1 қазан- Қариялар күніне арналған «Қарияларын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара Қазақ биі Фанфар



Дата14.01.2020
өлшемі63,69 Kb.
1 қазан- Қариялар күніне арналған

«Қарияларын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара

Қазақ биі

Фанфар

1-жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар



2-жүргізуші: Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары



1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар!

2-жүргізуші: Ақ жаулықты аналар!

1-жүргізуші: Білімнің алтын діңгегін сыйлаушы ұстаздар қауымы!

2-жүргізуші: Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі қариялар күнімен құттықтаймыз. (бірге)

1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.

2-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарияларын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Мерекелік шарамыздың алғашқы құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Ергужиева Наталья Дүйсенқызына беріледі.

Ән: «Ана» Асылхан Сабина (8б сынып)

1-жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндеріне құлақ түрелік.

Тақпақтар: (шағын орталық)

Видеоролик

Хор: (шағын орталық)

2-жүргізуші: Тəрбиенің бастауы ыстық ұя ,
Біз құрақпыз, ата-ана бір дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы,ошаққасы,ол-жанұя.
1-жүргізуші: Том тарихты ақтарсаң Абай өскен,
Шаңырақтан жылылық желдей ескен.
Тəрбие мен бірліктің туы биік,
Татулық шықпасыншы үнемі естен, - дей келе отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары Серіковтар отбасын өз өнерлерімен ортаға шақырамыз.

Ән:

2-жүргізуші: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!



Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының, қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Ән: «Әкешім, анашым» Тельман Ақгүл (8г сынып оқушысы)

ӘН: «Қариялар»

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі, мектебіміздің ата-анасы Утегенов Еркін.

1-жүргізуші: Қария - даналық көзі. Сөзі өмірдің оғындай, ақылы терең, жүрегі кең қариялар қашан да ел мен елдің тыныштығын, ел ішіндегі татулықты сақтай білген. Қарты бар ауылдың берекесі, бірлігі бар. Қазақ халқында ақсақалды қарттарды, қарияларды - көптi көрген, ақыл тоқтаткан ел сыйлысы, қазынасы деп, қадiр тұтқан, қадiрлеген! Қандайда бiр дау-дамай туса, қандайда бiр iске ақыл-кеңес керек болса, осы қарияларға жүгiнген, олардың шешiмдерiне тоқтаған. Алысқа сапар шекседе, алдымен осы қариялардың алдынан өтiп, батасын алып аттанған. Сол кездегi аузы дуалы талай шешендер мен данышпан, данагөй қарттарымыздан қалган даналы сөздерi мен мәтелдерiнде қазiргi кезде ұмытпадық, ұмытпаймызда!

Терме «Ақбұлақ» (6ғ сынып оқушысы Медетұлы Нұржан)

ӘН: «Әке, ана» Саргөзиев Нұркелді (9 сынып)

ӘН: «Мен қазақпын» Эльдар, Баймұратова Ратмира

(«Айбын», «Ұлан», «Жас сарбаз», «Зерде»)

1-жүргізуші: «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан - ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағы бізді қорғады. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде жас ұрпақты патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс» - деген болатын. Алдарыңызда мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларынан құрылған «Айбын» әскери патриоттық клубы.

2-жүргізуші: Балалар мен жасөспірімдер арасында Жол қозғалысы ережесін сақтауды насихаттау, жол-көлік жарақатының алдын-алу жұмысын жандандыру мақсатында құрылған мектебіміздің «Ұлан» жол қозғалысының жас инспекторлары.

1-жүргізуші: Оқушылар мен жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру, әскери-патриоттық клуб жұмысын жолға қою мақсатында 2019-2020 оқу жылында құрылған 5 «и» сыныбының «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық балалар және жасөспірімдер республикалық қозғалысы.
2-жүргізуші: «Дарынды тұлға – халқымыздың ең қымбат байлығы» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы мектебімізде 2018-2019 оқу жылында мектебімізде «Зерде» дарындылар академиясы ашылып, «Жас қалам» гуманитарлық бағыт, «Эрудит» физика-математика жаратылыстану бағыты, «Шабыт» өнер бағытында өз жұмыстарын атқаруда, ортаға «Зерде» дарындылар академиясының Президенті Хайролла Исатайды және мүшелері жас ақынымыз Сайранов Рүстем мен Бақтығалиева Алтынарайды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Қазақта «елді қорғау - ердің ісі, ерді қолдау - елдің ісі» деген қанатты сөз бар. Тарихта қайсар мінезбен танылған елміз. Сондықтан да, жастарымызды жақсылыққа, отансүйгіштікке, қайсарлық пен батырлыққа тәрбиелейтін мұндай жобаларды іске асыруға бір кісідей атсалысуымыз қажет.

Барлығы бірге «Біз тәуелсіз елдің ұланымыз»

«Біз мәңгілік ел жастарымыз!»

1-жүргізуші: Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз - бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілеп сіздерден осы мектебіміздің қабырғасында білім алып жатырған оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.


БАТА

ӘН: Аманғали Ерасыл «Әке, ана» 5 сынып

1-жүргізуші:

Қымбатты да, қадірлі қариялар!

Ақылы асқан дариялар!

Қазіргі уақытта немере мен шөберенің қызығын қызықтап отырған асыл жандар. Өздеріңіздей әжелеріміз ертегі-аңыздарын, жыр-дастандарын айтып, немере-шөберелерін рухани жағынан сусындатса, аталарымыз ақ батасын беріп, өсиет-насихаттарын айтып отырса нұр үстіне нұр болар.



2-жүргізуші: Мектебіміздің оқушыларына қазақи салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, әдет-ғұрыптарымызды бойларына сіңірту арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Тағылым» әжелер клубы құрылған болатын. Алдағы уақытта әжелер клубы іспеттес, аталар клубын құру жоспарлануда. Құрматті ата-әжелер алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, әжелік, аталық асыл бақыт тілейміз. Өздеріңізге арнап дайындалған мерекелік тартуымыз осымен аяқталды. Ұзақ жасаңыздар! Біздерге ақылшы, кеңесші болып жүре беріңіздер!

Келесі кездескенше! Аман-сау болыңыздар!

47 жалпы орта білім беретін мектеп



1 қазан- Қариялар күніне арналған

«Қарияларын қадірлеген ел ардақты»

атты мерекелік шара

Дайындаған: А.К.Абдрахманова

Орал, 2019жыл

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет