Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың ұлттық қолөнері
Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақтың қолөнері сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.Т.3. – Тұрмыстық –әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.
6.А.3 – Ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін ескеріп айту.
|
Сабақ мақсаты
|
Қазақтың ұлттық қолөнеріне қатысты жаңа сөздер мен тірек сөздерді атап көрсету, мағынасын анықтау.
Сұрақ қою арқылы тыңдалған мәтіннің негізгі ойын анықтау, тұрмыстық- әлеуметтік тақырыпқа хабарлы, лепті,сұраулы сөйлемдерді құрастыру.
Сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін ескеріп, ауызша мәтіндерде қолдану.
|
Бағалау критерийі
|
- тыңдалған мәтіндегі жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- сөйлем және оның түрлерінің интонациялық ерекшеліктері ережесін анықтайды, салыстырады;
- ауызша мәтін құрастыруда сөйлем және оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін ескереді;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды, түсінеді, мазмұнына сүйене отырып өз ойларын білдіре алады.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: ою-өрнек, сырмақ,бас, құрал-сайман, ер-тұрман, жиһаз, киімілгіш, әшекейлеген,түскиіз кесте...
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Ою-өрнек деген не? Оюдың неше түрі бар? Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?
|
Не себепті деп ойлайсыз: менің ойымша... сол себепті.... қазақ халқының қолөнерінің дамуы ... деп ойлаймын
|
Құндылықтарға баулу
|
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, білгенін қолдануға дағдыландыру, өмірде білімнің пайдасын түсіндіру.
|
Пәнаралық байланыс
|
Сабақтағы тапсырмалар дүниетану, жаратылыстану, тарих, география пәндерімен байланыса құрылған
|
Алдыңғы білім
|
Сөйлем және оның түрлерін еске түсіреді. Сөздер мен сөз тіркестері қатыстыра отырып сөйлем құрастыра біледі. Қазақ халқының ұлттық өнері, оның шығу тарихы туралы түсініктері бар.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы – 10мин.
|
Психологиялық ахуал.
"Шаттық шеңбері" әдісі
Жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру үшін оқушылар шеңбер бойында тұрады, бір-бір тілектер тілейді, суреттер арқылы мозайканы құрастырып топқа бөлінеді
топ. Үй жиһазы
топ. Сырмақ
топ. Ою- өрнек
|