1 хаттамасы қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т. Рысқұлов көшесі



Дата28.01.2018
өлшемі46,69 Kb.
#35046
Ережеге
                                                          8-қосымша

Шиелі ауданындағы қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы мониторинг жасау қызметін ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімінің

1 ХАТТАМАСЫ



Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

Шиелі кенті, Т. Рысқұлов көшесі,

6 үй, 2-қабат. 2015 жылғы 18 шілде 12 сағ. 40 мин.

(ашылу уақыты және күні)


(Дәлелді себептерге байланысты конкурстық комиссия құрамы сағат 10.00-де жұмыс орнында болмауына сәйкес конверт ашу уақыты 12 сағат 40 минутқа өзгертілді)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
Комиссия төрағасы Б.Н.Әбдіқадыров - «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

басшысы;


Комиссия төрағасының Б.Т. Шәкіртаев - «Шиелі аудандық ішкі орынбасары саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
Комиссия мүшелері Ф.Б.Камалова - «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің инспекторы;

К.М. Махашов - «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің инспекторы;

Е.С. Мухтаров - «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің инспекторы;
Комиссия хатшысы Г.Ә. Назарбаева - «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.

1. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 6 үй,


2-қабатта 2015 жылғы 18 шілде күні 12 сағат 40 минутта конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушіге берілді:




р/с

Әлеуетті өнім берушінің толық атауы

Әлеуетті өнім берушінің мекен-жайы

1.

«Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №4 үй sirmedia-ato@mail.ru

3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілер жоқ.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:

р/с

Әлеуетті өнім берушінің толық атауы

Әлеуетті өнім берушілердің мекен-жайы

Конкурстық өтінімнің берілу уақыты

1.

«Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №4 үй

14.07.2015ж. сағ. 15:22

ашылды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу кезiнде барлық қатысушыларға таныстырылған мыналарды қамтиды:
1. 77 парақтан тұратын «Сыр Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің конкурстық өтінімінде келесі құжаттар бар:

1) Конкурсқа қатысуға өтінім – 1 парақта;

2) Біліктілігі туралы мәліметтер (конкурстық құжаттамаға 6-қосымша) –
5 парақта;

3) Көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігі (конкурстық құжаттамаға


2-қосымша) – 5 парақта;

4) «Сыр Медиа» ЖШС құрылтайшысы Қызылорда облысы әкімдігі болып табылатындығы жөнінде анықтама – 1 парақта;

5) Пірімбетова Үрләйімге сенімхат – 1 парақта;

6) Қызылорда облысы әділет департаментінің жарғы капиталы жөнінде


К. Шарабадиновке жазған 21.11.2014ж. №3-7/ЗТ-Ш-379 хаты нотариалды куәландырылған – 5 парақта;

7) «Сыр Медиа» ЖШС жарғысының көшірмесі нотариалды куәландырылған – 8 парақта;

8) Заңды тұлғаның Қызылорда облысының әділет департаментінде
2012 жылғы 18 маусымда №407-1933-01-ОО нөмірімен мемлекеттiк тiркелгенi туралы анықтамасы қазақша, орысша – 2 парақта;

9) Заңды тұлғаның 2015 жылғы 31 желтоқсанға бухгалтерлік теңгерім есебі көшірмесі нотариалды куәландырылған – 6 парақта;

10) Банкінің алдында берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы – 1 парақта;

11) Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасының Қызылорда қаласындағы филиалын басқару жөніндегі берген сенімхаты – 9 парақта;

12) «Сыр Медиа» ЖШС 2015 жылдың 24 маусымдағы жағдай бойынша салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама – 5 парақта;

13) «Сыр Медиа» ЖШС ақпараттық талдау орталығы қызметкерлерінің жеке куәлік, диплом, сертификат, куәлік көшірмелері – 28 парақта;


Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылды.

5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде әлеуетті өнім беруші «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты ақпараттық-талдау орталығының Шиелі ауданы бойынша супервайзері Пірімбетова Үрләйім Садуақасқызы қатысты.


Конкурстық комиссияның жұмысы бойынша ұсыныстар, ескертулер мен шағымдар болған жоқ.

Комиссия төрағасы Б.Н. Әбдіқадыров
Комиссия төрағасының

орынбасары Б.Т. Шәкіртаев
Комиссия мүшелері Ф.Б. Камалова
Қ.М. Махашов
Е.С. Мухтаров
Комиссия хатшысы Г.Ә. Назарбаева
Конкурсқа қатысуға өтінімді өзгертуге (толықтыруға) ұсыныс жасалды:

1. Н. Жәлиевтің атына сенімхат немесе бұйрық көшірмесін қосымша тіркеу;



2. Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша көрсетілетін қызметтің техникалық ерекшелігін конкурстық құжаттамада көрсетілген 2-қосымшаға сәйкестендірілуін;

3. Аталған ұсыныстарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде толықтырып әкелу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет