Қысқатұйықтағыштар және бөлгіштер Қысқа тұйықтағыш



Дата28.11.2019
өлшемі0,82 Mb.
#52688
Байланысты:
5SRS


Қысқатұйықтағыштар және бөлгіштер

 

Қысқа тұйықтағыш – бұл электр тізбегінде жасанды ҚТ тудыру үшін арналған коммутационды аппарат.

Қоректену желісінің релелік қорғау әсерінен жасанды ҚТ тудырған соң бұзылған трансформаторды өшіруін қамтамасыз ету үшін қосалқы станцияларда қысқартылған схемаларында қолданылады. 35кВ қондырғыларында іске қосылғаннан кейінгі жасанды екіфазалы ҚТ пайда болатын екі полюсті қысқа тұйықтағыштар қолданылады. Жерге қосылған нейтралі бар қондырғыларда (110кВ және одан жоғары) қысқа тұйықтағыштың бір полюсі қолданылады. КЗ-35 қысқа тұйықтағыштың конструкциясы 1 суретте көрсетілген.



Қазіргі қысқа тұйықтағыштарда іске қосу уақыты 0,12-0,25с.

 

1 – сурет. КЗ-35 қысқа тұйықтағышы: 1-құраушысы; 2-жерге қосу пышағы; 3-қозғалмайтын пышақ; 4-изоляциялық колонна; 5-изоляциялық қойма; 6-ПРК-1 жетегі; 7-тартпа; 8-жерге қосу шинасына жұмсақ байланыс



Айырғыштардың жеке түрлері арасындағы құрылымдық айырмашылығы жылжымалы түйіспенің қозғалыс сипатына байланысты болады. Бұл қасиет бойынша айырғыштар:
  • пышығының жазықта айналуымен және көлденең-айнымалы (шаппа) және тік-айнымалы, берілген полюсті қолдайтын осьтермен параллелді немесе перпендикулярлы;
  • - тұйықталған аралықтағы түзу сызықты қозғалыспен тек қана пышақ не оқшаулағышпен бірлескен пышақпен (бұрылыс пен бүктелетін);
  • - бүктелетін пышақпен, күрделі қозғалыспен (бұрылыс пен бүктелетін) және басқалар.

Ішке орнатуға арналған айырғыштар.

Зауыттар ішке орнатуға бір полюсті және үш полюсті вертикалды айырғыштарды шығарады. Оның кернеуі 20 кВ тан көп болмайды. Әдетінше оларды вертикалды күйде орналастырады. РВ сериясындағы үш полюсті айырғыштар кернеу 6-дан 35 кВ-қа дейін және номиналды ток 600 А-ға дейін жасалады



Сыртқа орнатуға арналған айырғыштар.

Сыртқа орнатуға арналған бөлгіштерде жағымсыз атмосфералық жағдайда жұмыс істеуге есептелген оқшауламасы бар болуы және де жоғары механикалық беріктілікке ие болу керек. Айырғыштың негізі 2 профильді болаттан жасалған пісірілген рамадан 221, айналмалы негізден 70, көлденең тартымнан 68 тұрады. Айналмалы негіз деп – эксплуатация немесе күтуді қажет етпейтін жабық құрылым.

Қысқа тұйықтағыштың контактік камерасы (2бсурет) бір 90мм.-к ажырауы бар және фарфорлық корпустан және тік орналасқан электродтардан тұрады.

ОЭ-110/1000 элегаздық толтырушысы бар жабық бөлгіш: 1-жоғарғы фланц; 2-қозғалмайтын контакт; 3-экран; 4-контактік серіппе; 5-қозғалатын контакт; 6-изоляциялайтын колонка; 7-май гидрозатворы; 8-құраушысы; 9-жетек тартпасы; 10-буфер; 11-мановакуумметр; 12-қозғалмайтын контактіге тартпа

Айырғыштарға қойылатын негізгі талаптар:

1) Түйіспелік жүйе номиналды токты ұзақ уақыт бойы жіберу керек және қажетті динамикалық, жылулық беріктігі болу керек.

2) Айырғыш және оның жетегiнің механизмі қысқа тұйықталу тогы өткен кезде қосылу күйді сенімді ұстап тұруы керек. Өшірулі күйде жылжыйтын түйіспе сенімді белгіленуі керек.

3) Ажыратылған түйіспелер аралығы жоғары электрлік берік болу керек.

4) Айырғыштың жетегi ажыратқышты блокқа түсіру керек.

Бөлгіштер мен қысқа тұйықтағыштар.

Үлкен кернеуі бар жақтарда ажыратқыштардың орнына үлкен сенімділікті сақтай отырып, қосалқы стансалардың құрылғыларын арзандататын және қарапайымдандыратын қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштер қолданылады.

Қысқа тұйықтағыш – бұл релелік қорғау сигналы арқылы тізбекте жасанды қысқа тұйықталуды пайда болғызатын жылдам әсер ететін түйіспелік аппарат. Бөлгіш жетегiне команда берген кезде токсызданған тізбекті тез өшіретін айырғыш. Егер де қарапайым бөлгіште өшу жылдамдығы аз болса, ал бөлгіште өшу процесі 0,5-1 с қана болады

Бөлгіш ажыратқыштан сыртқы жағынан ерекшеленбейді, бірақ онда өшіру үшін серіппелік жетегі бар. Бөлгішті қосу қолмен орындалады. Бөлгіштер ажыратқыштар сияқты бір немесе екі жағынан жерге қосу пышақтарына ие. ОД конструкциясының кемшілігі болып өшірудің ұзақ уақыты болып табылады (0,4-0,5с.)

Бөлгіштер токсыз тізбекті немесе трансформаторды магниттейтін токты өшіре алады. Бөлгіштермен қысқа тұйықтағыштардың ашық конструкциясы қолайсыз ауа-райында (аяз,көктайғақ) нашар жұмыс істейді. Эксплутация кезінде олардың жұмыс істемей қалуы байқалады. Осы конструкция орнына элегазбен толтырылған, жабық камерада орналасқан контактік жүйесі бар бөлгіштермен қысқа тұйықтағыштар жасалған.

Жабық күйдегі бөлгіштер элегаздық толтырушысымен (3 сурет) күштік трансформаторларды магниттеуге және желінің зарядтық токтарын өшіріп қосу үшін арналған. ОЭ-110 бөлгіші автоматты өшіріп қосады.

110кВ бөлгіштің контактік камерасы жоғары кернеу аппараттары үшін модулі болып табылады. 220кВ бөлгішінде екі камера болуы тиіс.



 

Қысқа тұйықтағыштар мен бөлгіштердің құрылымы.

3. суретте 110 кВ тағы КЗ-110 қысқа тұйықтағышы көрсетілген. Тірек оқшаулағыштың үстінде жоғары кернеуде жылжымайтын түйіспе 3 орналасқан. Жылжыйтын жерлендірілген контакт – пышақ 4 қысқа тұйықтағыштың жетегінің 5 білігінде орналасқан. Қажетті беріктілікті алу үшін пышақты 4 қаттылық қабырғасы 6 бар. Негіз 1 жерден оқшауланған және екінші соңы жерлендірілген трансформаторлық токтың біріншілік орамының соңына қосылады. Білікке 5 өшірулі күйде қосылатын жетектің серіппесі әсер етеді. Қосылу үшін механизмнің ілгешегін босататын жетегіне электрмагнитіне 54 команда беріледі. Серіппенің әсерінен пышақ вертикальды жазықтықта жылжиды және түйіспені 3 жерлендіреді. Мұндай қысқа тұйықтағыштың іске қосылу уақыты 0,15-0,25 с. 110 кВ ОД-110У ажыратқыштың құрылымының негізіне горизонтальды жазықтықта пышақтардың айналуы 1 бар екі колонкалы бөлгіш кіреді. Колонкалардың 2 іске қосылуы электрмагниттік басқаруы бар серіппелік жетек 3 арқылы іске асады. Қосулы күйде жетектiң серіппелері ашылған. 3. сурет - Қысқа тұйықтағыш 12.5 сурет – Бөлгіш Команданы берген кезде серіппе босатылады және түйіспелер 0,4-0,5 с ішінде ажырайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет