталық жүгірістің (4x 100м. 4x 200м.) түрлері жеке жолшалар бойынша өткізіледі, ал басқа түрлері жалпы жолшалар бойынша өткізіле береді.

  • Эстафеталық жүгіріс стадиондағы жүгіру жолшаларында өткізілуімен қатар қала көшелерінде өткізіле береді. Мұндай эстафеталарда қатысушылардың бірнеше түрлері болады, мысалы, 4 ер спортшы 4 әйел спортшы және де жас ерекшеліктеріне байланысты да топтар, командалар арасында өткізуге болады. Эстафеталық жүгіріске қатысушылар қашықтықтардың өздеріне тиісті бөлігін кезекпен жүгіреді.

  • Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші жүгіруді төменгі сөреден бастайды. Эстафеталық таяқшаны он қолына ұстап және де ол жолшаның ішкі жағына қарай орналасып жүгіруді стартердің белгісі бойынша бастайды.

  • Екінші кезеңде жүгіруші жолшаның сыртқы жағына орналасып, таяқшаны сол қолымен қабылдап жүгіреді. Екінші кезеңдегі жүгіруші екінші 100 метрді жолшаның оң жақ шетімен жүгіріп өтіп, таяқшаны сол қолымен оң қолға тапсырады.

  • Үшінші кезеңдегі спортшы жүгіру жолшасынан сол жақ шетімен жүгіріп, төртінші кезеңдегі спортшыға тапсырады.

  • Төртінші кезеңдегі спортшы жүгіру жолшасының оң жақ шетімен жүгіріп, эстафеталық таяқшаны сол қолымен қабылдайды.

  • Барлық сатыларда эстафеталық таяқшаны беру тек эстафетаны беру аймағында (зонасында) ғана орындалуы тиіс. Ол үшін мұны жақсы, анық көрінетін сызықтармен белгілеп қою қажет. Эстафеталық жүгірістің барлық қиындығы қаншалықты жылдам жүгіретін жүгіруші болса да эстафеталық таяқшаны беру аймағында жүгіруді тоқтатпастан эстафеталық таяқшаны келесі спортшыға тез арада беру болып табылады.

  • Эстафеталық жүгірістің көрсеткішін жүгірушінің 20 метрлік таяқшаны тапсыру бөлімінің қаншалықты тез жүгіруп өтуімен анықталады. Бұл көрсеткіш жоғарғы дәрежелі спортшы мынадай уақытты көрстеді. Ерлер 2.0 сек. және оданда төмен. Эстафеталық таяқшаның размері ұзындығы 30 см., диаметрі 3-4 см. Салмағы 50 граммнан төмен емес және 150 граммнан көп емес.

  • Жақындатылған сөре түрінде бірінші тірегішті 1,5 Және екінші тірегішті 2,5 табан аралығында орналастырады. Сөрелік тірегіштердің екі арасының ені - 18-20 см.

  • Эстафеталық жүгірістің бірнеше түрлері бар. Эстафеталық жүгіріс түрлерінің ішінде ең танымалы болып саналатыны ол 4Х100 м. жүгіру. Эстафеталық жүгірістің ең қызық түрі болғаны мен бұл қашықтыққа жүгіру техникалық жағынан ең қиын эстафеталық жүгіріс түрі болып саналады. Эстафеталық жүгіріс техникасын үйрету үшін ең алдымен қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрену қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет