Тапсырма: Сұрақтарға жауап бер.
Суреттерде не бейнеленген?
Суреттегі заттарды «өнер туындысы» деуге бола ма? не себепті?
Қолөнер бұйымдарына нелер жатады?
Қазақ қолөнерінің қандай түрлерін білесің?
Дескриптор;
Сөздікпен жұмыс жүргізу ұсынылады
(мұғалімнің жетекшілігімен):
сөздер
|
мағынасы
|
ою-өрнек
|
|
сырмақ
құрал-сайман
|
|
жиһаз
|
|
киімілгіш
|
|
әшекейлеген
|
|
түскиіз
|
|
кесте
|
|
ҚБ: "қосу,алу, қызықты"
|
топқа бөлуге арналған суреттер қиындысы, (мозайка)
Орыс тілінде білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық «Бәйшешек» /Ф.Оразбаева, Ж.Дәулетбекова, А.Рауандина, Р.Рахметова, А.Юсуп /Көкжиек-Горизонт, 2018.100 беттегі суреттер
|
Сабақтың ортасы –25мин.
|
Тыңдалым кезі тапсырмасы
"Өкіл" әдісі
Мақсаты: мәтінге тақырыптық талдау жасау,сұрақ қою арқылы негізгі ойды анықтау.
Тапсырма: Оқулықтағы мәтінді тыңда.
Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген.
Қазақ жерінде өмір сүрген сақтар мен массагеттер барлық затты әшекейлеген. Ол туралы Геродот: « олардвң барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Соғысқа қажет құралдары. Оқтары. Мен айбалталары мыстан жасалған. Баскиім,сәукеле,белдік, әшекейлері алтын-күмістен,асыл тастардан жасалған. Сондай-ақ ат абзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-тұрманы алтынмен әшекейленген» деп жазады.
Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек – Ұлы дала өркениетінің бір түрі.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қазақтар тұрмысқа қажет бұйымдарды неден жасаған?
Оларды қалай әшекейлеген?
Қазақ қолөнері туралы Геродот не деген?
ЖЖ. "Графикалық органайзер"әдісі
Мақсаты: Сұрақ қою арқылы тыңдалған мәтіннің негізгі ойын анықтау, тұрмыстық- әлеуметтік тақырыпқа хабарлы, лепті,сұраулы сөйлемдерді құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |