Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық



Дата25.01.2017
өлшемі30,31 Kb.
Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық

Бүгінгі таңдағы мектеп пен мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаздарға жүктелер міндет те жоғары. Әр мұғалімнің алдында тұрған ізгі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылық бағытқа жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Негізгі мақсат – баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу.

Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру үрдісі мектептен басталады. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін байқайды.

Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс-әрекеттердің бірі – шәкірттерге берілетін шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсырмаларды орындау кезінде оқушы өзі іздене отырып, танымдық білімін молайтып, ойлау жүйесін қалыптастыруға жұмыстанады.

Оқушыны шығармашылық деңгейге жеткізу барысында тапсырманы жеңілден күрделіге қарай сатылап беріп жұмыс істеу орынды. 5-6- сынып оқушыларына мәтін бойынша түсінігін өз сөзімен жазу, суреттеме, шағын әңгіме құрастыру сынды тапсырмалар беруге болады. Бұдан кейін оқыған шығармасы бойынша алған әсерін жазбаша жеткізуге, әңгіме немесе ертегіні өз ойымен аяқтауға үйренеді. 7-8- сыныптарда шығармашылық мүмкіндіктерін еркін пайдаланып, пікір, ой толғау, кейіпкерге хат жаздыруға болады. Төменгі сыныпта осындай жұмыстар жасап жаттыққан оқушы 9-11-сыныпқа келгенде, кең көлемді шығарма жазуға қалыптасып қалады. Тіл мәдениеті мен шешендік сөздерге қатысты берілген шығармашылық жұмыстарды қиындықсыз орындауға қол жеткізеді.

Сабақ барысында өткен тақырыптар бойынша оқушылардың ойларын ашық айтуға, бір-бірімен пікір алмастыруға жағдай туғызу да оның шығармашылық қабілетін дамытуға ықпалын тигізеді. Осы орайда, әсіресе, дебат немесе пікірталас түрлерін қолдану жақсы нәтижеге жеткізері анық. Өйткені мұндай кезеңде оқушының жеке көзқарасы танылып, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуде шығармашылық қабілеті байқалады.

Әдебиет сабағында көркем шығарма кейіпкерін талдай отырып, оның ішкі жан дүниесіне үңіле қарап, сезімін жете түсіну және алған әсерін сөзбен жеткізе білу де шығармашылықты қажет етеді. Кейбір оқушылар мұндай сәтте қатты тебіреніп, өлең жазуға талпынады. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға  ұмтылу  болып келеді. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән. Олай болса, оқушы бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табуға, оны жаңаша түрде жасауға, ерекше қасиеттерін табуға ұмтылуы тиіс. Сондықтан ол өз бойынан жаңа сарын, жаңа леп іздейді. Ойын жеткізуде тың дүниелерді өмірге әкелуге ұмтылады.

Төменгі сынып оқушыларына ұйқас түрлерін ұсынып, соған байланысты өлең жолдарын құрастыруға тапсырма беру арқылы да шығармашылығын дамытуға болады. Сондай-ақ баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетелеуде түрлі лингвистикалық жаттығулардың да рөлі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып, қарама-қарсы қою әдісі арқылы ұғындыру да өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсіл дұрыс таңдалып өткізілген әрбір сабақ оқушылардың қиялын, ойын дамытып, оны жүйелі жеткізуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың қабілетіне түрткі болып жұмыс жасау, оны жан-жақты бақылап отыру мұғалім үшін өте қажет.

Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуда олардың көркем сөйлеу қабілеті артады, жеке тұлғалық қасиеттері дамиды, өз ойын ашық айтуға дағдыланады. Шығармашылық ізденістері қалыптасады, сауатты, мәдениетті, шешен сөйлеуге үйренеді. Сондықтан шығармашылық жұмыс – оқушылардың ана тіліне, әдебиетіне деген қызығушылығын ояту мен ізденімпаздығын арттырудың ең маңызды бөлігі.

Нұржанова Рима Сұлтанбекқызы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

24 орта мектептің



қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні
2017 -> З. М. Сулейменова Бастауыш сынып мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу