Күні: 22.01.2015 жыл
Пәні:Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Түйе. Бота
Сабақтың максаты:
Білімділік: Қазақ халқының ең қадірлі малы түйенің ерекшелігіне тоқталады.Оның
еті,сүті,жүнімен қатар,күш көлігі ретінде қолданылатынын түсінеді.
Дамытушылық:Оқушылар сөздік қорын молайтады,мәнерлеп оқу
дағдысын жетілдіреді,төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтеді.
Тәрбиелілік: Оқушыларды таза,көркем,шапшаң жазуға төселдіру.Бір-бірін
сыйлауға, бауырмалдыққа баулу.
Сабактың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ жауап, түсіндіру, әнгімелеу.
Көрнекілігі: Төрт түліктің суреттері,слайдтар ,ойын түрлері,смайликтер,құрт
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі .1. Оқушыларды түгендеу,зейінін сабаққа аудару.
2.Оқушыларды шеңбер боп тұрғызып,төрт түліктердің түрін таңдау арқылы оқушыларды төрт топқа бөлу. топ
1-топ. Лақ
2- топ .Қошақан
3- топ. Құлыншақ
4 -топ.Бұзауқан
Психологиялық дайындық.
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы күн ,қайырлы.
2.Үй тапсырмасын сұрау
«Төлді қалай шақырады?» өлеңін 4 топқа мәнерлеп оқыту.
19-жаттығуды тексеру.Қарамен жазылған сөздердің дыбыстарын
сандықшаға топтастыру
«Оз орнына орналастыр» ойыны
Шопаната,Зеңгібаба,Қамбарата,Сексекаталарға төрт түліктерді жаңылыспай
орналастыру. Бағалау.Бағдаршам
-Балалар ,енді қандай төрт түлікті көрмей тұрмыз?
-Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар /түйе/
-Мен түйемін ,сендер мен жайлы не білгілерің келеді?
- Қане кім сұрақ қояды?
-Балалар біз төрт түлік малдарды жақсы білеміз,енді соның ішінде түйе жайлы білімімізді шыңдаймыз.
Түйе киелі жануар.Ол шөл мен аштыққа шыдамды.Оны ертеде ата-бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды.Оның баласы бота. Ол сүйкімді жануар .Ол ботасын 12 ай көтереді.Түйенің екі түрі бар. Інген- екі өркешті.Аруана – жалғыз өркешті,сүті мол түйе.Ол жантақ,алабота,ащы қурайларды жейді.Оның терісі, жүні,сүті өте пайдалы.Оның жүнінен түрлі киімдер тоқиды,еті ем ,сүті , шұбаты шипа.Түйе сүті түрлі дәрумендерге бай.Одан құрт –май,балқаймақ,ірімшік жасалады.Еліміздің Маңғыстау,Қызылорда секілді облыстарда түйе шаруашылығы ертеден тамырланып, қазір де іргелі қожалықтар жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.
Оқулықпен жұмыс
-мәнерлеп оқу
-екі оқушыға толығымен оқыту
-тізбектеп оқыту
Дәптермен жұмыс
20-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Түйе боталайды. Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.Жылқы кісінейді.
Бағалау. Смайлик
21-жаттығу
Сәйкестендіру арқылы орындау
«Қай мал қайтеді?»
Туйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі.
Қоздайды,құлындайды,боталайды,бұзаулайды,лақтайды.
Бағалау. Смайлик
Сергіту сәті
« Кім жылдам?» Топтық жұмыс
1-топ .Түйенің қандай пайдасы бар?
2-топ .Дауысты дыбыстарды ата
3-топ.Дауыссыз дыбыстарды ата.
4-топ.Төлдерді қалай шақырады?
-Балалар, ата-әжелерің ,ата-аналарың сендерді қалай еркелетеді?
-Ботам,ботақаным /балалардың жауабы/
-Неліктен деп ойлайсыңдар?/жауап тыңдалады/
Бағалау.Бағдаршам
Толықтырып түсіндіру
Себебе бота сүйкімді,әдемі,көздері улкен,мөлдір қара,тартымды төл.Сендерде сол сияқтысыңдар,сондықтан да сендерді үлкендер осылай айналып-толғанып еркелетеді.
«Кім тапқыр?» Төрт түлік малдардың дыбысын тыңдау арқылы оқушылар өздері ажырату керек. Бағалау .Бас бармақ
Үйге тапсырма:
«Түйе» ,«Ботақан» өлеңдерін түсініп,мәнерлеп оқу.«Сүйкімді бота» тақырыбында екі сөйлемнен шағын әңгіме жазып келу.
Бағалау
- Балалар сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға өзімнің және ата-аналарыңнын еркелеткенде айтатын жылы сөздері жазылған құрт өнімімен бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |