Кіріспе
Ғылыми жобаның өзектілігі: Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін, тылда еңбек еткендерді халық есінде мәңгіге қалдыру. Жобаға қатысушылардың шығармашылық ізденісін ояту.
Тарихта адамзат баласының басынан көптеген оқиғалар өтті. Бірақ, ел тарихындағы Ұлы Отан соғысының беттері ерекше. Ұлы Отан соғысы тарихтағы ең қайғылы оқиға болып табылады. Ал, осы соғыс қалай басталған екен? Ол үшін біз тақырыптан тыс әлем тарихына үңілеміз.
1933 жылы 30 желтоқсанда Германияның рейхсканцлері болып Адольф Гитлер сайланады. Ол бірден дүниежүзілік соғысқа дайындығын бастайды. Германияда «фашизмді» орнатты. Гитлердің негізгі мақсаты – әлемді жаулап алып, билігін орнату болды. Осы мақсатпен ол 1939 жылы 1 қыркүйекте ІІ Дүниежүзілік соғысты бастады. Ең алғаш соғыс фашистік Германияның Польшаға шабуылынан басталды. «Фашизм» дегеніміз – диктаторлық билік белгісі. Ең алғаш фашизм 1919 жылы Италияда пайда болған. Оның негізін калаған Бенито Муссолини болды. Ол Гитлердің жақын жақтасы болған. Германиядағы фашизмнің негізін қалаған Адольф Гитлер. 1940 жылы желтоқсан айында КСРО мен фашистік Германия арасында шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойылды. Бірақ, шабуыл жасаспау туралы Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтар саны -1 млн 700 мың. Соғыста қаза болғандар 603 мың. Гитлердің КСРО-ны жаулап алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол жоспар бойынша Гитлер КСРО-ны 3-4 айда жаулап аламын деп есептеді. Бірақ, соғыс 1418 күнге созылды. 1710 елді-мекендер мен қалалар қирады. Гитлер шабуылды үш бағытта жүргізді. Бірінші бағыты Украинаға, екінші бағыты Беллорусияға ал үшінші бағыты Мәскеуге шабуылы болды.
Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлігімен көзге түскен Шергалиева (Дмитриченко) Мария Степановнаның рөлі ерекше. Ол ұлттық тарихымызға ұмытылмастай, мәңгі өшпес із қалдырды. Зерттеу жұмысымыздың басты негізіде осыда.
Ғылыми жобаның мақсаты: Ұлы Отан соғысы мен тыл жұмысына қатысқан жерлестерімізді жадымызға мәңгі сақтау. Жоба арқылы оқушылардың өнері мен ізденіс -зерттеу белсенділігін жандандыру.
Оқушыларды өз Отанының мақтанышы болуға, отансүйгіштік пен азаматшылдыққа тәрбиелеу.Ұлы Отан соғысындағы жеңістің рөлін, оның мәнін және өзін қалыптастыруға ықпалын үйрету. Балаларға 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының оқиғаларын және негізгі кезеңдерін, бостандық пен тәуелсіздігіүшін күрескен жерлестерімізді тереңірек таныстыру үшін жағдай жасау. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шығармашылыққа қабілеттерін жетілдіру. Батыр жерлестеріміздің өмірі мен жеңістерін үлгі ете отырып, әскери – азаматтыққа тәрбиелеу.
Ғылыми жобанының мiндeттepi:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы маңызды оқиғаларға талдау жасай отырып, майдандағы қазақстандықтардың рөлін анықтау.
Батыс Қазақстаннан шыққан батырларға ғылыми сараптамалық талдау жасап, саралап көрсету.
Мария Степановнаның өмірі мен соғыста көрсеткен ерлігіне тоқталып, тарихи мағұлмат жинақтау.
Мария Степановнаның мадақтамалары жөнінде анализ жасау.
Ғылыми жобаның құpылымы: Ғылыми жоба екі бөлiм жәнe төрт
тapayдaн тұpaды.
Зepттey жұмыcының xpoнoлoгиялық мepзiмi. XX ғacыpдың 1941–1945 жылдapын қaмтиды.
Зерттеу жұмысының нысаны: Ұлы Отан соғысына қатысқан ерлік тарихы жөнінде мәлімет жинастырып, зерттеп, талдау жасау.
Ғылыми жобаның мeтoдoлoгиялық жәнe әдicтeмeлiк нeгiзi: Зepттey мeтoдoлoгияcы oбъeктивтiк, тapиxилық, жүйeлiлiк жәнe ғылыми тaным пpинциптepiнe нeгiздeлдi, coндaй-aқ xpoнoлoгиялық зepттey тәciлдepi дe қoлдaнылды. Coл ceкiлдi бiз қapacтыpып oтыpғaн тapиxи кeзeңдi мүмкiндiгiншe oбъeктивтiк тұpғыдaн түciндipyгe бaғыттaлғaн әpi жaңa тapиxи көзқapac тұpғыcынaн жaзылғaн eңбeктep бacшылыққa aлынды. Нaқты дepeктepдi зepдeлey ғылыми зepттeyдe тaлдay жәнe жинaқтay, жүйeлeндipy, caлыcтыpy т.б. жaлпығa бeлгiлi әдicтepi нeгiзiндe жүpгiзiлдi.
I. Ұлы Отан соғысы жылдарында
1.1. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ.Жұматов, В.Фурсов, К.Тұрдиев, Ш.Шолтырев, К.Иманқұлов, Е.А.Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды[1].
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан) Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В.Вихров, М.Габдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы:
- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді,
- Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді,
- Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды.
- Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды[2].
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп ұлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ой-пікірін, сезімі мен алаңдатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды,
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды[3].
Сталинград шайқасы(1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.
Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды.
-Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты.
-Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.
-Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті.
-Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты[5].
Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Қазақ ҚСР-інде 14 атқыштар, 4 атты әскери девизиялары 7 атқыштар бригадалары 50-ге жуық жекелеген батальондар мен әртүрлі әскер түрлерінің батальондары жасақталды.
Генерал –мойор И.В. Панфиловтың 316-шы Алматы дивизиясы кейін 8-ші Гвардиялық дивизия болып аталады. Москва түбінде /өшпес данққа бөленіп/, И.В. Панфилов қолбасшының еткен даңқты 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен айқасып, өшпес даңққа бөленді.
Мыңдаған қазақстандықтар Украинаның, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдаваны азат ету жолындағы ұрыстарға қатысты. Олар туысқан республикалар жерін өздерінің туған өлкелерінде сүйіспеншілікпен жаудан босатты. Днепр үшін ұрыстарда 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды. Жүздеген қазақстандықтар шет елдердегі қарсыласу қозғалысына қатысты. Солардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары А.С.Егоров пен З.У Кусайновтың есімдері белгілі болды.
Соғыс жылдарында барлығы 500 қазақстандықтар Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Қазақстаның 4 жауынгері бұл атаққа екі мәрте ие болды. Ұшқыш-штурмовиктер Т.Я.Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз меделімен марапатталған қазақ қыздары – 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды. Олардың екеуі де жүзден астам жауды жойып, шайқас үстінде қаза тапты.
Халқымыздың зердесінде бұл күн: 1945 жылдың 9 - мамыры мәңгі есте сақталады. Өйткені, бұл күн - әлем фашистік құлдықтан құтылған күн[6].
1.2. Батыс Қазақстаннан шыққан батырлар
Батыс Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 76 мың адам аттанды. Соның 36 мыңы майдан даласында қалды. Оның біразының қайда жерленгені белгісіз. Осы соғыстағы соңғы жауынгер туралы мәлімет анықталғанға дейін бұл тарихтың парағын жабу мүмкін болмайтыны анық. Елбасымыз бүгінгі жетістігімізді аға буынның ерлігімен байланыстырады. Светлана Тенишева деген Оралдың тұрғыны Оралда туып өскен, артынан Башқұртстанға кеткен ұлты татар Абдулла Шагиев деген азамат та Кеңес Одағының Батыры атағын алғанын жазады. Сонда облысымыздан 41 батыр шығып тұр. Бұл біз үшін тағы бір мәртебе.
Таяуда 90 жасқа толған белгілі ғалым, майдангер Павел Букаткин екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қостанайлық Леонид Беда да Оралда тұрып, А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдап, Ақжайықтың аруына үйленгенін айтты.
Ал соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Бисен Жұмағалиев отты жылдарда Ленинград қаласы БҚО қамқорлығында болғанын мәлімдеді. Блокада кезінде ондағы әрбір тұрғынға беріліп тұрған 20 грамм нанға батыс қазақстандықтардың арқасында 25 грамм қосылған[7].
1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мына төменде беріліп отырған Кеңес Одағының Батыры атағын алған қандастарымыздың тізімі – соның айғағы:
Пернебай ДҮЙСЕНБИН, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
*** 1.АБДОЛОВ Михаил 1918 жылы Орал облысының Чапаев ауданындағы Бітік қыстағында малшы отбасында туған. Батыр атағына 1944 жылғы 7 қарашада Дунайдан өту кезіндегі ерлігі үшін ұсынылған.
23.3.1945. 2. АЙТҚҰЛОВ Сәлім 1913 жылы Орал облысының Жаңақала ауданындағы Мұқыр қыстағында туған. Кіші лейтенант. Батыр атағына 1943 жылғы 29 қыркүйекте Днепр үшін болған ұрыста көрсеткен ерлігі үшін ұсынылған.
13.9.1945 . 31. ЕСҚАЛИЕВ Сүндетқали(1924-1944). Орал облысының Бөрлі ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Могилев облысының Лидица деревнясы маңында болған шайқаста жау амбразурасын кеудесімен жауып қаза тапқан.
24.3.1945. 32. ЖАЗЫҚОВ Қожабай. 1920 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Лейтенант. Барлаушылар взводының командирі. Әр кезеңде жаудың 250 офицер, солдатын тұтқынға алған. Будапештегі жау тобын жойып, үлкен ерлік ісімен көзге түскен.
28.4.1945 . 33. ЖАҚСЫҒҰЛОВ Садық. 1924 жылы Орал облысының Жаңақала ауданында туған. Миномет бөлімшесінің командирі. Днепрден өту үшін болған ұрыста үлкен ерлік, батылдық көрсеткен.
22.2.1944. 34. ЖАНҰЗАҚОВ Абдулла (1918-1944). Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған. Автоматшы. Невель қаласы мен Глуховка елді мекенінде жанқиярлық ерлікпен көзге түскен. Батыс Двина өзенінен өту кезінде қаһармандықпен қаза тапқан.
22.7.1944. 35. ЖҮНІСОВ Мәжит (1917-1945). Орал облысының Жаңақала ауданында туған. Старшина. Автоматшы. Днепрден өту кезінде әскери басшылық тапсырмасын мүлтіксіз орындап, операцияның сәтті орындалуын қамтамасыз еткен.
15.1.1944. 57. МӘМЕТОВА Мәншүк (1922-1944). Орал облысының Орда ауданында туған. Аға сержант. Пулеметші. Невель қаласы үшін болған ұрыста ғажайып ерлік көрсетіп, қаза тапқан.
3.6.1944. 65. МАСИН Темір (1907-1947). Орал облысының Орда ауданында туған. Ұлы Отан соғысында қатардағы жауынгерден рота командиріне дейін көтерілген. Минск тас жолын жаудан қорғау кезінде үлкен ерлік жасаған. Бейбіт өмірде Тайпақ аудандық партия комитетінің хатшысы болып жүріп, 1947 жылы дала өртін өшіруде қаза тапқан.
10.1.1944 . 72. НИЕТҚАЛИЕВ Ерденбек (1914-1945). Орал облысының Жәнібек ауданында туған. Атты әскер эскадронының командирі. Майданда батылдығымен, көзсіз ерлігімен аты шыққан. Германияның Рацебур қаласы маңында болған шайқаста асқан ерлік көрсетіп, қаза тапқан.
24.3.1945 . 74. ОРАҚБАЕВ Есен. 1922 жылы Орал облысының Чапаев ауданында туған. Артиллерия училищесінің түлегі. Чехословакияны, Венгрияны жаудан азат ету операцияларында үлкен ерліктер көрсеткен.
25.8.1943 . 96. ХҰСАЙЫНОВ Ахмедияр(1924-1986). Орал облысының Орда ауданында туған. Қатардағы жауынгер. Мелитополь қаласын азат ету кезінде бір өзі 40 шақты жауды жойып, ерен ерлік көрсеткен[8].
II. Шергалиева Мария Степановна – батыр ана
2.1. Мария Степановнаның өмірі мен соғыста көрсеткен ерлігі
Шергалиева (Дмитриченко) Мария Степановна 1925 жылы 13 сәуірінде Белоруссияның Витебск облысы, Сурожский ауданы Трошки ауылында дүниеге келді.
Соғыс басталғаннан кейін бұл аймақ немістермен қоршалды. Мария анасымен, төрт бауырымен қоршалған аймақта қалды, ал әкесі соғыс басталғаннан-ақ фронтқа аттанып, 1942 жылы қаза тапты.
Сұм жау халыққа зорлық-зомбылық көрсетіп, аямай өлтірді. 1941 жылдың маусымынан 1943 жылдың көктеміне дейін Мария Степеновна қоршалған аймақта болды.
1943 жылдың көктемінде, Мария Степановна сияқты жасөспірімдердің барлығын немістің комендатурасына жинап, Витебск қаласына алып кетті, онда теміржол тауары дайын тұр. Оларды пойыздың жүк тиелген вагондарына отырғызып, қолдарына бір үзім нан береді, сөйтіп олар қайда бара жатқандарынан, еш хабарсыз кетеді. Оларды құлыптап жауып, күзетеді.
Межелі жерге жеткен соң, оларды жұмысқа әкелді, оларға лагерлік киімдер берді, әркімнің белгілі нөмірі болды. Әрбір жасөспірімнің сол жағында «Ost» деген жазу бар. Олардың қай жерде екенін, ешкім оларға айтпады. Тек соңынан ғана, аудармашылар арқылы өздерінің Польшадағы Дарина қаласында екенін біледі, оларды трактор мен жұмыс жасауға үйретеді. Мария Степановна бұл лагерде 1 жыл болады. Содан соң оларды Данцып қаласына жібереді. Данцып ол өте үлкен лагерь, онда 100-ге жуық жасөспірімдер болған. Олардың ұлттары әр-түрлі болған. Мысалы: орыстар, украиндар, белорустар, эстондар, литвалықтар. Поляктар, француздар, италяндықтар. Олар өздері білмейтін, бірзауытта жұмыс істеді. Бір аптаға 600 грамм нанды асханадан алады және түскі асқа сорпа береді.
1945 жылдың наурызының алғашқы аптасында лагерь комендаторына, барактардан тез шығып, сапқа тұруға бұйрық береді. Саптағы 50 адамды қала сыртына шығарады. Бір күн бойы жаяу жүріп, кешке жақын бір ауылдық жерге келеді, оларды 3 үйге бөледі. Тамақтану жақсы болмайды, оларға тек 100 грамм нан және ыстық су береді. Таңатпастан жұмыс істеуге жібереді. Жер қаздырады. Барлығы физикалық жағынан да, моральдық жағынан да өте қатты қиналады.
Бір күні барлық жерлер неміс әскерлері мен толып кетеді. Әскерлер көп болғаны соншалық, жүру мүмкін емес болады. Мария Степановна және қасындағы екі қыз бұл жағдайды пайдаланып орманға кетіп қалады. Орман ол жерден онша алыс болмады. Олар поляктар тұратын жерге жетеді. Олардан Қызыл армияның жақындап келе жатқанын біледі.1945 жылдың 8 наурызында қыздар Советтік армия әскерімен кездеседі. Келесі күні 1945 жылдың 9 наурызы күні Мария Степановна 22-ші әскери бөлімге жіберіледі.
Бұл әскери топ құрылысқа қажетті заттарды жасады. Бір көпір фашистер кесірінен жоқ болып, оны қайта тұрғызды.
Мария Степановна әскери тобы мен бірге Польша, Прибалтика да болды. Германия шекарасынан өтіп, Одер өзеніне «перепрова» салған. Жеңісті Мария Степановна Германияда қарсы алды.
Осы топта ол өз өмірлік жолдасы-Шергалиев Төребекті жолықтырды. Ол құпия штаб бөлімінде жұмыс істеді. Олар 1946 жылы отау құрды. Демобилизацияланған кейін, 1947 жылы олар жолдасының туған жері Ақжайық ауданына 2 айлық баласымен көшіп барады. Жолдасының жұмысына байланысты Шергалиевтар бір жерден екінші жерге көп қоныс аударды. Олар төрт баланы тәрбиелеп өсірді[9].
2.2. Мария Степановнаның мадақтамалары
Достарыңызбен бөлісу: |