Тақырыбы: «Отбасылық салт-дәстүр»
Мақсаты: Ата-аналар мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты
ұлғайту. Ата-аналардың өз ұлттық салт дәстүріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.
Ата-аналаға қазақтың көне сөздері және ырым, тыйым
сөздері жайында мағлұмат беру.
Ата-аналардың бір-біріне деген көз қарасын кеңейту.
Көрнекілік құралдар: Бесік, үй суреттері, сиқырлы қоржын, асықтар,
гүлдер, сыйлықтар т.б., билеттер дайындау,
хабарлама жасау.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.
Ұйымдастыру барысы: Жылу беру «Жылы лебіз» Төрт топқа бөлу, әр топ өздеріне ат қою.
Армысыздар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар,оқушылар!
Бар асылын халықтың
Құйған сана ойына
Туған тілім өркенде
Баса берші күшті, көркемде
деп өзіміздің тілімізді, салт-дәстүрімізді зор ілтипатпен бағалап, ұмытылып бара жатқан дәстүрімізді жаңартып, білмегенімізді білейік. Ата-бабамыз айтқандай «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа дегендей бүгінгі салт-дәстүр отбасында» - атты сайысымызды бастайсыз.
Бірінші сайыс – «Сәлем беріп, отбасын таныстыру» - ерекшелігін тоқталып, тәрбие мен мәдениетінің ұстанымын жарнамалайды.
1.Ата-ана – оқушы.
2. Ата-ана – оқушы.
3. Ата-ана – оқушы.
4. Ата-ана – оқушы.
Енді қатысушыларды (ойынға) сараптаушы әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.
Екінші сайыс: «Білгенге маржан»
Алдын ала дайындалған үш-төрт конвенртке мақалдың бір қатары ғана жазылған, «Ердің аты...», «Еңбенктің ...», «Ел болам десең...», «Анасын көріп...», т.б. жалғасын табу керек.
Қазылар алқасы сайысты бағалайды.
Сайыс арасында ән шашу «Қазақы дастарханым»
Үшінші сайыс : Сиқырлы дорбадан нөмірленген асық алып, тапсырма беру.
1. Киіз үй жабдықтарын атаңыз. Осы жалпы үйге байланысты ырым-тыйым айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |