Осы конверттің ішінде тақырыпқа байланысты сөз тіркестер жазылған. Яғни оқушылар осы әріптерді жинап сөз тіркесін табу қажет. Бірінші болған команда қолын көтереді.
Анықталмаған интеграл
Анықталған интеграл
Трапеция ауданы
Яғни командалардың аттары осыған байланысты аталады. Топтрадың капитандарын тағайындау қажет. Капитандарға бағалау парақтары таратылады. Сабақ барысында капитандар топтағы барлық оқушыларға әділ бағалар қойып отырады. Нәтижесінде орташа есеппен бағалар қойылады. Нәтижесінде мұғалім топты бағалайды.
Оқушылардың жаңа материалды белсенді және саналы түрде игеруіне дайындығы
Бірлген командалар аттарына байланысты тапсырмалар берілед. Әр топтың алдында оқулықтар, анықтамалар, тірек конспектер орналасқан. Барлық керекті құралдарды пайдаланып келесі сұрақтарға жауап бері керек:
«Анықталмаған интеграл» тобына: Анықталмаған интегралдың формуласы, алғашқы функция, қасиеттері.
«Анықталған интеграл» тобына: Анықталған интегралдың формуласы, нақты аралықтары, формуласы.
«Трапеция ауданы» тобына тапсырма: трапеция анықтамасы, элементтері, трапеция ауданының формуласы, суреті
Жауаптар қабылданды капитандар бағалайды. Осының нәтижесінде осы үш тақырыптың байланысын таба білу қажет. Яғни егер біле алса жаңа тақырыптың атан біле аламыз.
Жаңа білімдерді игеру
Анықтама: Үзіліссіз, теріс емес f(х) функциясының графигімен, х=а, х=в түзулерімен, ол осімен шектелген фигура қисықсызықты трапеция деп атайды.
х=a, х=в түзулерінің кесінділері трапецияның табандары, S=Ғ(в)- F(а) қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу формуласы.
F-алғашқы функциялардың бірі,
S-қисықсызықты трапецияның ауданы.