Ақпарат құралдары арқылы көп тілді мәдени тұлғаның қалыптасуы Р. Е. Ордаханова магистрант Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік



Дата15.09.2017
өлшемі57,39 Kb.
Ақпарат құралдары арқылы көп тілді мәдени тұлғаның қалыптасуы

Р.Е.Ордаханова магистрант

( Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік

қыздар педагогикалық университеті)
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды толық мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

М.Әуезов


Аңдатпа: Қоғам өмірінің барлық жақтарының ғаламдану нәтижесінде білім беру жүйесінің алдына мәдени қарым-қатынас жасау міндеті қойылады. Ол үшін әрбір қазақстандық азамат, мамандар, студенттер білімді болуы тиіс. Өз елі мен оқып жатқан елдің тіл ерекшеліктерін дұрыс қолдана білуі қажет. Ақпарат құралдары адамзаттың күнделікті қарым-қатынас құралы болып отырғандықтан, оның тұлғаның мәдени қалыптасуына ықпалы зор.

Түйін сөздер: Қазақ әдеби тілі, әлеуметтік лингвистика, қоғамдық саяси лексика, ақпарат құралдары, қос тілділік.

Әдеби тіл тазалығы үшін күрес-тарихи процесс. Оның алғашқы белгілері «дала уәлаятының» және «Түркістан уәлаятының газеті» беттерінде көрініс берген сол кездің өзінде-ақ орыс тілі арқылы тілімізге кіре бастаған сөздерді аударып алу үрдісі қалыптаса бастаған.Бұл үрдіс кейінгі жарық көрген «Қазақ» газеттерінің беттерінде аса қарқынды дамыды.Бірақ қоғам дамуының осы бір құбылысы кез-келген тілдің қалыпты өмір сүру ырғағын бұзып,тілді тұтынушыларды,зерттеушілерді ойландырып отырған.Соның нәтижесінде тілдің әлеуметтік лингвистика саласы бой көтерді.Оның зерттеу объектісі- көбінесе мерзімді басылымдар мен түрлі ақпарат құралдарының (радио,теледидар) тілдері. Себебі бұл ақпарат құралдары қоғам мен әлеуметтік өмірдің атрибуттары саналады.Ақпарат құралдары арқылы тілімізге, қоғам мен саясатқа, ғылым мен техникаға байланысты жүздеген терминдер мен жалпы қолданыстағы сөздер еніп,лексикалық қорды сан жағынан молайтып жатады. Мұндай сөздердің табиғатын зерттеп,танып-біліп отыру-қазақ тіліне жанашыр әрбір адамның міндеті. Әдеби тіліміздің суреттеме және көркемдегіш құралдарын, сөз байлығын, олардың қыр-сырын білгеннен кейінгі мақсатымыз-сол әдеби тілде сөйлей де, жаза да білу;

әдеби тіл нормаларынан ауытқымау, оны көздің қарашығындай сақтау.

«Бөтен сөзбен былғанса сөз сарасы,-

Ол ақынның білімсіз бейшарасы», - деп ұлы Абай текке айтпаған. Сондықтан әдеби тіл заңдарын бұзып сөйлеу-сауатсыздық, мәдениетсіздік, тілдің қатынас құралының эстетикалық әсерін кемсіту, қатынас жасауды қиындату деп бағаланады.Әдеби тілде дұрыс сөйлеп,жаза білу үшін,бір жағынан,тілдің сөй байлығын жетік меңгеру қажет болса,екінші жағынан,тілдің суреттеме және көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білу керек;ол үшін тілде кейбіреулер қолданып қалатын «дайын», «кезекші» («штамп»)сөздерден аулақ болған жөн. Қазақша сөйлеп,жазғың келсе, -таза қазақша сөйлеп, жаза біл;қай тілде сөйлеп,жазғың келсе, -сол тілдің әдеби нормасын игеріп ал. Әдеби тілде дұрыс сөйлеп,дұрыс жаза білудің басты шарты-тілдің грамматикалық,лексикалық,фонетикалық, орфоэпиялық құралдарын жете меңгеру бүгінгі күн талабы.

Ақпарат құралдары адамзаттың күнделікті қарым-қатынас құралы болып отырғандықтан,оның адам тұлғасының қалыптасуына әсері зор. Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бұқаралық ақпарат құралдары:

а) оқылатын (визуальды) мерзімді басылымдар, ә) тыңдалатын (аудиальды-радио), б) әрі тыңдауға, әрі көруге болатын (аудио-визуальды-теледидар, деректі кино болып үш түрге бөлінеді. Бұлардың коммуникативті құрылымдарындағы кейбір айырмашылықтары болмаса, атқаратын функционалдық қызметтері ұқсас. Дегенмен де газет-журнал қазақ халқына ақпарат жеткізу саласы бойынша қызмет көрсету мен бірге ұлт тілі мен оның стилдік тармақтарын қалыптастырып,дамыту барысында баға жетпес істер атқарады. Публицистикалық стиль-өркениеттің тікелей жемісі. Ол арқылы тіліміз жаңа сапалық өзгеріске түсіп түлейді, оралымды, икемді бола түседі, бөтен тілден сөз қабылдау көбейеді,сонымен бірге қатаң, қатқыл қалыпқа да түсе бастайды. Баспасөзде тіл қызметінің ауқымы анық байқалады. Елдердің қоғамдық- саяси өмірінде алдымен қолданылатын тіл-мемлекеттік тіл екені баршамызға белгілі.

Қазақ тілінің мемлекеттік қызметін өз дәрежесінде атқарып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында жұмсалуы үшін қазіргі жағдайда тіл мамандары әлеуметтік лингвистикаға бетбұрыс жасап, мәселенің саяси мән-жайын жақсы меңгере алуы тиіс. Әлеуметтік лингвистика бүгінгі таңда пән аралық бағыт алуда. Өйткені,тіл мен әлеуметтік факторлардың арасындағы байланысты тану үшін, бір-біріне әсер ету себептерін ұғыну үшін тіл білімінің әлеуметтік лингвистиканың жетістіктерін пайдалану керек. Әсіресе, қоғамның құрылымы, әлеуметтік жағдай, тілдің қоғамдық қызметінің аясы,оның әлеуметтік рөлі, әлеуметтік нормасы сияқты ұғымдар тілдік заңдылықтардың табиғатын ашуда аз рөл атқармайды.Тілдің әлеуметтік тұрғыдан дифференциациялануында қоғамның әлеуметтік-психологиялық жүйесінің ықпалын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан әлеуметтік лингвистика табиғатын жете түсінуде ойлау, сана, сезім, қалып қажеттілік қызығушылық, мотив сынды ұғымдарды пайдаланудың маңыздылығы зор.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары саласында тілдің әлеуметтік қызметі ұлғайып, ықпалы күшеюде. Газет пен теледидар ақпарат жеткізудің көзі ғана емес, ол өзі жеткізіп отырған ақпаратына қалың оқырманды, көпшілікті сендіру мен сол көздеген мақсаты бағытында тәрбиелеу жүгін де қоса ала жүреді. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары- халықтың рухани, мәдени-саяси өмірінен ақпарат беретін, сол ақпаратты өз бойында жинақтаушы, сақтаушы ғана емес, тіл дамуынан, оның диалектикасынан нақты хабардар де аса қуатты құрал болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарында ауызекі сөйлеу тілі элементтері, диалектизмдер, термин сөздер қатары жиі ұшырасады. Қоғамдық саяси лексиканың аса өзгергіш, құбылмалы екендігі белгілі, әсіресе олардың бұл ерекшелігі бұқаралық ақпарат құралдарында айқын байқалады. Себебі қоғамдық саяси лексика бірліктері саяси өмірдің өзекті құбылыстарын, оқиғаларын таңбалайды. Оқиғалар мен жағдайлар өзгеріп, жаңарып, басқа сапаға ие болып отыратындықтан, газет лексикасында әр кезеңнің тынысы мен сөздер тобы да ауысып отырады. Яғни тіл де қоғаммен бірге үнемі өзгеріс пен даму үстінде болады. Қазіргі кезде қоғамдық лексика қатарына ақпарат құралдарында ағылшын тілі элементтері ене бастады. Мысалы: президент, вице премьер, спикер т.б. Әрине, мұндай сөздердің кейбірі газет беттерінде калькаланып, аударылып беріледі, кейбірі мағыналас сөздермен жарыса қолданылады. Мысалы: президент пен елбасы сөздерін алайық. Осы сөздердің жарыса қоланылып жүргеніне қарамастан, құқықтық дәрежесі бар мәтіндерде, ресми материалдарда ағылшын тіліндегі түрі сақталып президент сөзі қолданылады.

Ұлттың мәдениеті дамыған сайын халық өзге мәдениеттің үздік үлгілерін алуға соншама үйір болып келеді. Бұл жағдайда қостілділік, көптілділік, аударма ісі ерекше қызмет атқарады. Мәдениет тіл арқылы көрініс береді, тілге тікелей байланысты болады. Көптілділік – еңбек саласындағы қажеттілік. Ол – таным кілті, өйткені екінші тілді меңгеру- тілді, оны туғызатын халықты, оның дәстүрі мен тұрмысын білу.

Тіл-тарихи әлеуметтік құбылыс. Тілдің басты функциясы коммуникативтік. Тілсіз қоғам болуы мүмкін емес, қоғамнан тыс тіл болмайды. Қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама қажет. Әр адамның қоғамдағы барлық тілді білуі мүмкін емес, оның екінші тілді білуі күнделікті ұлтаралық қарым-қатынас жасау үшін өте қажет. Яғни Қазақстан үшін қостілділік пен көптілділікті дамыту- өмір шарты. Қостілділік ғажайып әлеуметтік құбылыс болып табылады. Қостілділік құбылысы қазіргі заманда жер жүзінде үздіксіз өріс алуда. Қостілділіктің қалыптасуы үшін қажеттілік болуы шарт. Ол қажеттілік 2 жолмен өтеледі; бірі-арнайы оқу,екіншісі-табиғи тілдік ортаның, ақпарат құралдарының әсері. Қорыта айтқанда, қазіргі кезде әр халықтың әлеуметтік мәдени дамуы- рухани мәдениет байлығына жақындай түсу, мәдениеттің дүниежүзілік қорын игеру болып табылады. Ұлттық мәдениеттің өркендеуі қостілділіктің дамуын қажет етеді.


Пайданылған әдебиеттер:

1) Б. Хасанұлы “Ана тілі-ата мұра”Алматы. Жазушы 1992

2) Б.Момынова «Газет лексикасы» Арыс баспасы 1999
Түйіндеме

Бұл мақалада тілдің ақпарат құралдары арқылы коммуникативтік мақсатта дұрыс қолданылуы туралы айтылады.



Summary

In this article is considered usage of foreign language on the communicative purposes through the Information technology.



Key words: Kazakh literary language, social linguistic, bi-lingual Information technology.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу