5-сынып
Сабақ тақырыбы: Көп мағыналы сөздерден өткенді қайталау
Сабақ мақсаты: 1.Білімділік:
Көп мағыналы сөздерден алған білімдерін пысықтау,
жүйелеу,лексика туралы ұғымдарын кеңейту;
2.Тәрбиелік:
Жан-жақты білімді,елжанды,қоғамға лайықты жеке тұлға-
ны тәрбиелеу;
3. Дамытушылық:
Сөздік қорларын молайту,ойлау,есте сақтау қабілеттерін
арттыру,шапшаңдыққа төселдіру.
Сабақ түрі: қайталау
Сабақ тегі: білімді жүйелеу,бекіту сабағы
Сабақ әдісі: жаттығу,сұрақ-жауап,іздендіру
Сабақ көрнекілігі: оқулық,карточка,тест сұрақтары
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ жүрісі:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
II.Үй жұмысын тексеру
56-жаттығу.Ереже айту.
III.Оқулықпен жұмыс
57-жаттығу
Кең үй, кең көйлек, кең пейіл,кең бөлме…
Терезенің көзі,матаның көзі,ағаштың көзі…
Бас табақ, бас бармақ,бас құда…
Тас жол,тас құман, тас ғасыр…
Жас адам, жас шыбық, жас жеткіншек…
IV.Терме диктант
Мен аяғымның басына қарадым.Асан сөзінің аяғын айтпады.Қыстың аяғында қар қалың жауды.Сөреден қалың кітапты алдым.Сара қалың ойда отыр. Гүлнұрдың құлағындағы сырға жалт-жұлт етеді.Құлағын бұрап, домбырасының күйін келтірді.
V.Карточкамен жұмыс
1-карточка
Мына сөздердің тура мағынасын табыңыз.
1. тәтті ұйқы,тәтті қиял,тәтті…
2. ашық мінез,ашық әңгіме, ашық…
3. өткір ой,өткір мінез,өткір…
4. қалың ел, қалың ой, қалың…
5. қатты шу, қатты айту, қатты…
2-карточка
Берілген сөздерден көп мағыналы сөздер жасаңыз.
Бас, жұқа, қымбат, қою, алтын, сары, жуан.
3-карточка
Мына сөздерден ауыспалы мағынада тіркес жасаңыз.
Ауыр, қиын, жүрек, таяз, сұйық, құлақ, теріс.
VI. Өзіндік жұмыс
А.Құнанбаев « Күз »өлеңін жатқа оқу.
«Алтын күз» мәтін құрау.
VII. Тест сұрақтары
1.Ауыспалы мағыналы сөзді көрсетіңіз:
А. терең су
Б. жеңіл жүк
В. таяз түсінік
Г. ауыр кітап
Д. әдемі көйлек
2.Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз:
А. бұлақтың көзі
Б. матаның көзі бар
В. көз – адамның дене мүшесі
Г. ашық мінез
Д. өткір көз
3.Лексика нені зерттейді?
А. сөйлем мүшелерін
Б. сөз мағынасын
В. сөз таптарын
Г. сөз тіркесін
Д. дыбыстарды
4. Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз:
А. анық
Б. дәптер
В. бас
Г. терезе
Д. қария
5. «Қисық »сөзінің тура мағынасын табыңыз:
А.қисық мінез
Б. қисық ағаш
В. қисық сөз
Г. қисық ой
Д. қисық пікір
6. Қай сөзде лексикалық мағына жоқ?
А. бата
Б. баба
В. бабе
Г. баға
Д. бала
7. Көп мағыналы сөзі бар сөйлемді табыңыз:
А. Самат үйге келді.
Б. Саламат тізімнің аяғында тұр.
В. Бауыржан кітап оқыды.
Г. Балалар далада ойнап жүр.
Д. Мұғалім тапсырма берді.
VIII. Бекіту сұрақтары
1. Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
2. Туынды мағына дегеніміз не?
3. Тура мағыналы сөздерге мысал келтіріңіз.
IX.Үйге тапсырма
58,60-жаттығулар.Ауыспалы мағыналы сөздерді қатыстырып мәтін құрау.
X. Бағалау.
Күні: 22.10 сынып: 5 қазақ пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Антонимдердің қолдану аясы.
Сабақтың мақсаты. 1.Антонимдердің ерекшілігі, олардың қолданыс аясы мен мәні туралы білім алуға жағдай туғызу. 2. Өздігімен жұмыс жасау қабілеттерін, керек материалдарды таңдай білуді дамыту. 3.Пәнге сүйіспеншілік баулу.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
(сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру, дәптерді тарату)
ІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.
1.Тест жұмысы:
1. Антонимдердің анықтамасын тап.
Мағыналары жуық өзара мәндес сөздер
Мағыналары қарама-қарсы сөздер.
Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер.
2.Жұптар арасында антонимдік жұпты анықта:
Ұзын-қысқа, әдемі-ұсқынсыз, тәртіпті-тұрпайы.
Сабырлы, салмақты, байыпты, жуас, момын.
Әдепті, жуан, дос, құрбы, сабақ, есім.
3.Антонимдік жұбы бар мақал-мәтелді анықта:
Қыз туса елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Жүз теңгең болғанша жүз досың болсын.
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
4.Антонимдік жұбы жоқ мақал-мәтелді тап:
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар.
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Әкесіне қарап ұл өсер, шешесіне қарап қыз өсер.
5.Антонимдік жұптарының мағынасына қарай түрлерін тап:
Болымды – болымсыз сыңарлары.
Тұрақты – тұрақсыз сыңарлары.
Еркін-тұрақты сыңарлары.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
Дәптерде жұмыс:
1 - Тапсырма: берілген сөйлемдерді сипатта, ішінен антонимдік жұптарды анықта. Олардың қолдану ерекшелігін түсіндір.
Көз – қорқақ, қол – батыр, жақсы ұл сүйік, жаман ұл - күйік. Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет. Дос- жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады.Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді.
2 – тапсырма. Ұсынылған жұптардың сипатын айтып бер, қарама-қарсы мағыналарын анықта.
Ит өлген жер
|
Арасына қыл өтпес
|
Ит пен мысықтай
|
Аузында сөз тұрмау
|
Ат ізін суытпау
|
Аяқ тастам жер
|
Тіс жармау
|
Ат ізін суыту
|
3 – тапсырма: Ұсынылған сөздердің қарама – қарсы мағыналарын анықта:
Жақын –
Әдемі –
Сыпайы –
Жоғары –
Көп –
Кеш –
Құрғақ-
Қуанды –
ІҮ. Бекіту Оқулықпен жұмыс. №
Ү. Үйге тапсырма беру: ереже, №
ҮІ.Қорытынды, бағалау.
Күні. 28.10
Сынып: 5 қаз.
Тақырыбы: Табу сөздердің мәні.
Мақсаты: 1.Табу сөздердің мәні мен ерекшелігі туралы білім беру.
2. Табу сөздерді үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
3. ұлттық салт-дәстүрді үйрету арқылы оқушыларды әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайлылыққа баулу.
Көрнекілік: кеспелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет (шешендік өнер)
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ Үй жұмысын тексеру.
№103, 45 бетте ереже және тыйым сөздер.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Тапсырмаларды орындау (карточкаларды тарату)
«Кеш» – сөзінің синонимдік қатарын жалғастыр
Көп мағыналы қатарды жалғастыр:
Адамның құлағы –
Үйдің кілті –
Жұмыстың аяғы –
3)Омонимдік мағыналарын анықта:
Айт: 1) 2) Тамақ: 1) 2)
4)Антонимдік жұптарды толықтыр:
Қиын- , ашық - , рұқсат - . (осы мысалмен тақырыпқа шығу)
Табу сөздер дегеніміз не? Оның тәрбиелік мәні неде?
ІҮ. Тақырыпты бекіту.
Шешендік өнер туралы шағын ақпарат беру. Жиренше шешен туралы сөз қозғап, оның сөз үлгілерімен таныстыру:
(Мәтін мәнерлеп оқылады, балалар бұл мәтіннің бүгінгі тақырыпқа қатысын анықтайды)
Бір жолы қырғыз Қызылым қарт Жиреншеге кездесіп қалып:
- Шешен, сізден сұрайтын бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідір жоғалттым. Осыған құлақдар болыңызшы, - дейді. – Жарайды, - дейді Жиренше шешен. – Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз. – Он бес жас - құйын қуған желмен тең, жиырма бес - дауыл ұрған перімен тең, отыз бес - ағып жатқан селмен тең, қырық бес - аю аспас белмен тең, жетпіс бесте көңілің жермен тең, сексенде селкілдеген шал боларсың. Тоқсанда толық миің ортаға түсер. Жүзде дүниеден күдерін үз, өлмесең де өліден кем боларсың, - дейді. - Әттеген-ай, өзіме жиырма бестегі жігіттей едім, көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер-ақ сұраған екенмін, деп сонда Қызылым қарт жантая кеткен екен.
Балалар, осы мәтінде тыйым сөздерді табыңдар (оқушылар тауып оқиды, оның мәнін түсіндіреді)
Жазба бөлігі : оқушылар мәтіннен тыйым сөздерді теріп дәптерлеріне жазады.
Құпия сөйлеу (тындалым бөлігі)
(Осында балаларға қыз бен жігіттің құпия сөйлегені туралы халық ауыз әдебиетінен мәтін оқылады) балалар өз ойларын ортаға салады.
Ү. Рефлексия. Оқушыларға сұрақ-жауап арқылы сабақта алған білімдерін ортаға салады, жан-жақты толықтырады.
ҮІ. Үйге ережелерді қайталау, жатжазуға дайындалу.
ҮІІ. Сабақ аяқталды.
№4
Күні: 21.11.12 сынып: 5 қазақ пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Фразеология.Тұрақты тіркестер.
Сабақтың мақсаты. 1.Тұрақты сөз тіркестері туралы білім алуға жағдай туғызу. 2. Өздігімен жұмыс жасау қабілеттерін, керек материалдарды таңдай білуді дамыту. 3.Пәнге сүйіспеншілік баулу.
Көрнекілік: тапсырмалы карточкалар, ребустар, «Фразеологиялық сөздік», «Тұрақты теңдеулер сөздігі»
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
(сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру, дәптерді тарату)
ІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.
Сұрақтармен жұмыс. Ережені сұрау.
Тақырыпты бекіту. Тапсырмалар орындау.
Тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері.Сыңарлары тұтасып бір ғана мағына береді. Мысалы: Тас бауыр – қатыгез.
Қоян жүрек – қорқақ. Қыздың жиған жүгіндей – ұқыпты. Т.б.
Тұрақты тіркестердің өзіне тән белгілері:
Орын тәртібі қатаң болады;
Бір тұтас мағына береді;
Шығу тарихы болады;
Сөйлемде бір сөйлем мүшесі болады.
(Олар өзара антоним, синоним, омоним бола алады.)
ІІІ. Бекіту.
№110 Тазша бала, Ер Төстік, Аяз билердің мінездемесін құра. Оларды жасауда тұрақты сөз тіркестерін қолдан.
№111. Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін теріп жаз.
Ұялған тек тұрмас, үш ұйықтаса түсіне кірмейтін, Су сепкендей басылды, екі көзі жер сүзіп, құмға сіңген судай, сөзінің аяғын жұтып. (мәнін түсіндіру)
№112 (мұғалім көмегімен ауызша)
Ребустар шешу
ІҮ. Үйге тапсырма беру: ереже, №113,114
Ү. Қорытынды бағалау
Күні: 23.11.12 сынып: 5 қазақ пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер ерекшелігі.
Сабақтың мақсаты. 1.Тұрақты сөз тіркестері туралы білім алуға жағдай туғызу. 2. Өздігімен жұмыс жасау қабілеттерін, керек материалдарды таңдай білуді дамыту. 3.Пәнге сүйіспеншілік баулу.
Көрнекілік: тапсырмалы карточкалар.
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
(сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру, дәптерді тарату)
ІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.
Сұрақтармен жұмыс. Ережені сұрау.
Тақырыпты бекіту. Тапсырмалар орындау.
5 сынып, фразеология бойынша тапсырмалар.
1 – тапсырма:
Сыңарын тап.
Танауынан бұқа өткен
|
Ұрысу, балағаттау
|
Уысында ұстады
|
Ұятсыз
|
Ала көзімен атты
|
Батыр
|
Ит терісін басына қаптау
|
Өзіне бағындырды
|
Беті қалың
|
Жек көрді
|
2 – тапсырма.
Турақты тіркестің синонимдік жұбын анықта:
Жүрегінің түгі бар
|
Кежегесі кейін тарту
|
Басына бақ қонған
|
Түр десе түрі бар, ой десе ойы бар
|
Ақ саусақ
|
Аузын бұған өгіздей
|
Діні қатты
|
Алақанына қарға тышқан
|
Дымын шығармау
|
Танаунан бұқа өткен
|
Беті ақ тауықтың қанындай
|
Аузы алты қарыс
|
3 –тапсырма.
Антонимдік жұпты құрастыр:
Бармағын тістеді
|
Діні қатты
|
Мінезі жеңіл
|
Қоян жүрек
|
Табалдырығын тоздыру
|
Қылышынан қан тамған
|
Ақ көңіл
|
Төбесі көке жетті
|
Тойған қозыдай
|
Аті зін суыту
|
Танауынан бұқа өткен
|
Мінезі ауыр
|
4 – тапсырма
Артық сөзді тап:
Мінезі ауыр, қытығына тию, сыр шерту, әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала; құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру, тасы өрге домалау, досы көпті жау алмайды.
ІІІ. Үйге тапсырма беру. №121, 122.
ІҮ. Қорытынды, бағалау.
Күні: 26.11
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Фразеологизмдердің антоним, синоним, омонимдермен байланысы.
Мақсаты: Фразеология бойынша алған білімдерін ары қарай жалғастыру, олардың синонимдермен, антонимдермен, омонимдермен байланысын түсінуге жағдай туғызу.2. Ойлау қабілетерін дамыту.
3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар. «Фразеологиялық сөздік», «Тұрақты теңдеулер сөздігі»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.№
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Фразеологизмдердің мағыналық жағынан қарам-қарсы, біртектес, ұқсас сыңарлары бар. Мысалы: қоян жүрек – жүрек жұтқан бұл антонимдік жұп болады; немесе айдай сұлу, бетіне қан тамған тіркестерін алсақ олар синонимдік жұпты құрап тұр. Немесе кейбір тұрақты тіркестер тура мағынада жұмсалатыны бар. Сонда олар омонимдік мағынаға ие болады.
ІҮ. Бекіту.
Тапсырмаларды орындау:
1.Артық сыңарды тап:
Ит өлген жер, Ит арқасы қиянда, Түйенің тұяғы түскен жер, Түйенің танитыны жапырақ.
Бетінен қақты, етегінен тартты, Жүрегінің түгі бар.
2. Антонимдік жұпты құраңдар:
Жібі түзу
|
Қолы ашық
|
Пейілі тар
|
Танауынан бұқа өткен
|
Көзі алақанындай болу
|
Қызыл өңеш
|
Иненің көзіндей
|
Дәм-тұзы жарасты
|
Ит пен мысықтай
|
Ақ саусақ
|
Антонимдік сыңарын анықта:
Тойған қозыдай
|
|
Ат ізін суытпау
|
|
Су татиды
|
|
Су жұқпас
|
|
Қанды балақ, тіл үйіреді, жібі түзу, ат ізін суыту, сікесі су көтермейді, маңдай алды.
3. Тіркестердің омонимдес мағыналарын анықта:
Тілі қышыды
Қолын тартты
4. Жаттығуларды орындау №
Ү. Үйге тапсырма беру: ереже, №
ҮІ. Қорытынды, бағалау.
Күні: 26.11
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 – қазақ сыныбы
Тақырып. Фразеологизмдердің антоним, синоним, омонимдермен байланысы тақырыбына арналған дидактикалық материал.
1.Артық сыңарды тап:
Ит өлген жер, Ит арқасы қиянда, Түйенің тұяғы түскен жер, Түйенің танитыны жапырақ.
Бетінен қақты, етегінен тартты, Жүрегінің түгі бар.
2. Антонимдік жұпты құраңдар:
Жібі түзу
|
Қолы ашық
|
Пейілі тар
|
Танауынан бұқа өткен
|
Көзі алақанындай болу
|
Қызыл өңеш
|
Иненің көзіндей
|
Дәм-тұзы жарасты
|
Ит пен мысықтай
|
Ақ саусақ
|
Антонимдік сыңарын анықта:
Тойған қозыдай
|
|
Ат ізін суытпау
|
|
Су татиды
|
|
Су жұқпас
|
|
Қанды балақ, тіл үйіреді, жібі түзу, ат ізін суыту, сікесі су көтермейді, маңдай алды.
3. Тіркестердің омонимдес мағыналарын анықта:
Тілі қышыды
Қолын тартты
Күні: 28.11
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Фразеологиялық сөздік.
Мақсаты: Фразеология бойынша алған білімдерін ары қарай жалғастыру мақсатында «Фразеологиялық сөздік» жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік тудыру.2. «Фразеологиялық сөздік жөніндегі алған білімдерін тәжірибеде қолдана алу біліктерін қалыптастыру.
3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар. «Фразеологиялық сөздік»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
. Фразеологиялық сөздік тұрақты тіркестердің жүйеленіп, алфавит тәртібімен берілген түрі. Бұл сөздікте фразеологизмдердің мағынасы, онан кейін әдебиетте берілген мысалдары беріледі. Кейде фразеологизмдердің шығу төркіні, ерекшеліктері беріледі.
1977 жылы Ісмет Кеңесбаевтің 10 мыңнан фраза жинақталған «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» шықты. Бірақ оған қазақ тілінің мақал-мәтелдері, қанатты сөздері енген жоқ.
Фразеологиялық сөздіктегі фразалардың берілу тәртібін байқау үшін І.Кеңесбаевтің сөздігінен үзінді беріледі.
Сонымен Ісмет Кеңесбаев – қазақ фразеологиясының негізін қалаған ғалым. Сонымен бірге оқушыларға «Казахский язык. Страноведение через фразеологизмы.» Р.Д. Қарымсакова, Г.Н.Смагулова. Алматы, «Жібек жолы» 1997 жылы шыққан атты таныстыру қажеттілік. Осында авторлар қазақ тұрақты тіркестерінің орыс тілде анықтамасы мен шығу тарихына көп көңіл бөледі.
ІҮ. Бекіту.
Сөздік жатжазу: Қой аузынан шөп алмас, жүрегінің түгі бар, егіз қозыдай, адам жылқы мінезді, құлан таза жазылу, аш қасқырдай талау, айрандай ұйыған, тонның ішкі бауындай, уызында жарымады, сары қымыз, тонын айналдырып кию.
Тапсырма: фразеологиялық сөздіктен мағынасын табу; екі-үш сөйлем құрастыру.
2.жаттығу жұмыстарын орындау.№
3. Сөздік құрау жұмыстары /топпен жұмыс/
Ү. Үйге тапсырма беру: сөздікті аяқтау, ереже, №
ҮІ. Рефлексия
ҮІІ. Бағалау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
І.Кеңесбав, «Фразеологиялық сөздік»
Айтбай Ағыбайұлы, «Қазақ тілінің лексикологиясы», Алматы, 2004 жыл.
3.«Казахский язык. Страноведение через фразеологизмы.» Р.Д. Қарымсакова, Г.Н.Смагулова. Алматы, «Жібек жолы» 1997 жылы
Аты-жөні:
5 сынып, фразеология бойынша тапсырмалар.
1 – тапсырма:
Сыңарын тап.
Танауынан бұқа өткен
|
Ұрысу, балағаттау
|
Уысында ұстады
|
Ұятсыз
|
Ала көзімен атты
|
Батыр
|
Ит терісін басына қаптау
|
Өзіне бағындырды
|
Беті қалың
|
Жек көрді
|
2 – тапсырма.
Турақты тіркестің синонимдік жұбын анықта:
Жүрегінің түгі бар
|
Кежегесі кейін тарту
|
Басына бақ қонған
|
Түр десе түрі бар, ой десе ойы бар
|
Ақ саусақ
|
Аузын бұған өгіздей
|
Діні қатты
|
Алақанына қарға тышқан
|
Дымын шығармау
|
Танаунан бұқа өткен
|
Беті ақ тауықтың қанындай
|
Аузы алты қарыс
|
3 –тапсырма.
Антонимдік жұпты құрастыр:
Бармағын тістеді
|
Діні қатты
|
Мінезі жеңіл
|
Қоян жүрек
|
Табалдырығын тоздыру
|
Қылышынан қан тамған
|
Ақ көңіл
|
Төбесі көке жетті
|
Тойған қозыдай
|
Аті зін суыту
|
Танауынан бұқа өткен
|
Мінезі ауыр
|
4 – тапсырма
Артық сөзді тап:
Мінезі ауыр, қытығына тию, сыр шерту, әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала; құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру, тасы өрге домалау, досы көпті жау алмайды.
Күні: 2.12
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні.
Мақсаты:1. Мақал – мәтелдер – халық ауыз әдебиетінің ажырамас бір саласы, эстетикалық тәрбиесі өте зор екені туралы білім беру.2.Мақал-мәтелдер арқылы туған жерге, ата-анаға, досына т.б. құрмет, сезімін баулып, қадірін білуге үйрету.3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
Ребуспен жұмыс. Ребусты шешіп, оның жұмбақталып берілген тұрақты тіркесін табады; мәнін ашады. Ережесін шығарады.
Карточкамен жұмыс жасау.
1 – тапсырма.
Мақал –мәтелдердің жалғасын тап. Бір мақалмен сөйлем құра.
Бір құмалақ бір ....... ; Алтау алау болса.......; Ойнап сөйлесең де.....; түлкінің қызылдығы......; Балапан ұясында не көрсе........; Жүз теңгең болғанша......; Досы көпті.......; Әдепті бала арлы........; Денсаулық зор....... ; Қыз туса – елдің......... .
2-тапсырма. Мақал мәтелдің сыңарын тап.
Оқу білім бұлағы
|
Білімді мыңды жығады.
|
Әзіл айтсаң да
|
Жігіттің екі сөйлегені - өлгені
|
Аз сөз - алтын
|
Әділ айт
|
Еменнің иілгені- сынғаны
|
Білім – өмір шырағы
|
Бойы аласа болса да
|
Көп сөз - көмір
|
Білекті бірді жығады
|
Жемісі тамаша
|
3 – тапсырма: ребуспен жұмыс. Шыққан ребустың тақырыбын ашу, сөйлем құрау.
4 – тапсырма. Мақал –мәтелдің тақырыптарын анықта (ауызша)
Отан – оттан да ыстық; Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі; Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді; Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді; Ұрлық – түбі қорлық; Қыз балаға қырық үйден тию.
ІҮ. Үйге тапсырма:
Ереже, жаттығу жұмыстары №
Ү. Рефлексия.
ҮІ. Бағалау.
5 қазақ сыныбына арналған
Мақал- мәтелдер тақырыбы бойынша дидактикалық
материал.
1 – тапсырма.
Мақал –мәтелдердің жалғасын тап. Бір мақалмен сөйлем құра.
Бір құмалақ бір ....... ; Алтау алау болса.......; Ойнап сөйлесең де.....; түлкінің қызылдығы......; Балапан ұясында не көрсе........; Жүз теңгең болғанша......; Досы көпті.......; Әдепті бала арлы........; Денсаулық зор....... ; Қыз туса – елдің......... .
2-тапсырма. Мақал мәтелдің сыңарын тап.
Оқу білім бұлағы
|
Білімді мыңды жығады.
|
Әзіл айтсаң да
|
Жігіттің екі сөйлегені - өлгені
|
Аз сөз - алтын
|
Әділ айт
|
Еменнің иілгені- сынғаны
|
Білім – өмір шырағы
|
Бойы аласа болса да
|
Көп сөз - көмір
|
Білекті бірді жығады
|
Жемісі тамаша
|
3 – тапсырма: ребуспен жұмыс. Шыққан ребустың тақырыбын ашу, сөйлем құрау.
4 – тапсырма. Мақал –мәтелдің тақырыптарын анықта (ауызша)
Отан – оттан да ыстық; Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі; Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді; Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді; Ұрлық – түбі қорлық; Қыз балаға қырық үйден тию.
Күні: 5.12
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің өзара ұқсастығы мен өзгешілігі.
Мақсаты:1. Мақал – мәтелдер мен фразеологизмдердің өзара ұқсастығы мен ерекшелігі ажырата білуге жағдай туғызу. 2.Мақал-мәтелдер арқылы туған жерге, ата-анаға, досына т.б. құрмет, сезімін баулып, қадірін білуге үйрету; өздік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар, өздік тапсырмалар (карточкалар)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
1) Өздік тапсырмалармен жұмыс.
1.Ақпаратпен таныс! Есіңде сақта.!
Қазақ халқының мақал-мәтелдерін алғаш зерттеп, қағаз бетіне түсірген Шоқан Уәлиханов болды. Екінші зерттеуші Ыбырай Алтынсарин болды. Ол 1879 жылы шыққан «Қазақ-қырғыз хрестоматиясы» кітабында алғаш рет жинақ етіп бастырған.
2)Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек етіп жаз. Астыңғы бағанға айырмашалаған жаз.
Заманына қарай бөркіңді ки; Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ; күйгелек ат арық; өнер алды қызыл тіл; Дос жылатып айтады, дұшпан күліп айтады; Оқу – инемен құдық қазғандай; Мал өсірсең қой өсір – өнімі оның көл-көсір; ағайын тату болса мал көп, абысын тату болса ас көп.
Мақалдар:
|
Мәтелдер:
|
|
|
Ерекшелігі:
|
Ерекшелігі:
|
3)Берілген үлгілерден мақал-мәтелдерді бір бөлек, фразеологизмдерді бір бөлек жаз, өзгешелігін анықта:
Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас; Тайға таңба басқандай; Сабыр түбі сары алтын; Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат; Түйенің танитыны – жапырақ; Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді; Ескі жараның аузын қасыма; Құр алақан келді; Ит пен мысықтай.
Мақал-мәтел
|
Фразеологизмдер
|
|
|
Өзгешелігі:
|
Өзгешелігі:
|
4)Тест жұмысы:
1.Мақал-мәтелдерді алғаш зерттеген ғалымды тап:
Ыбырай Алтынсарин
Шоқан Уалиханов
Ісмет Кеңесбаев.
2.Мақал-мәтелдералғаш рет қай кітапта бастырылған:
«Қазақ-қырғыз хрестоматиясы»
Мөлдір бұлақ.
Мақал-мәтелдер жинағы.
3.Қазақ фразеологизмдерді алғаш жинақтап зерттеген ғалымның атын табыңдар:
Ш.Уәлиханов.
Ісмет Кеңесбаев.
Жұбан Молдағалиев.
4.Қазақ фразеологиялық сөздігі алғаш рет қай жылы бастырылған:
1977 жылы
1997 жылы
1980 жылы
5.Мақалдардың өзіне тән емес белгісін тап:
Тура мағынада келеді.
Шығу тарихы болады.
Құрамында көбінесе екі сөйлемнен тұрады.
6.Мәтелдердің өзіне тән белгісін тап:
Тура мағынада келеді.
Шығу тарихы болады.
Тұспал, ишарат түрінде келеді.
7. Тұрақты тіркестің мақал-мәтелден айырмашылығын тап:
Тұтас бір мағына беріп, шығу тарихы болады.
Тәрбиелік мәнде жұмсалады.
Тұспал, ишарат түрінде келеді
8.Мақал-мәтелдер тақырыптарын ата.
ІҮ. Үйге тапсырма:
Ереже, жаттығу жұмыстары №
Ү. Рефлексия.
ҮІ. Бағалау.
5 қазақ сыныбы. Лексика.
Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің өзара ұқсастығы мен өзгешілігі тақырыбы бойынша дидактикалық материал.
1.Ақпаратпен таныс! Есіңде сақта.!
Қазақ халқының мақал-мәтелдерін алғаш зерттеп, қағаз бетіне түсірген Шоқан Уәлиханов болды. Екінші зерттеуші Ыбырай Алтынсарин болды. Ол 1879 жылы шыққан «Қазақ-қырғыз хрестоматиясы» кітабында алғаш рет жинақ етіп бастырған.
2)Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек етіп жаз. Астыңғы бағанға айырмашалаған жаз.
Заманына қарай бөркіңді ки; Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ; күйгелек ат арық; өнер алды қызыл тіл; Дос жылатып айтады, дұшпан күліп айтады; Оқу – инемен құдық қазғандай; Мал өсірсең қой өсір – өнімі оның көл-көсір; ағайын тату болса мал көп, абысын тату болса ас көп.
Мақалдар:
|
Мәтелдер:
|
|
|
Ерекшелігі:
|
Ерекшелігі:
|
3)Берілген үлгілерден мақал-мәтелдерді бір бөлек, фразеологизмдерді бір бөлек жаз, өзгешелігін анықта:
Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас; Тайға таңба басқандай; Сабыр түбі сары алтын; Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат; Түйенің танитыны – жапырақ; Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді; Ескі жараның аузын қасыма; Құр алақан келді; Ит пен мысықтай.
Мақал-мәтел
|
Фразеологизмдер
|
|
|
Өзгешелігі:
|
Өзгешелігі:
|
4)Тест жұмысы:
1.Мақал-мәтелдерді алғаш зерттеген ғалымды тап:
Ыбырай Алтынсарин
Шоқан Уалиханов
Ісмет Кеңесбаев.
2.Мақал-мәтелдералғаш рет қай кітапта бастырылған:
«Қазақ-қырғыз хрестоматиясы»
Мөлдір бұлақ.
Мақал-мәтелдер жинағы.
3.Қазақ фразеологизмдерді алғаш жинақтап зерттеген ғалымның атын табыңдар:
Ш.Уәлиханов.
Ісмет Кеңесбаев.
Жұбан Молдағалиев.
4.Қазақ фразеологиялық сөздігі алғаш рет қай жылы бастырылған:
1977 жылы
1997 жылы
1980 жылы
5.Мақалдардың өзіне тән емес белгісін тап:
Тура мағынада келеді.
Шығу тарихы болады.
Құрамында көбінесе екі сөйлемнен тұрады.
6.Мәтелдердің өзіне тән белгісін тап:
Тура мағынада келеді.
Шығу тарихы болады.
Тұспал, ишарат түрінде келеді.
7. Тұрақты тіркестің мақал-мәтелден айырмашылығын тап:
Тұтас бір мағына беріп, шығу тарихы болады.
Тәрбиелік мәнде жұмсалады.
Тұспал, ишарат түрінде келеді
8.Мақал-мәтелдер тақырыптарын ата.
Тест аяқталды.
Күні: 7.12
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Сөздік қор.
Мақсаты:1. Сөздік қор, оның жаңа сөз тудыруға негіз болатыны туралы білім беру. 2.Сөздің құрамы , оған байланысты жаттығу жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар, өздік тапсырмалар (карточкалар) , қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
1) Өздік тапсырмалармен жұмыс.
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер.
Залыммен жақын болсаң басың кетер. – бұл сөйлемше қай түрге жатады, залыммен – сөзіне лексикалық талдау жасау.
І. Залым – жауыз адам.
ІІ.Антоним – мейірлі, ақкөңіл.
Синоним – жауыз, қаныпезер, арам, тасбауыр, оңбаған.
Омоним- 1.Қу, сұмырай. 2.Жауыз, қанішер.
Тұрақты тіркес – тас бауыр.
Эвфемизм – аяусыз, тасбауыр.
ІІІ. Сөздік қорға жатады.
Сөздік қор дегеніміз түбір күйде тұрып, жаңа сөздер жасауға дәнекер болатын қазақтың байырғы сөздерін айтады.
ІҮ.Бекіту.
Жаттығу жұмыстарды жасау. №
Ү.Үйге: ереже, №
ҮІ.Рефлексия.
ҮІІ. Бағалау.
Күні: 12.12
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Сөздік құрам.
Мақсаты:1. Сөздік қор, оның жаңа сөз тудыруға негіз болатыны туралы білім беру. 2.Сөздің құрамы , оған байланысты жаттығу жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар, өздік тапсырмалар (карточкалар) , қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою. 2.Тақырыппен жұмыс.
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығын сөздік құрам дейді. Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер енеді. Қаза тілінің ғасырлар бойы жинақталған байырғы сөздері, кірме, жаңа, терминдер, көнерген, кәсіби т.б. сөздер жатады.
Сөздік құрамындағы сөздер қолдану аясына қарай актив және пассив қатарына бөлінеді. Сөздік құрамындағы сөздер қатары үнемі жаңарып тұрады.
Сөздік құрамының ең басты белгісі оны байырғы төл сөздер құрайды.
ІҮ. Бекіту.
Жаттығулар орындау.
№145. Жаттығудағы сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрау.
№146 ( ауызша) тапсырма бойынша.
№144. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Ү.Үйге тапсырма беру. Ереже, №143.
ҮІ.Рефлексия.
ҮІІ.Бағалау.
Күні: 14.12
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Көнерген сөздер..
Мақсаты:1. Көнерген сөздер, олардың тарихилығы туралы білім беру. 2.Көнерген сөздер туралы , оған байланысты жаттығу жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар, өздік тапсырмалар (карточкалар) , қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
Көнерген сөздер қоғамның даму кезеңінде қолданыста болып, содан соң қолданыстан шығып кеткен сөздерді айтады. Көнерген сөздер екі топқа бөлінеді.
Көнерген сөздер
архаизмдер
Историзмдер
Архаизмдер – ескіріп, бүгінде қайтадан қолданысқа енген сөздер.
Историзмдер – тарихта қолданыста болып, бүгінде қолданыстан мүлдем шыққан сөздерді дейді.
ІҮ. Бекіту.
Суретпен жұмыс
Суреттегі көне киім-кешек пен жазуларды көру, сипаттау.
Жаттығу жұмыстарды отындау.
№151, 152,153.
Ү. Үйге: ереже, №155,156.
ҮІ. Рефлексия. ҮІІ. Бағалау.
Күні: 14.12
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Жаңа сөздер..
Мақсаты:1. Жаңа сөздер, олардың ерекшелігі мен шығу тегі туралы білім беру. 2. Жаңа сөздер туралы , оған байланысты жаттығу жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар, өздік тапсырмалар (карточкалар) , қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
1.карточкамен жұмыс (қайталау)
Берілген мысалдардың тегін анықта, олардың ережесін жаз. №1
Әдемі, сұлу, көрікті, ажарлы
Үлкен, дөкей, дәу, нөн
|
|
Әдемі – ұсқынсыз, ақылды – топас, жақын – алыс, жуас – асау.
|
|
Ұлыма, маңырама, ерке жігіт, сылқым жігіт, тентегім.
|
|
Хан, болыс, би, уәзір, ханшайым, патша.
|
|
Берілген мысалдардың тегін анықта, ережесін жаз. №2
Ат – 1.есім, 2.жануар, 3.әрекет.
Ара – 1.жәндік, 2.қол ара, 3.қашықтық
|
|
Бәйбіше, имам, мешіт, намаз.
|
|
Қырт, өсекші, боқмұрын, ұры, пысқырма.
|
|
Кеде, зейнетақы, саяжай, сапаржай, әуежай, ермексаз, үнқағаз т.б.
|
|
Сонымен жаңа сөздер дегеніміз не?
Сөздік қорға жаңадан енген сөздерді жаңа сөздер дейді. Олар екі түрлі жолмен пайда бола алады: 1) қоғамның дамуына байланысты пайда болса, 2)тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тіліміздің кірме сөздерінің орны қазақша баламамен ауысатынына байланысты туады.
ІҮ. Бекіту
Жаттығулар орындау. №166. Мәтіннен жаңа, көнерген сөздерді теріп жаз, олардың мағыналық ерешелігін анықтау, ережесін шығару.
№167. Мәтіннен тақырыпқа сай сөздерді табу, олардың жасалуына көңіл бөлу.
Талдау жұмыстары : күймесінен, патшайымның – құрамдық талдау жаса.
Ү. Үйге тапсырма беру: ереже, №165.
ҮІ. Рефлексия.
ҮІІ.Бағалау.
Берілген мысалдардың тегін анықта, олардың ережесін жаз. №1
Әдемі, сұлу, көрікті, ажарлы
Үлкен, дөкей, дәу, нөн
|
|
Әдемі – ұсқынсыз, ақылды – топас, жақын – алыс, жуас – асау.
|
|
Ұлыма, маңырама, ерке жігіт, сылқым жігіт, тентегім.
|
|
Хан, болыс, би, уәзір, ханшайым, патша.
|
|
Берілген мысалдардың тегін анықта, ережесін жаз. №2
Ат – 1.есім, 2.жануар, 3.әрекет.
Ара – 1.жәндік, 2.қол ара, 3.қашықтық
|
|
Бәйбіше, имам, мешіт, намаз.
|
|
Қырт, өсекші, боқмұрын, ұры, пысқырма.
|
|
Кеде, зейнетақы, саяжай, сапаржай, әуежай, ермексаз, үнқағаз т.б.
|
|
Күні: 23.12
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Жалпылама лексика
Мақсаты:1. Жалпылама лексика, оның ерекшелігі мен құрамы туралы білім беру. 2. Жалпылама лексика туралы , оған байланысты жаттығу жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар, өздік тапсырмалар (карточкалар) , қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Шығармалары, ребустары, жаттығу жұмыстары.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
Теориялық түсініктеме: Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама лексика дейді. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды айтады. Мысалы: су, ауа, тамақ, үй, нан, мал, жеу, көру, жүру т.б.
Жалпылама лексикаға тән сөздер өздерінің тура мағынасында жұмсалады.
Жалпылама лексикаға жататын сөздер жалпы халыққа түсініктілегімен, анықтығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Олар әдеби тілдің негізгі қоры болып табылады.
ІҮ.Бекіту.
№170 Жалпылама лексика сөздік қорға әлде сөздік құрамға жатады?
№171.Сөздерді мағынасына қарай топ-тобына бөліп жазыңдар.
Лексикалық талдау жасаңдар.
Ү. Үйге тапсырма беру.
Ереже. Талдау жұмыстары
ҮІ. Рефлексия, бағалау.
Күні: 29.02
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Буын үндестігі.
Мақсаты:1.Буын үндестігі, оның ерекшелігі мен заңдылығы туралы білім беру. 2. Буын үндестігі, оның ерекшелігі туралы , оған байланысты жаттығу жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: ребустар, өздік тапсырмалар (карточкалар) , қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Ереже, жаттығу жұмыстары №
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
1.Мақсат қою; 2.Тақырыппен жұмыс.
Теориялық түсініктеме:
Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атайды. Үндестік заңына сай қазақ тілінің байыгғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Мысалы: баға, таға, ана, барыс, намыс, егіз.
Жуан, не жіңішке дауысты дыбыстар мынандай сөздерде араласып келеді:
Басқа тілдерден енген сөздерде: кітап, мұғалім, математика, қино.
Біріккен сөздер мен қос сөздердің ара жігінде: аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс.
Буын үндестігі бойынша сөздің соңғы буынына сәйкес қосымшалар не жуан, не жіңішке болып жалғасады.
ІҮ. Бекіту: жаттығу жұмыстарды жасау:
№314: берілген сөздерді екі бағанға жуан, не жіңішкелігіне қарап ажырат.
№315: мәтіндегі кірме сөздердің жалғану ерекшелігіне қарап, ерекшелігін анықта.
№316. Нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшір.
Талдау жұмыстары: жұмсақ – ФТ, суық – ЛТ, қабырғалар – МТ.
Ү. Үйге тапсырма беру: ереже, №232.
ҮІ. Қорытынды, бағалау.
Күні: 12.03
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 қазақ
Тақырып. Жатжазу. «Баянауыл»
Мақсаты:1.Фонетика тарауы бойынша алған білімдерін, оларды тәжірибеде қолдана алу біліктерін тексеру; 2. Өздік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.. 3. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жасау, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Жазылым бөлігі.
«Баянауыл»
Баянауылға біз күн түске тармаса жеттік. Оның сыртқы жобасы Бурабайға ұқсас. Бурабайдың төбесінен төмен түскен қарағайлы қалың орман етегі арқылы жазық далаға кең жайылып кетеді. Баянның орманы алысқа ұзап бармайды. Бурабайдың сексен көлінің бәрі жыныс орманмен жиектеле қоршалған. Баянның ығындағы атақты Сабанды көлдің айналасы жалаңаш. Бурабайда кең шалқар көп. Баянда ондай көлдер үшеу-ақ: Сабындыкөл, Жасыбай, Торыайғыр. Торыайғыр көлінің жағасында қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қабірі бар.
(Сәбит Мұқанов)
Тапсырма:
І нұсқа.
1.Фонетика дегеніміз не, оның шығу тегі мен зерттеу объектісі.
2.Буын және оның түрлері.
3. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда. Баянауылға – сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
ІІ нұсқа.
1. Үндестік заңы және оның түрлері.
2. төбесінен, төмен, Торыайғыр, қазақтың – сөздерінде үндестік заңын тап, түрін анықта.
3.Баянның орманы алысқа ұзап бармайды – сөйлемді сөйлем мүшелерін қарай талда. Бармайды сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.
ІІІ. Қорытынды. ІҮ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |