Тақырыбы Сөздік қор. Қазақтың байырғы төл сөздері. Мақсаты



бет2/2
Дата28.06.2017
өлшемі0,74 Mb.
#20437
1   2





Сымайыл, Зәмзәм




Сабақтың тақырыбы: Сымайыл, Зәмзәм

Сабақтың мақсаты:

білімділік – Оқушыларды ислам діні мен Адам ата туралы алған білімдерін нығайтып, Сымайыл, Зәмзәм әңгімелерін оқыту арқылы білімдерін шыңдай түсу, біліктіліктерін арттыру.

Дамытушылық  Оқушылардың дін туралы дүниетанымын кеңейтіп, жақсы мен жаманды, ақиқат пен жалғанды ажырата білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, ұтымды сөз саптай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік  Оқушыларды жамандық атауынан жирендіріп, адамгершілікті, парасаттылықты, ізгілікті және имандылықты жас өмірлеріне арқау етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырып бойынша көрме (Құран кітабы, кітаптар, суреттер, сүрелер жинағы, т.б)

Пән аралық байланыс: тарих, жаратылыстану.

Сабақтың жүрісі:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындықтарын бақылау. Сынып оқушыларын екіге бөліп, «мейірім» және «қайырым» атты екі топқа бөлу.



ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, біз өткен сабақтардан бері құран кітабының қасиетін, Ислам дінінің тазалығын, Алланың Адаматаны жаратуын оқып, көңілімізге тоқудамыз. Біз осы азғана сабақта дін туралы біраз нәрсені ұғынып, қасиетті құран кітабының сырына үңіліп, Аллаға деген сенімімізді нығайта түскендей болдық. Құранмен толық танысуға ұмтылған адамдар оның құдіреттілігіне тәнті болуда. Себебі, ол адамның жаратылысынан бастап ғалам жаратылысын толық қамтиды. Бүгінгі ғалымдар тапқан жаңалықтың бәрі қасиетті Құранда жазылған. Құран кітабының қасиеті сондай – осы күнге дейін бірде бір әрпі өзгеріске түспеген. Құранның қасиеті туралы сабақ барысында өздерің үйден ізденіп келген мысалдарыңды дәлелдейсіңдер.

Қандай істі бастамас бұрын «Бисмиллаһир-рахманир-рахим» деп бастасаң, сонда сол істің сауабы тиеді, істеген ісің жақсылыққа бастайды. Ендеше бізде өз сабағымызды бисмиллаһир-рахманир-рахим – деп бастайық.



Қоржын ойыны. Әр топ оқушылары қоржыннан асық алып, асықтағы белгіленген нөмір бойынша интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Құран Кәрімде неше пайғамбардың есімі көрсетілген? (25 пайғамбардың есімі аталған)

  2. Ислам дінінде құранның алдында қандай кітаптар болған? (Таурат - Мұсаға, Забур – Дәуітке, Інжіл – Исаға, Құран – Мұхаммед пайғамбарға түсірілген.

  3. Алғашқы пайғамбар мен соңғы пайғамбардың атын ата! Осы екі пайғамбардың арасында неше пайғамбар өткен? (Алғашқы пайғамбар – Адамата, соңғы пайғамбар – Мұхаммед, арасында 124 пайғамбар өткен, Құранда 25 пайғамбардың ата аталған.

  4. Құран Кәрім аяттары Мұхамбет пайғамбарға кім арқылы жетіп отырған және қанша жыл ішінде түсіп отырған? (Жәбірейіл періште арқылы 23 жыл бойы түсіріліп отырған)

  5. Құранды толық етіп жинап, кітап қылып шығарған кімдер? (хафиз, сахаба)

  6. Сапиолла, Қари атауларына түсінік бер! (Сапиолла -Адаматаның шын аты. Қари – құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы адам.

Екі топ өздерінің дайындап келген Құранның қасиетін дәлелдейтін нәрселерін көпшілікке ұсынып таныстырады.

Интерактивті тақтадағы жазулар



Эйнштейн: «Менің діни ұғымым - шексіз болған бір Рухтың бар екеніне негізделеді. Тәңірдің құдіреттілігі, оған деген терең сенімді сезіну үшін мына әлемге назар салғанымның өзі жүрегімде жарату бар деген сенімді нығайта түседі».

Америка медициналық пәндер академиясының мүшесі Марит Стенли: «Өмірдегі барлық нәрсе Жаратушының барлығына куәлік беріп, Ол құдіретті және ұлы екенін дәлелдейді. Біз, ғалымдар, дүниедегі кейбір нәрселерді зерттегенімізде Жаратушының даналығы, қолы және құдіреттілігімен жаратылған нәрселерді әңгімелеумен шектелеміз»

Американдық доктор Хилл: «Құран құдірет  иесі  Алла тарапынан түскен кітап екеніне еш күмәнім жоқ».

Академик Ю.Крачковский: «Исламды Құрансыз түсіну мүмкін емес!».



Канадалық доктор Миллер: “Ей мұсылмандар Тәңір сіздерге қандай жақсылық бергенін және өзге діндерде оның жоқ екендігін білмейсіздер. Мұсылман болғандарыңызға шүкір етіңіздер. Құранның ақиқаттарын ашу үшін оның аяттарына ой салыңыздар. Мен Құранға ой салдым, сондықтан дұрыс жолды таптым"

Сөзжұмбақты шешу арқылы Адамата жөнінде әңгімелеу.

1

ғ

а

л

а

м

 

2

п

е

р

і

ш

т

е

 

3

А

д

а

м

а

т

а

 

4

қ

ы

з

ғ

а

н

ы

ш

5

ж

а

н

а

т

 

6

а

ң

ғ

а

л

д

ы

қ

7

т

і

р

ш

і

л

і

к

  1. Алла тағала алты күнде нені жаратты?

  2. Алланың оттан жаратқан жаны

  3. Алла он сегіз мың ғаламды кім үшін жаратты?

  4. Көре алмаушылық қасиетінің екінші баламасы

  5. Күнәдан пәк адамдардың о дүниелік мекені

  6. Дұшпанның айласына илану қандай қасиеттен туады?

  7. Алла Адамзатты сынақ үшін қайда жібереді?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі: Оқушылар, осы үстіміздегі айдың 15,16,17 күндері елімізде қандай діни мереке атап өтілді? ( Оқушылар Құрбан айт мересінің тойланғанын айтады) Иә, балалар, дұрыс айтасыңыздар! Мұсылман мемлекеттерінің бәрінде, біздің елімізде де Құрбан айт мерекесі тойланды. Ал енді осы Құрбан айт мерекесінің тууына қандай діни оқиға себепші болды. Қандай пайғамбарларымыздың өмірі сынға түсті? (Оқушылар Ибраһим пайғамбардың ұлы Сымайылды Алланың әмірімен құрбандыққа шалуға бет байлағаны, Алланың әмірімен аспаннан қошқар түсіп, Сымайылдың жаны аман қалғанын, Ибраһим пайғамбардың Аллаға деген сенімінің пәктігінің дәлелденгенін, сол күннен бастап құрбандыққа мал сойылатыны туралы әңгіме өрбітті.) Жарайсыңдар, балалар! Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз да осы Құрбан айт мерекесінің себепшілері, Аллаға деген сүйіспеншілікті өзінің өмірінен де, отбасынан да жоғары қойған ұлы пайғамбар Ибраһим мен баласы Смайыл туралы болмақ.

Мұғалім оқушыларды жаңа тақырыптың мазмұнымен таныстырады. Ебелек ұшпас елсіз, шөлді даланың мұсылман елінің астанасы Меккеге айналуы туралы сөз қозғап, Мекке, Медине жерінің суреттерін интерактивті тақта арқылы оқушылардың назарына ұсынады.

Сымайылдың тағдырдың талқысына түсуі

Бұл жер Сымайылдың өкшесінен Зәмзәм суының аққан  жері Мекке. Тіршіліктің сарқылмас қайнары Зәмзәм. 

Сергіту сәті

Қысылғанда пендеге

Қорған болар бұл Хадис.

Адасқанды әр уақыт

Тура жолға шақырған,

Іші толы насихат.

Мағынасын білгенге,

Құмарланып білуге,

Әрекет ет жасыңнан

Хадис – пайғамбардың өсиет сөздері “Хадис пен қазақ мақалының үйлесімі”

Хадис: “Ақылдылықтың бастауы құдайдан қорқу”.

Хадис: “Тазалық имандылықтың жартысы”

 Хадис: “Алла тағаланың асыл қасиеттеріне тән сипаттың бірі кешірімділік. Ол кешірімділікті ұнатады”.



Хадис: “Әкеге бағыну Аллаға бағыну. Әкеге қарсы шығу Аллаға қарсы шығумен бірдей”

Хадис: “Жанаттың кілті аналарыңның табанының астында”.

 Хадис: “Ғылымды Қытайда болса да іздеп барып үйреніңіз, ғылымды іздеу - әр адамның парызы. Жолдың қашықтығына, халықтың жаттығына қарамаңыз. Ғылымды қайдан көрсеңіз де сол жерге барып үйреніңіз”



Хадис: “Ақиқат байлық мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық кеңпейілділік”.

Хадис: “Таңғы ұйқы несібені ортайтады”.

Хадис: “Ақылдасып атқарылған жұмыс берекелі болады”.

Қорытындылау:

«Мейірім» тобына Сымайыл әңгімесін, «Қайырым» тобына Зәмзәм әңгімесін аннотациялық талдау жасату. 

Әңгіменің басталуы:

Әңгіменің дамуы:

Әңгіменің байланысы:

Әңгіменің шиеленісі:

Әңгіменің шарықтау шегі:

Әңгіменің шешімі:

Сатылай кешенді талдау. Бір оқушы әңгіменің мазмұнын айтып тақтаға талдау жасайды.

І.     Тақырыбы:

ІІ.    Жанр түрі:

ІІІ.  Әңгіменің идеясы:

ІҮ.  Жағымды кейіпкер:

Ү.   Жағымсыз кейіпкер:

Үйге тапсырма:

А) Сымайыл, Зәмзәм әңгімелерін оқып келу.

Ә) «Алланың мейірімі» деген шағын шығарма жазу.

 Бағалау



Ағылшын тілі сабағында формативті бағалаудың әдістері.
Оқыту үшін бағалаудың негізгі идеясының бірі - оқушылар мен мұғалімдерде жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқытудағы мақсаттың ортақ түсінігі болуы тиіс, сонда ғана олар өздері қол жеткізетін деңгейді бағалай алады. Мұғалім тапсырманы орындаудағы жетістіктің, жартылай жетістік немесе жетістікке жетудегі кемшіліктің неден құрылатынын анық түрде жеткізсе ғана, оқушылар өздерінің күшті жақтарын және оны жетілдірудің салалары қандай екенін бағалай алады. Тапсырма нәтижесі тек жиынтық балл түрінде болған кезде, оқушылар мұғалімнің мұндай балды қойғанына немесе келесі жолы өз балын жақсарту үшін не істеу керектігіне қатысты сенімсіздік білдіреді. Жетістіктерді анықтайтын айқын өлшемдердің болуы жеке тұлғаның, жұмыстың алдыңғы нәтижесі немесе тіпті жазу мәнері сияқты факторлардың мұғалімге әсер етпеуін қамтамасыз етіп, баға қою сенімділігін жақсартады.

Критериалды бағалау бір оқушыны екінші оқушымен салыстырудан біршама ерекшеленеді. Оқушының жұмысты орындауы алдын-ала белгіленген және талқыланған өлшемдерге қатысты бағаланады.Төменде көрсетілген өлшемдерге тоқталып өтейін.



Ауызекі тіл

Балл

Коммуникация

Оқушы мынаны жасай алады...



Ауқымы

Дұрыстығы

5


  • Тапсырма туралы толық мәлімет бере алады.

  • Бірқатар идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен және шамалы ауытқумен немесе ауытқусыз білдіре және түсіндіре алады.

  • Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады.

  • Өте сенімді және айқын табиғилықпен сөйлей алады.

  • Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.




  • Лексика мен құрылымы сәйкес, оның ішінде кейбір кешенді лексикалық бірліктердің ауқымы кең.

  • Түрлі грамматикалық шақтарды үнемі дұрыс пайдалану.




  • Тек қана күрделі сөйлемдерде кездесетін қатесі бар, ең дұрыс сөйлеу тілі.

  • Жақсы дыбыстап айту мен дауыс мәнері.




  • Тапсырма туралы толық мәлімет хабарлай алады

  • Өзара әрекеттерді өте жақсы жасай алады, негізінен, аздаған кідіріспен және қажет болса, біреудің көмегімен немесе көмегінсіз, сирек сенімді сөйлей алады.

  • Өзіндік бастаманы қолға алып, күрделі жауапты дамыта алады.

  • Идеялар мен көзқарасты аздаған қиындықпен түсіндіріп, жеткізе алады.




  • Сәйкес лексика мен құрылымның әр алуандығы.

  • Етістіктің түрлі шақтарын бір мәнде пайдалану.



  • Кейбір қателер болмаса, негізінен сөйлеуі дұрыс, хабарламалары түсінікті.

  • дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы жақсы.

3


  • Кейбір жерін қалдырып, тапсырма туралы тиісті ақпаратты хабарлай алады.

  • Пікірді ашып айтпай, жеткізе алады.

  • Аздаған үзіліспен әңгімелесе алады.




  • Лексика мен құрылымдар жеткілікті деңгейде, бірақ ауқымы болжамды.

  • Түрлі шақтарды қамти алады (бірақ, үнемі сәтті болмайды).




  • Жіберген қателер саны жеткілікті, соның ішінде базалық қателер, жалпы тілдік қарым-қатынасы дұрыс.

  • Негізінен дауыстап айтуы мен дауыс ырғағы дұрыс.

2

  • Тапсырмаға қатысты шектеулі тәсілмен ғана әңгімелесе алады.

  • Қарапайым ақпарат пен пікірді айта алады, алайда жауаптары өте шектеулі.

  • Көмек сөзге үлкен үміт артып, ұзақ кідіріспен әңгімелесе алады.




  • Лексика мен құрылымдардың ауқымы шектеулі және/немесе қайталана береді.

  • Сөйлемдері қысқа әрі қарапайым.

  • Базалық қателері көп, бірақ негізгі мағынаны жеткізеді.

  • Бұрын зерделенген ақпараттың жекеленген бөліктері.

  • Әдеттегідей, дыбыстап айтуы дұрыс

1


  • Тапсырмаға қатысты аз сөйлесе алады.

  • Тек өте қысқа, қарапайым жауаптарды ұсына алады және көмек сөзге үміттенеді.




  • Негізгі құрылымның ауқымы өте шектеулі.

  • Мақсатты емес тілді көп пайдаланады.

  • Аяқталған сөйлемді сирек береді.

  • Сөйлеу тілі дұрыс емес (тек жекелген мысалдардың дұрыс пайдалануы)

  • Дауыстап айтуы көбінесе негізгі әңгімелесуге кедергі келтіреді.


Ағылшын тілі сабағымда оқушылар Өзін-өзі бағалайды және өзара бағалайды.

Егер қалыптастырушы оқыту әдістерін тиімді пайдалану мақсаты қойылса, оқушылар осы әдістерді дұрыс икемдеп қолдана бастауы тиіс.



1. Жұптарда өзара бағалау

Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беру, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлуді білдіреді. Кері байланыс, әдетте, жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс.



Жауап үлгілері бар жұптарда өзара бағалау

Гиббстің пікірі бойынша, университеттегі инженерия курсында ерекше жетістікке ие болған стратегияның бірі төмендегідей: Сіз дәл уақытында бағалай алмайтындықтан, оқушыларға қалағаныңыздан аз жұмыс берген жағдайда бұл стратегия өте пайдалы. Қалай болған күннің өзінде, өзара бағалау жақсы тәсіл болып табылады.



  • Оқушылар сұрақтар жазылған форманы толтырады және онда өз атын көрсетеді.

  • Олар мұғалімге бағалау үшін басқа оқушыларға берілетін осындай нысандарды береді. Оқушылардың ешқайсысы олардың жұмысын кім бағалайтынын білмейді.

  • Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.

  • Жұмыстар өз иелеріне қайта беріледі және әр оқушыда дайын шешімдер қалады. Оқушылардың көпшілігі мұғалім үнемі тексере бермейтін өз жұмысының бағалану сапасын жиірек тексереді.

  • Өз құрбысының жұмысын бағалау үдерісінің мұғалім жүргізген бағалаумен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтары бар. Оқушылар есептің шешімінің немесе сұрақтың жауабының балама тәсілдерін көреді: олар жауап үлгілері мен дайын шешімдерді көреді және бағаларды қоймай тұрып, мұны мұқият зерделеуге тиіс; олар қандай жағдайларда бағалардың жоғарылайтынын және төмендейтінін көреді.

2. Топтардағы өзара бағалау

Оқушылар әрқайсысы үш немесе төрт оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Олар неғұрлым әртүрлі жауаптар берсе, соғұрлым оқыту үдерісінің жеңіл болуына байланысты топтар екі оқушыдан тұрмауға тиіс.

Оқушыларға алдымен өз бетінше жалғыздан орындауға тиіс сұрақтар немесе есептеулер таратылады (мысалы, бес минут ішінде).

Оқушылар өз жауаптарын, негіздемелерін, әдістерін, жұмыс стилін және т.с.с. айырмашылықтарын белгілей отырып салыстырады. Олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:

Қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен?

«Үздік жауаптың» топтық идеясы.

Топ мүшелері қандай қателіктер жасады және неліктен (мұндай талқылау ынталандыру және құрылымдық негізде жүргізіледі)?

Оқушыларға жауап үлгілері ұсынылады және олар өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырады.



3. Өзін-өзі бағалау

Мақсаттар, бағалау өлшемдері немесе тапсырмалар арқылы өзін-өзі бағалау

  • Тапсырманы, сабақты, тақырыпты меңгеру соңында оқушыларға мақсаттар, тапсырмалар немесе бағалау өлшемдері туралы ескертеді. Сосын оқушылардан, мысалға, бес минут ішінде өз жұмыстарын қарап шығып, мыналарға қатысты өздерін бағалау сұралады:

  • Олар нені оқыды, білді және не жасай алады?

  • Олар мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе жүзінде тағы нені үйренуі немесе орындауы қажет?

  • Оқушылар мұны іс-әрекеттің жеке жоспарын құру үшін қолданады

  • Іс-әрекет жоспары келесі сабақта жүзеге асырылады.

Оқушылардың бағалауының артықшылықтары:

  • Оқушылар басқа да бағалау тәсілдерін үйренеді және мүмкіндіктерге барынша кең шолу жасай алады.

  • Әдістерді бағалау көмегімен оларды көбірек түсінеді.

  • Олар өздерінің оқулары туралы көп зерделейтін болады. Мысалы, егер Pr Simle мен PastSimple шатастырғандықтан, қате жібергенін түсінетін болса, осындай әдіс көмектеседі.

  • Егер құрылымдық негізде бірін-бірі қолдайтын болса, «көмекшілер» және «көмекті қабылдайтындар» да оқитын болғандықтан, бұл әдіс оқушыларға өте ұнайды (Талқылау стандарты, әдетте, сіз күткеннен әлдеқайда жоғары!).

  • Олар жетістікті туа пайда болған қабілеттерге қарағанда, ұмтылу, дұрыс стратегияны қолданумен және т.с.с. байланыстырады. Бұл оқушыларды жақсаруға жетелейді.

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі

Тақырыбы: М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесіашық сабақ



  • Мақсаты: 1. Абай шығармасын, өмір жолын тереңдеп оқып үйрету; Қазақ әйелдерініңбейнесін ашып, мәлімет жинақтау;

  • 2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге көзқарастарын дамытып, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

  • 3. Сөз өнеріне, қызығушылыққа баулу, анаға, әйелге, деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

  • Сабақ түрі: дамыта оқыту

  • Сабақ типі: жаңа білім үйрететін сабақ

  • Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс, баяндау, талдау, көрініс қою, венн диаграммасы, қосымша әдебиетпен жұмыс, проблемалықсұрақтарды шешу, іздену.

  • Көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері, буклеттер, қосымша әдебиеттер, магнитафон, карта, қанатты сөздер:

  • «Абай жолы» - ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі

  • Л. Арагон.

  • «Абай жолындағы» әйелдер бейнесі.

  • Сабақ барысы:

  • І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгелдеп, топқп бөліп отырғызу)

  • ІІ. Кіріспе сөз.

  • Жүрегіңнің түбіне терең байла,

  • Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,

  • Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

  • Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деген ұлы Абайдың өмірінің қыр-сырын, өсу жолдарын, қоршаған ортасын заманының заңғар биік академик – жазушысы М.Әуезов: «Абай жолы» эпопеясында жан жақты суреттеген. Бағдарлама бойынша 4-сағатын өткелі отырмыз. Мақсатымыз: Абай өмірін тереңдей оқып, қайнарына бас қою, үйрену, талдау,әйелдер бейнесін ашу, 4 топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз.

  • 1. Этнографтар

  • 2. Лингвистер

  • 3. Әдебиетшілер

  • 4. Дарын (шығармашылық топ)

  • ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  • Танымдық қабілетін анықтап, сабаққа ынтасын тудыру мақсатымен тапсырмалар беріледі.

  • 1. Абайдың ата-тегі туралы не білесіңдер? Жеті атаңды ата.

  • 2. Романдағы оқиға болған жерді картадан көрсет.




  • Этнографтар

  • 1. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндір.

  • 2. Диалог дегеніміз не? Мәтіннен тауып оқыңдар.

  • Лингвистер

  • 1. Шығарма бөлімдері мен оқиғаларын атаңдар.

  • 2. Құнанбай мен Абайға венн диаграммасы бойынша мінездеме

  • Әдебиетшілер

  • 1. Дискуссиялық карта құрастыру.

  • 2. Ұнамды, ұнамсыз бейнелер.

  • Дарын

  • І. Дискуссиялық карта құрастыру.

  • 1. Ұнамды халық өкілдерінің бейнесі

  • 2. Ұнамсыз үстем тап өкілдері.

  • ІҮ. Абайдың 17 қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікір айтылады. (мазмұны)

  • -         Сендердің ойларың? Адамға қайсы қасиет аса қажет деп ойлайсыңдар? (пікір тыңдалады)

  • -         Абайдың ақылына ақыл қосып, ең алғаш махаббат сезімін оятқан, қайратын танытып, жүрегін тебіренткен тағы бір топ бар. Ол кімдердің тобы деп ойлайсыңдар?

  • -         Әйелдер тобы. Бүгінгі жаңа сабағымыз М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі.

  • -         Помандағы әйелдер туралы қандай деректер жинақтадыңдар? (кезектесіп оқиды)

  • Ү. Мәтінмен жұмыс. Әйелдер бейнесін ашу.

  • «Абай жолы» романы І том

  • 1. Ұлжан,Айғыз, Зере. 10 бет, 41 бет, 71-72 бет

  • 2. Ділдә. 187-188 бет

  • 3. Шүкіман. 310-311 бет

  • 4. Керімбала. 362-бет

  • 5. Нұрғаным. 231-бет

  • 6. Үмітей. 445-бет.

  • 7. Салтанат. 413-бет.

  • ҮІ. Шығармашылық топпен жұмыс.

  • Көрініс: «Көзімнің қарасы» әні баяу айтылады да, Абайдың монологы оқылады... Кездесу... Жарқ етпес қара көңілім...

  • Қатысушылар: Абай, Тоғжан, жеңгесі, Ербол.

  • ҮІІ. Бекіту. Алған білім, білік, дағдыларын тексеру, жүйелеу, жинақтау.

  • Топпен жұмыс.

  • І. Тақырыпқа сай әйелдер бейнесін топтаңдар.

  • ІІ. Кестені толтырыңдар.

  •        Әйелдер

  • Абайдың көзқарасы

  • Өзіңнің көзқарасың

  • Ұлжан

  • Тоғжан

  • Ділда

  • Салтанат

  • Әйгерім

  •  

  •  

  • ІІІ. Қазақ әйелдерінің тағдыры қалай суреттелген?

  • ІҮ. Өздеріңнің өмірлеріңдегі әйелдердің орны қандай?

  • ҮІІІ. Үйге тапсырма: Романды оқу, әйелдер бейнесін талдау, көркем сөздерді табу.

  • ІХ. Бағалау.

  • Х. Қорытынды.

  • Әйел жерден шыққан жоқ-

  • Ол да еркектің баласы

  • Ерлер көктен түскен жоқ- 

  • Әйел оның анасы – демекші, Абайдай дүниеге ұл әкеліп, өмір сыйлаған ата-анаға, жаны жомарт әйел-аналарға бас иеміз!

  • Сабақ аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет