74
Ахмет Байтұрсынов ең алдымен балалар әдебиетін дамытуды
балалардан емес,олардың ата-аналарына ой салудан,
оларды оятып, түрткі
болудан бастаған. Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында
білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне
бағыштады. Сондай-ақ, өзінің 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған
«Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында «Біз әуелі елді түзетуді бала
оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
Неге десек, болыстық та, билік те,
халықтық та оқумен түзеледі.....қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктердің
көбі түзелгенде оқу-біліммен түзеледі»,-деді. Оқудың қоғамда өзгертуші күш
екенін, жауыздық пен надандық атаулының бәрі білімсіздіктен, надандықтан
туындап отырғанынтап басып, тура айтты. Ахмет Байтұрсынов туған
халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім
алуын аңсады. «Адамға тіл,
құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте
үйренетін білім де сондай керек»,- деп жазды ол. Бірақ та ол кездері қазақ
даласында қазақтың қара домалақтарын оқытатын мұғалім болмады.
Сондықтан да Ахмет Байтұрсынов мұғалімдерге педучилищелерді ашып,
арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де ондай
оқу орындарының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс
мектептерін, не қазақ медреселерін оқып бітірген жастардың талаптыларын
таңдап алып, мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасайды.
Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында
бір-екі айлық қысқа
мерзімді курстар ашуды ұсынды. Ахмет
Байтұрсынов
«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 62-санында «Мектеп керектері» деген
мақаласында «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, пелдагогика, методикадан
хабардар, баланы оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек
құралдардың болуы,
құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса,
істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші- мектепке керегі белгіленге
программа»,
-деп
оқытуға
қажетті
мәселелерді
талдап
берді.
Ахмет Байтұрсынов қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу
керек дегенге де арнайы тоқталып, ол пәндерді : оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт
тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия,
жаратылыс болуы керек деп
саралап көрсетті. Ахмет Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл
мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. «Бұлардың кемшілігі сол-
деді ол- бала оқыту ғылымын (методикасын) меңгергендер оқығандар ішінде
кем болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, жаңаша буындап оқыту жолымен
жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды,
жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп
көрмегендік- тәжірибесіздік»,- деп оқытудың
әдістемелік мәселесін қазақ
топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Ахмет Байтұрсынов еді. Ақын «Оқыту
жайынан» атты мақаласында «...оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі, бірі-
ақшаға, бірі құралға, бірі-мұғалімге . Осы үш тіреуі тең болса, оқу
қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу жүреді»,- деді. 1912
жылы тұңғыш
қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазды. Бұл оқулық екі бөлімнен
тұрды. 1-бөлімі фонетикаға арналса, 2-бөлімі синтаксиске арналып, 1928