Тілдің грамматикалық жүйесі Мақсаты



Дата30.03.2018
өлшемі6,41 Kb.
  • Тілдің грамматикалық жүйесі
  • Мақсаты: тілдің ішкі (грамматикалық) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрылысының жүйесі туралы түсінік беру.
  • Жоспар
  • 1. Тілдің грамматикалық жүйесі туралы түсінік
  • 2.Сөзжасам және морфология
  • 3.Тілдің грамматикалық құрылымы
  • Грамматика– тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы. Оның екі саласы бар: морфология мен синтаксис.
  • Грамматика  — тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;
  • тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.
  • Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
  • Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр
  • басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың
  • бір – біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді. 
  • Грамматикалық негізгі бірліктер – морфема, сөз тіркесі және сөйлем.
  • Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл –
  • тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер
  • арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды
  • білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар.
  • Олар: афиксация тәсіл, сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.
  • Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі –
  • грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы
  • туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы
  • ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма
  • туралы ұғымдармен ұштасып жатады.

Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу