0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет89/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

72 
 
көптеген мәлімет, жан – жақты білім алуына толық мүмкіндік береді. 
Мәселен аң, құстарға байланысты: «Құс», «Үй құстары», «Аққу, шортан, 
шаян», «Аңшы құстар», «Сау құстар», «Көшпешіл құстар», «Орман 
патшасы», «Түлкі мен қара шекпен», «Күзең» тағы басқа. Сонымен қатар 
қазақ халқының тұрмысына жазған шығармаларыда бар: «Егінші құмырсқа 
мен бақшашы құмырсқа», «Жылқышы», «Жұмыртқадай бидай», «Бай мен 
жарлы баласы» атты мәтіндер алғашқы қауым дәуірінен бастап бүгінгі 
дәуірге дейінгі әртүрлі әлеуметті, қоғамдық, тұрмыстық деректер мен және 
осы орайда жазылған тәлімдік танымдық әңгімелермен толықтырылған.Қазақ 
жеріндегі табиғи қазба байлықтарға байланысты жазылған балаларға 
арналған әдеби шығармаларыда бар. Мысалы: «Тұз», «Тұрып», «Уақ 
тас,құм,саз», «Құммен шарықтас» тағы басқа. 
Балалар әдебиетіндегі мәтіндердің көлемдері шағын мазмұны терең, 
тақырыбы әралуан болсада, олар оқушы ұғымына сай қарапайым тілде 
жазылған. Бұл әңгімелердегі көтеріліп отырған өзекті мәселелер қазақ 
ортасындағы оқу ағарту жүйесі. Олардың тілі көркем, көлемі шағын. 
Алдыңғысындағы ой соңғысына жалғасын тауып, үндесіп, бірін – бірі 
байытып толықтырып жатады. 
А.Байтұрсынұлының балалар әдебиетіндегі ерекшеліктері оқулық тек 
қара сөзбен жіктелмейді.Мұнда бала қиялын қызықтырып әкететін 
жұмбақтарда жеткілікті. Жұмбақ болғанда да кездейсоқ емес, арнайы 
дидактикалық мақсатпен қойылған мәнді жұмбақ.Мысалы, «Бұл кім?» деген 
жұмбақтың мәтіні қабылдауға жеңіл әрі баланы үлкенді құрметтеуге 
үйретеді. 
Осындай мазмұнды, танымы мол балалар әдебиеттері жетерлік. Біз тек 
қана 
үлгі 
ретінде 
бірер 
мысалдар 
келтірдік.Балаларға 
арналған 
оқулықтарында алуан түрлі тақырыптарды жан – жақты қамтыған озық еңбек 
екені сөзсіз. Әрбір баланың талабына сай кез – келген сауалдарға осы 
балалар әдебитіне жазған еңбектерінен табуға болады.Біріншіден, ана тілінен 
сауат аштырту, екіншіден балалардың көркемдік талғамын дүниетанымымен 
қалыптастырып, жетілдіру, үшіншідентабиғат құбылысы мен жан – 
жануарлардың, адам тұрмысының әр қырын топтастыра отырып, балаға 
қажетті тәжірибелік білім беру, төртіншіден,баланы оқыта отырып, 
тәрбиелеу рухани тазалыққа баулу. 
Мәселен балаға білім беруде ғана емес, оны қабылдауға ыңғайлы етіп 
жүйелеуде. Бұл әрекеттер оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге 
бағышталған. Өйткені басты мақсат – оқушыны білімді оймен қабылдауға, 
оны қорта білуге үйрету. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет