Тақырыбы Сөздік қор. Қазақтың байырғы төл сөздері. Мақсаты



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі0,74 Mb.
#20437
  1   2
5 «ә» сынып

Пәні: Қазақ тілі (ҚМЖ)

Пән мұғалімі:Ш.Қ.Есалиева

Тақырыбы

Сөздік қор. Қазақтың байырғы төл сөздері.


Мақсаты

Оқушыларға қазақ тілінің сөздік қор туралы түсінік беру.

Міндеттері

1. Қоғам көрсеткіші сауатты оқушы екеніне көзін жеткізу;

2. Сөздік қорын, тіл байлығын байыту, сөзді орнды, ұйқасымды қолдануға баулу

3. Еркін сөйлей білуге, өз ойларын таза, еркін жеткізе білуге дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже

Жаңа тақырыпты өз бетінше игереді.

Сөздік қорға жататын сөздердің ерекшелігін үйренеді.

Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып мәтін құра білуге дағдыланады.


7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Венн диаграммасы. «Зымыран сұрақтар». «Автор орындығы».Топтық жұмыс


Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук



Блум таксаномиясы

7 модуль

Ресурстар

Сабақтың мазмұны:

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс -әрекеті




Жас ерекшклігіне байланысты оқыту

Топтастыру

Психологиялық тренинг өткізу.

Топтарға бөлу



Түрлі түсті қағаздардың сәйкестігіне байланысты топтарға бөлініп, таңдаған түсіне сәйкесті партаға барып отырады. Әр түске анықтама бере отырып, қызығушылықты ояту.

Жасыл түс – бастаған іске сәттілік түсіп түр.

Сары-сабақта белсенділік көрсетеді.

Қызыл түс-ынтымақтастық атмосферасын құруға дайын.

Көк түс - шығармашылық




Диалог





Қызығушылық

ты ояту. Топ ережесін жасату.



Оқушылар бір-бірімен ақылдасады.Ортақ ереже жасайды. Ұстануға сенім білдіреді.

Білу

Сыни ойлау АКТ


Салыстыру . Венн диаграммасы. «Зымыран сұрақтар»

Үй тапсырмасын сұрау, талқылау, өткен тақырыптарды пысықтау, жинақтау.

1 –тапсырма. Топтық жұмыс

Мақал мен мәтелді салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады.



2- тапсырма. Зымыран сұрақтар

1-топ.

1.Лексика нені зерттейді?

2.Сөздің тура, ауыспалы мағыналары дегеніміз не?

3.Көп мағыналы сөздер қандай сөздер?

4. Мәтін дегеніміз не?

2-топ.

1.Синонимдер қандай сөздер?

2.Антонимдер дегеніміз не?

3.Табу дегеніміз не?

4.Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы.

3 – топ.

1. Тұрақты тіркестерге тән белгілер қандай?

2.Әдеби тіл деген не?

3.Эвфемизм қандай сөздер?

4.Мәтін құрылысы

4-топ

1.Дисфемизм дегеніміз не?

2.Мақал мен мәтел деген не?

3.Тұрақты сөз тіркесі деген не?

4. Омонимдер дегеніміз не?

Түсіну



Сын тұрғысынан ойлау

Оқыту, нұсқау стратегиясы

Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында төмендегі атауларға мысалдар жаздыру.

Ой қозғау мақсатында «Сөз дегеніміз не?», «Сөздік қор» деген не? сұраққа жауап береді.

 1)Oқушыларға төмендегі атауларға мысалдар жазыңдар.

      1) Туыстықты білдіретін атаулар:ата,ана,аға  т.б

      2)Мал атаулары: жылқы,түйе,сиыр,қой   т.б

      3)Табиғат құбылыстары: күн,ай,жел,тау   т.б

      4) Aң – құс атауы:бүркіт,түлкі,қасқыр,аю   т.б

      5)Заттардың түрін,сапасын білдіретін атаулар:аң,ауыр,жылы

      6)Қимыл -  қозғалысты білдіретін атаулар:кел,бар,айт  т.б

      7)Анотомиялық атауы:бас,қол,көз,мұрын  т.б

      8)Тамақ атаулары:ет,сүт,айран,қымыз   т.б

     10)Сан атаулар:бір,екі,үш,жеті   т.б

     11)Есімдіктер: мен, сен,біз,ол,кім?,не?   Т.б  




Қолдану



Оқулықта берілген жаттығулар бойынша жұмыс жасау




Мәтінен сөздік қорға кіретін сөздерді тапқызу. Тірек сөздердің сөздік қорға жататыны, жатпайтынын дәлелдету.

1,2 – топ. Оқулықпен жұмыс. 138 – жаттығу.

1.Мәтінен сөздік қорға кіретін сөздерді тауып, жазу..

3-4 – топ.139- жаттығу.

М.Қашқари нелер туралы жазғанын айтыңдар.

Мәтіндегі тірек сөздерді сөздік қорға жатқызуға болама? Себебін түсіндіріңдер.Осы атаулар қазіргі тілімізде қолданылады ма? Мысалмен дәлелдеңдер.


Талдау









Батаның ішінен омоним,синоним,

антоним бола алатын сөздерді тапқызу.




140 – жаттығу.

а)Мәнерлеп оқу.Батаны әсерлі етіп тұрған не нәрсе?

Батаның ішінен омоним,синоним,антоним бола алатын сөздерді тауып,жазу

Жас – көздің жасы,адамның жасы – омоним

Жас – кәрі – антоним 

Қол – адамның қолы,қол жинау – омоним 

Асау – асау  ат,асау сезім – омоним 

Асау – жуас – антоним



Жинақтау


Дарынды және талантты.






Жаңа тақырыпты пысықтау.

Оқушылар топ ішінде бірігіп сөздік қорға жататын сөздерді пайдаланып, ақылдасып эссе жазады. Белсенді оқушы айтып қорғайды.

«Автор орындығы»
1 – топ «Мейірімді ана»

2 - топ «Дастархан басында»

3- топ «Нағыз дос»

4-топ «Үлгілі оқушы»



Бағалау

Деңгейлеп оқыту

Деңгейлік тапсырма

Әр оқушы конверттен өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай тапсырма алады.

Қызыл түс –бағалы, Көк түс-құнды, сары түс – құны төмен



Жеке жұмыс

Оқушылар өз мүмкіндіктерін сынап көреді. Тапсырамның күрделісін орындаймын деген оқушы қызыл конертті алады. Жауап береді. Қызыл – 5 ұпай. Көк түс – 4 ұпай. Сары түс – 3 ұпай.






Оқыту үшін бағалау

Табыс өлшемі

Формалды емес бағалау түрін қолданамын.

Оқушылар өздерін бағалайды.


Қызыл түс тапсырмасы. І нұсқа


  1. Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.

А)Күн сәулесі нұрын шашады.

В) Терезеден күн түсіп тұр.

С)Күнсіздерге күн болған.

D)Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.

Е)Кешегі күн ыстық еді.

2.“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім.


B) Биік тау.
C) Биік ой.
D) Биік тұлға.
E) Биік сөз.

3.Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің. 


B) Қисық. 
C) Болса. 
D) Ағайынға. 
E) Өкпелеме.

4.Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз.

A) Затты атап білдіретін мағынасы.


B) Бір келкі дыбысталып айтылатын сөз.
C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы.
D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы.
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы.

5.Омонимдес сөзді көрсетіңіз.

A) Гүлнәр мектепке барды.


B) Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
E) Айгүл – зерек оқушы.

6.Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.

A) Қара.
B) Ірі.


C) Сары.
D) Осал.
E) Қас.

7.Антонимі бар қатарды белгілеңіз.

А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.

B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.

С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.

D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.

E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.



8.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.

B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.

C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.

D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.

E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.



9.Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.

А) Мағыналары жақын сөздер.

В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.

D) Заттың атын білдіретін сөздер.

Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.



10.«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз.

А) Антоним сөздер.

В) Омоним сөздер.

С) Синоним сөздер.

D) Қыстырма сөздер.

Е) Қаратпа сөздер.



Қызыл түс тапсырмасы. ІІ нұсқа
1.Антонимдерді анықтаңыз.

А) Биік - аласа.

В) Әдемі - сұлу.

С) Жаман - нашар.

D) Ұстаз - оқытушы.

Е) Қайратты - жігерлі.



2.«Үлкен» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Биік.


В) Қысқа.

С) Жаман.

D) Кіші.

Е) Сұлу.


3.«Ұзын» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Биік.


В) Қысқа.

С) Аласа.

D) Төмен.

Е) Қара.


4.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын белгілеңіз.

А) Синоним сөздер.

В) Біріккен сөздер.

С) Қысқарған сөздер.

D) Омоним сөздер.

Е) Антоним сөздер.



5.Мақалдың жалғасын табыңыз.

Қыстың қамын ...

А)Ойлау керек.

В)Қыста жина.

С)Күн сайын еске түсір.

D)Жазда ойла.

Е)Атадан үйрен.

6.Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

А) Антоним.

В) Омоним.

С) Затесім.

D) Синоним.

Е) Етістік.



7.Синоним бола алатын сөзі бар қатарды анықтаңыз.

А) Жаман, жақсы.

В) Үлкен, кіші.

С) Шәкірт, оқушы.

D) Ерте, кеш.

Е) Бүгін, ертең.



8. «Қайратты» сөзіне синоним бола алатын қатарды белгілеңіз.

А) Күшті, батыл.

В) Өнерлі, өнерпаз.

С) Сыпайы, мейірімді.

D) Келбетті, сымбатты.

Е) Жаман, нашар.



9.Антонимді табыңыз.

Жоғары – төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.

А) Ұшып тұрса.

В) Үйрек - қаз.

С) Жоғары – төмен.

D) Ұшып тұрса сымпылдап.

Е) Үйрек – қаз ұшып.



10.Антонимді белгілеңіз.

Алдымен істің ақ-қарасын ажыратып алу қажет.

А) Алдымен.

В) Ақ-қарасын.

С) Алу қажет.

D) Ажыратып алу.


Қызыл түс тапсырмасы .ІІІ нұсқа

1.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

A) Бұлақтың. 
B) Көзін. 
C) Ашу. 
D) Игі. 
E) Іс.

2.Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Сүт таңертең ұйып қалды.


B) Оң қолым ұйып қалды.
C) Әңгіме ұйып тыңдалды.
D) Олар сүттей ұйып отыр.
E) Сүттей ұйыған жанұя.

3.Омонимдес сөздерді көрсетіңіз.

A) Шапан, келін.


B) Алты, жеті.
C) Арықтан суару.
D) Кел, оқып отыр.
E) Бәрі, тегіс.

4.Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.

A) Күшті, мықты.


B) Шелдену, қоңдану.
C) Бағалы, құнды.
D) Әлді, қарулы.

E) Қайратты, қажырлы.



5.“Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Зерігу, құмар болу.


B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, ішпысу.
E) Ығыр болу, көңіліқалу.

6.Омоним сөзді көрсетіңіз.

А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.

B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.

С) Мөңкенің үйі таңатқанша кісіден құр болмады.

D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.

E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.



7.Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек – өмір ажары.

B) Жақсы ұл – елдің туы.

C) Айна – айна емес, халық- айна.

D) Көпке күл шашпа.

E) Мал сақтама, ар сақта.



8.Синоним болатын қатарды табыңыз.

А) Еріншек, сараң.

B) Ауыл-аймақ, ағайын.

C) Күйзелу, сүйсіну.

D) Келемеждеу, мазақтау.

E) Тоңу, шаршау.



9.Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.

А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.

B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.

C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.

D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.

E) Ағайын бір өлі де, бір тірі де.



10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мұғалім – ұстаз.

В) Биік – аласа.

С) Ерте - кеш.

D) Жарық - қараңғы.

Е) Терезе - есік.



Қызыл түс тапсырмасы .ІҮ нұсқа
1.Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

А) Антоним.

В) Омоним.

С) Затесім.

D) Синоним.

Е) Етістік.



2.Синоним бола алатын сөзі бар қатарды анықтаңыз.

А) Жаман, жақсы.

В) Үлкен, кіші.

С) Шәкірт, оқушы.

D) Ерте, кеш.

Е) Бүгін, ертең.



3. «Қайратты» сөзіне синоним бола алатын қатарды белгілеңіз.

А) Күшті, батыл.

В) Өнерлі, өнерпаз.

С) Сыпайы, мейірімді.

D) Келбетті, сымбатты.

Е) Жаман, нашар.



4.Антонимді табыңыз.

Жоғары – төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.

А) Ұшып тұрса.

В) Үйрек - қаз.

С) Жоғары – төмен.

D) Ұшып тұрса сымпылдап.

Е) Үйрек – қаз ұшып.



5.Антонимді белгілеңіз.

Алдымен істің ақ-қарасын ажыратып алу қажет.

А) Алдымен.

В) Ақ-қарасын.

С) Алу қажет.

D) Ажыратып алу.

Е) Істі ажырату.



6. Лексика нені зерттейді?
А) Тіл дыбыстарын
Б) Сөйлем мүшелерін
В) Сөз таптарын
Г)Тілдегі сөздердің жиынтығын

7. Тура мағынада тұрған сөзді көрсет
А) Күннің көзі
Б) Адамның көзі
В) Бұлақтың көзі
Г) Иненің көзі

8. Омоним болатын сөзді тап
А) Салқын
Б) Арық
В) Тәтті
Г) Көркем

9. Синонимдік қатарды тап
А) Ақ,қара

Б) Халық,жұрт
В) Бала,мұғалім
Г) Сезім ,шежіре

10. Мағыналары қарама-қарсы сөздерді не дейміз?
А) Синоним
Б) Омоним
В) Антоним
Г) Көп мағыналы сөз

Тақырып: Лексика

Сынып: 5

Реті


І нұсқа ІІ нұсқа

1C B


2B A

3B C


4D B

5C D


6C C

7A A


8B D

9 A E


10 C A

11A D


12 D C

13 B A


14 B C

15 E B


Әдебиет. 5-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Зәмзәм

Білімділік мақсаты: ислам діні,имандылық жөнінде білімдерін кеңейту.

Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптас-

тыру.Білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: имандылыққа,Алланы тануға,ислам шарттарын

білуге,адамгершілікке,сыйластыққа,елжандылыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: түсініп оқу,сөз астарына үңіліп,мағынаны түсіну,

түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға

жетелеу.Ойларын еркін жеткізе білу және қиялын

дамыту.Шығармашылық ізденісін арттыру.



Көрнекіліктер: интербелсенді тақта,слайд суреттер, «Зәмзәм»

интернет роликтері,үлестірмелі материалдар.



Тақырыпты ашу үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары:

топтастыру,«Өрнекті ара», «Жинақтау»кестесі,

«Жұлдызды жауын» ойыны, «Жүйрік жады» ойыны,

«Таразылау»кестесі, «Шартараптан»ойыны.



Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,тарих,математика.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.а).Оқушыларды түгелдеу.

ә).Зейінін сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Сыныпты 4 топқа бөлу: «Иман», «Сенім»,

«Сабыр»,«Ақиқат».

Үйге «Сымайыл»әңгімесі берілген.Оқушылардан түсінігін сұрау.



Жоспары:

1.Ибраһим-Сара-Ажар арасы.

2.Ибраһим бала үшін Ажарға үйленуі

3.Өмірге бала келуі.

4.Қызғаныш.

5.Ибраһим Алланың әміріне бойсұнуы.



«Жұлдызды жауын»ойыны арқылы сұрақтар жаудыру.Интербелсенді тақтада біртіндеп жұлдыздар ашылып,сұрақтар шығады:

1.Алла кім?

2.Құранда неше сүре бар?

3.Адамды Алла қалай жаратты?

4.Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?

5.Сымайыл өмірге қалай келді?

6.Сара қандай сезімде болды?

7.Ибраһим неге Сара өтінішін орындады?

Үй тапсырмасын қорыту.

ІІІ.Жаңа сабақ.Зәмзәм. «Өрнекті ара»әдісі бойынша жаңа тақырыпты оқушыларға бөліп беремін,сол бойынша түсінік шығады.Өзім толықтырып түсіндіремін. «Зәмзәм»жөнінде толық мәлімет беремін.

Жаңа сабақ жоспары:

1.Ибраһим Аллаға тәуекелін берік ұстауы.

2.Ажар тағдыр тауқыметіне сабырмен көнуі.

3.Бала шырылы.

4.Алланың шексіз мейірімі.

Сымайылдың өкшесінен су шығып жатқан Б.Байділдаевтың суретіне тоқталу. Оқушылардың ойын білу.

Сөздік: Зәмзәм – зәм-зәм(араб) –жиыл-жиыл,тоқта-тоқта.

Интербелсенді тақтада картадан және глобустан Мекке мен Мәдинаны көрсету.Мекке,Қағба және Зәмзәм суреттеріне шолу жасау.

Төрт топқа: «Жинақтау»кестесі.

Ибраһим

Сара

Ажар

Сымайыл

Пайғамбар.

Бала сүйді.

Алланың әмірін

орындады.

Шариғат заңымен

жүрді.


Аллаға шүкіршілік етті.

Ибраһим әйелі.

Бала көрмеді.

Қызғанды.

Қорланды.

Күйеуін үгіттеді.

Айтқанын орындатты.



Күң.Кейін

Ибраһим әйелі.

Ұлды болды.

Елсіз жерде қалды.

Қиналды.Алла шапағатын көрді.

Аллаға разылығын

жаудырды.


Бала.

Шөлдеді.


Шырылдады.

Әлі кетті.

Кенезесі кеуді.

Алла мейірімін көрді.

Суға қанды.


«Таразылау»кестесі:

Сара

Ажар

Әйел.

Бала көрмеді.

Қызғанышы өрттей жанды.

Қорланды.

Құсаланды.

Ажар мен баланы көргісі келмеді.

Айтқанын орындатты.


Әйел.Күң.Ана.

Балалы болды.

Қиыншылық көрді.

Ебелек ұшпас елсізде қалды.

Баласы үшін безеқтеді.

Алланың әміріне мойынсұнды.

Алланың шексіз мейіріміне бөленді.


«Жүйрік жады»ойыны:

1.Әңгіме кейіпкерлері:………………………………………………………………………..

2.Зәмзәм суы -………………………………………………………………………………………

3.Алла мейірімі:…………………………………………………………………………………..

4.Алла-…………………………………………………………………………………………………

Бес жолды өлең:

Зәмзәм


Қасиетті,мүбәрәк.

Шықты,ақты,қанды.

Жер бетіндегі сулардың қайырлысы.

Су.


Оқушылар шығармашылығы.Өз ойларын өлеңмен,қара сөзбен,т.б. беру.

IV.Қорытындылау.

«Шартараптан»ойыны(ғаламтордан сұрақтар келді):

1.Кейіпкер дегеніміз не?

2.Ертегінің түрлерін ата.

3.Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған

жемісті жемегенде не болар еді?

4.Алланың шексіз құдіреттілігін қай жерінен байқадың?

5.Құран Кәрім кімнен,кімге, кім арқылы түсті?

4.Зәмзәм суы қайда екен?



Интербелсенді тақтадан «Зәмзәм» тақырыбында бейне көрініс(видеороликтер) көрсету.

V.Бағалау.Оқушыларды,белсенді топты бағалау,марапаттау

VI.Үйге тапсырма беру. «Зәмзәм»әңгімесі.Б.Байділдаевтың суретін салып келу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет