Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу



Дата13.11.2023
өлшемі2,03 Mb.
#191267
түріСабақ
Байланысты:
9 сын тіл тәуелсіздік
бастауыш кезекш, Положение конкурс ср. школьников, 1606994396, Нурлыбаева жетістіктер, 7-сын 2 тоқсан бжб, 9 сын қмжж, Білімді ұрпақ жарқын болашақ, Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды, 5-9 класс РУКОВОДСТВО для педагогов 02.09.2022, P7.05 - kk - 10100634733505, санды теңсіздіктер, ЭССЕ ЖАЗУҒА МАШЫҚТАНДЫРУ электив, тапсырма 11 А, Абай 09.2023 (1)

Сабақтың мақсаты

9.1.3.1. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу.

Ой қозғау сұрақтары:

Ой қозғау сұрақтары:

  • Суретте не бейнеленген ?
  • Осы ұғымдар өзара қалай байланысады деп ойлайсыңдар?

1-тапсырма. ЖЖ «FILA» тәсілі

1-тапсырма. ЖЖ «FILA» тәсілі

«Тәуелсіздік – ел мұраты» мәтінін мұқият тыңда.


Тәуелсіздік! Осынау ұлы сөзді естігенде жанымыз жадырап сала береді. Онысы дұрыс, өйткені, осы Тәуелсіздік ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған мұраты. Тәуелсіздікке жету жолында Қазақстан атты байтақ еліміз көп тер төкті. Сонау ұлт мүддесін көздеген ата-бабамыз рухынан бастап, елім, жерім деп от жүрегі лапылдап жанатын бүгінгі жас ұрпақтың түсініп жүргені қуантады. Қазақ, ертеден-ақ бірлігі жарасып, біртұтастықты сақтай білген ұлт. Сондықтан қазақ халқында «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалы бекер айтылмаса керек.
Сәби болып шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен ана сүтімен дарыған осынау ұлы тіліміздің рухы біздің басты байлығымыз. Тіл –береке мен бірлігінің тұтастығы. Ал тәуелсіздік сол береке мен бірліктің тірегіш бөлшегі іспетті. Біз Тәуелсіз ел бола отырып көптеген ұлы қадамдар жасай алдық және де келешекте әлем елестетпеген асулардан асарымыз сөзсіз. Сол асуларды бағындырушы күштің бүгінгі тірегі, ол – Тәуелсіздік. Тәуелсіз бола отырып біз тіл еркіндігін, дін еркіндігін, адами қарым-қатынас тепе-теңдігін сақтай білген елміз. Осы істеріміздің барлығы мақтауға, мақтануға тұрарлық.
Тәуелсіздікке тоқталғанда сонау замандарда өмір сүрген Қабанбай, Қарасай, Бөгенбай батырларымызға тоқталмау мүмкін емес. Елі, жері үшін қасық қаны қалғанша жауға қарсы шығып ерлік көрсетсе, 1986 жылғы оқиға жалындаған жастардың еліміздің азаттық жолында от кешкендігінің айғағы болып отыр. Осынау ерлікпен келген Тәуелсіздікті енселі еліміздің өскелең ұрпағы ұмытпай, мәңгіге сақтай білсе, асқақ арманымыздың орындалып, асуларымыздың бағындырылғандығын айғақтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет