24 01 14
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мал шаруашылықты аймақ
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ауыл шаруашылығының басты саласы мал шаруашылығы туралы білім беру;
2. Оқушылардың танымдық ой — өрісін, іс-әрекетін, дарындылық қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды ата кәсіпті, салт-дәстүрді құрметтеуге, патриоттыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, кесте, диаграмма, слайд, суреттер.
Сабақтың әдісі: сто стратегиясы, дамыта оқыту, интерактивті оқыту, тірек-сызба
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
4 топқа бөлу
«Ойсыл қара», «Қамбар ата»,
«Зеңгі баба», «Шопан ата»
Бағалау парағын тарату
ІІ.Қызығушылығын ояту бөлімі.
Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар беріледі.
«Кім жылдам?»
Агроөнеркәсіптік кешен деген не?
АӨК-тің қандай маңызы бар? Оның негізгі мақсаты қандай?
АӨК-тің құрамдас бөліктерін ата?
Ауыл шаруашылығы өндірісінің өнеркәсіп өндірісінен қандай айырмашылығы бар?
Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуынан экстенсивті дамуының айырмашылығы қандай?
Белгілі бір ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін жергілікті жердің қандай табиғи жағдайларын білу қажет?
Өсімдік шаруашылығында мәдени дақылдар қандай түрлерге бөлінеді?
Дәнді дақылдарды ата.
Техникалық дақылдарды ата.
Бау-бақша шаруашылығына нелер жатады?
Мелиорация дегеніміз не?
Экономикалық белсенді халық дегеніміз кімдер?
ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақстан мал шаруашылықты аймақ
Мал шаруашылығы салаларындағы мал басы саны, мың бас (2011ж.)
Мал шаруашылығының салалары
|
Мал басы саны
|
Таралу аудандары
|
Ірі қара
|
7 . мыңбас
|
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан
|
Қой, ешкі
|
16,9мың . бас
|
Оңтүстік Қазақстан, Батыс қазақстан, Шығыс қазақстан
|
Түйе
|
148 мың бас
|
Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан
|
Жылқы
|
1,4 мың бас
|
Барлық аудандар
|
Шошқа
|
1,4 мың бас
|
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан
|
Құс
|
30,7 мың. бас
|
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан
|
Қаракөл елтірісі Еділбай Арқар-меринос
Ақбас сиыр Қызыл сиыр
Еліміздегі асыл тұқымды мүйізді ірі қара түрлері
Талас сиыры
Алатау сиыры
Адай жылқысы Жабы жылқысы Көшім жылқысы Қостанай жылқысы
Түйе шөл, шөлейт және дала зоналарында өсіріледі .Айыр өркешті інген Нар
Маңғыстау ауданы бойынша мал басы саны
Малдың түрі
|
2009жыл
|
2010жыл
|
2011жыл
|
Қой-ешкі
|
278937
|
242209
|
265724
|
Түйе
|
17802
|
18210
|
22016
|
Жылқы
|
23644
|
25888
|
28905
|
Сиыр
|
4149
|
5110
|
6855
|
Шошқа шаруашылығы қолдан жем-шөп өндіретін егіншілікті аудандарда шоғырланған.
Марал шаруашылығы – мал шаруашылығының ерекше және шағын саласы.
Марал шаруашылығында мақсат – панты өндіру. «Ақсу Дзен» фармацевтикалық зауытына, Оңтүстік Кореяға марал мүйіздері сатылады. Әлемде Алтай бұғыларының мүйізіне сұраныс үлкен, өйткені емдік жағынан адам ағзасына әсері аса пайдалы көрінеді. Мамандардың айтуына қарағанда ол адамның иммунитетін көтеріп, қанның жаңару қабілетін арттырады.
Құс өсіру шаруашылығы ірі өнеркәсіп орталықтарына, қалаларға, астық өндіретін кәсіпорындарға таяу шоғырланған.
Омарта шаруашылығы Алтайдың, Жоңғар Алатауының және Тянь-Шаньның биік таулы бөктерлерінде орналасқан. Омартада ара ұясы, омарташының үйі, әр түрлі құрылыстар (ара қыстайтын, құралдар қоятын, бал сақтайтын кәрез, т.б.) көшіп-қонуға арналған жиналмалы үйшіктер, Омарталық шеберхана, т.б. болады.
Жібек құрты Оңтүстік Қазақстан облысында мақтаға қосымша шаруашылық ретінде өсіріледі. Жібек құрты тұт ағашымен қоректенеді. Одан жібек талшығы алынады.
Тұт ағашы
ІV.Сабақты бекіту: Әр топқа тапсырма беріледі. §14 Оқулықпен жұмыс
Төмендегі жоспар бойынша әр топ өз шаруашылықтарына сипаттама береді.«Мағынаны тану»
1. Мал басы саны
2. Негізгі орналасқан аудандары
3. Орналастыру факторлары
4. Өнімдері
V. Шығармашылық жұмыс. «Білгенге маржан» Оқушылар төрт түлік малдың қасиеттері мен адамға пайдасы туралы өздерінің дайындап келген рефераттарын қорғайды.
VI. Венн диаграммасын толтыру
Мал шаруашылығы Өсімдік шаруашылығы
VIІ. «Ойлы болсаң, озып көр!»
Оқушылар төменде берілген сандардың жауабын табуы керек.
2724,9мың км2
14594 км
3000км
1600км
14
9
6995м
-132м
1993жыл 15 қараша
1899 жыл
1600мм
IХ.Үйге тапсырма 1. §30 оқу
2. Атластағы картаны және оқулық мәтінін пайдаланып,
6- кестені (дәптерге)толтырыңдар
3. «Егер мен ауыл шаруашылық маманы болсам» деген
тақырыпқа эссе жазу.
9-сынып
Ашық сабақ
Өткізген география пәні мұғалімі: Елеуова А
Достарыңызбен бөлісу: |