Кіріспе Ғылыми жобаның өзектілігі



бет2/2
Дата01.12.2016
өлшемі3,62 Mb.
#2977
1   2








Қорытынды
Мария Степановна – біздің мектебіміздің ұстазы Шергалиева Светлана Туребекованың анасы. Қазіргі кезде ол Белес ауылында қызының қолында тұрады. Мария Степановна үшін мектеп есігі әрдайым ашық.

Біздің ауылымызға Мария Степановна 1963 жылдың сәуірінде көшіп келді. Мария Степановна 22 жыл бойы бас бухгелтер болды. Зейнеткер кезінде де жұмысын тоқтатпады.

Шын мәнінінде де Белес аулында тұратын соғыс ардагерлерін мақтан тұтуға болады. Біз оларды танып, мерекелік іс-шараларға, өз мектебізге, шақырып, оларды өз көзімізбен көріп, керемет әсерге бөленеміз. Оларды тек кітаптардан ғана оқып, білмейміз, олармен еркін сұхбат ала аламыз. Алайда, кейбір жандар қазір қасымыз да жоқ....

Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыс өртін тұтатушы фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанды. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 басталған соғыс 1418 күнге созылды. 27 млн адам қырылды, ал әр тәулікте 14 мың 104 адам, әр сағатта 588 адам, әр минутта 98 адам опат болды. Соғысқа дейінгі Қазақстанда тұрған 6, 2 млн адамның 1, 2 млн - ы майданға аттанды. Сонымен қатар 700 мың адам еңбек армияларында қызмет еткен. Осы соғыс кезінде 410 мың қазақ мәйіт болған. 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры және “Даңқ” орденінің толық иегері атанды. Оның ішінде 100ге жуығы қазақ.
Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. Жағадан алған дұшпаннан, етектен алған ит қауіпті. Ел үшін аянба - ерлігіңе сын. Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. Өліні қадірлемеген, тіріні құрметтемейді.

1945 жылы 30-сәуірдің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен жас офицер Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бегилдинов, Әлия Молдағұлова, мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, аналарымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кетті. Ер есімі - ел есінде! Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар мәңгі ұмытылмайды.

Елге қауіп төнбесін, Есен аман болайық

Енді соғыс келмесін, Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабағын шытпасын, Бақытқа жетіп бар адам

Сабилер тыныш ұйықтасын!



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: Энциклопедиялық жинақ.-Алматы: «Өнер», 2010. - 320 б.

  2. Оразбеков Н. Қарсыбай Сыпатаев. - Алматы:Жазушы, 1968.-27 б.; Момышұлы Б. Төлеген Тоқтаров. - Алматы: Жазушы, 1965.-32 б.; Момышұлы Б. Генерал Панфилов. -Алма-Ата: Казахстан, 1973. - 156 с.; Жұмақанов Ж. Әлия Молдағұлова. -Алматы: Жазушы, 1965. - 31 б.

  3. Героини войны. Очерки о женщинах-Героях Советского Союза. - М., Госполитиздат,1963. - 719 с.

  4. Әбішев Ғ. Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерлігі. - Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 39 б.

  5. Аманжолов К.А. Ерліктің жарқын беттері. - Алматы: Қазақстан, 1987. - 96 б.;

  6. Аманжолов К. Шайқаста шыңдалған достық. - Алматы: Мектеп, 1985. - 96 с.

  7. http://suhbat.xalhar.net/kaz/forum.php?mod=viewthread&tid=97383

  8. http://inform.kz/rus/article/2556746

  9. Мария Степановнаның өз аузынан айтқан естелігінен...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет