1.«Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі»
Адамзат тарихында үлкенді – кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жəне оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр.
Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді.
Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс
2. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым мен мәдениет»
Соғыс жағдайы ғылым мен мәдениеттің одан әрі өркендеуіне белгілі бір дәрежеде кедергі жасады. Алайда соғыс кезінің жағдайлары алға қойғанміндеттерді орындауға байланысты ғылымның кейбір ибағыттары шапшаң қарқынмен дами бастады. 1942 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдастырылды, соғыс жылдары онда 237 адам оқыды, 63 докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметкерлердің саны 1940 жылғы 152-ден 1945 жылдың аяғында 864-ке жетті. Олардың ішінде КСРО ҒА-сының академигі мен корреспондент мүшесі, 57 ғылым докторы, 184 ғылым кандидаты. ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы жүйесінде 600-ден астам ғылым қызметкер еңбек етті, олардың ішінде 34 ғылым докторы мен кандидиты болды.
1944 жылдың аяғында КСРО ҒА Қазақ филиалының құрамына 16 институт және 7 сектор жұмыс істеді, ғылым проблемаларының өрісі кеңіді. Зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы 11 есе көбейді. 1945 жылдың аяғына қарай Қазақстанда барлығы 75 ғылыми мекеме, лоборатория, тәжірбие станцилары бар еді. Соғыс жылдары халықшаруашылық және әскери маңызыбар 160-тан аса практикалық ұсыныс жасалынды.
1945 жылы қазанда құрылған Ұлттық Ғылым академиясы республиканың мәдени өміріндегі маңызы зор құбылыс болды. Мұнда ғылыми кадрлардың қалыптасуы мен ғылымның дамуында эвакуацияланған ғылыми күштердің көрсеткен көмегі айтарлықтай болды, ал бұл күштер аз емес еді: 20-дан астам ірі-ірі ғылыми-зерттеу институттары, солармен бірге акдемиктер И.И. Мещанинов, Л. И. Прасолов, А.С. Оролов, М.М.Завадский және басқа көрнекті ғалымдар бұл кезеде республикамызда тұрып жатқан. КСРО ҒА президент В. Л. Комаров бастаған аса көрнекті ғалымдар тобы осындай жұмыс істеді.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар Ж.Молдағалиев, Ә.Нүрпейісов, С.Мәуленов, Б.Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының моральдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ.Мүсірепов, F.Мұстафин, С.Мұканов, М.Әуезов сынды қазақ көркем проза шеберлері аянбай еңбек етті.
Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды, осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Жалпы концерттік ұйымдар 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. Алматыда Орталық біріккен киностудия «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және басқа да миллиондаған адамдардың азаматтық қалыптасуына, оларды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, адамдарды жеңіске үміттендірген ғажайып кинолар түсірді.
3.»Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру кезіндегі Қазақстанның үлесі.»
Достарыңызбен бөлісу: |