Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Химия факультеті
Бейорганикалық химия-2 және элементтер химия пәні бойынша
зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулығы
Қарағанды 2021
Мазмұны
Зертханалық жұмыстардың техникасы
|
1
|
Галогендердің алынуы және қасиеттері
|
11
|
Сутек.Оттек.Сутек пероксиді
|
12
|
Күкірт. Күкірт қышқылы және оның тұздары
|
22
|
Азот қосылыстары.Фосфор
|
32
|
Көміртек.Кремний
|
42
|
Бор.Алюминий
|
24
|
Металдардың жалпы қасиеттері
|
42
|
Сілтілік металдар.Сілтілік-жер металдары
|
51
|
d-металдар химиясы.Мыс
|
45
|
d-металдар химиясы
|
51
|
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕХНИКАСЫ
Зертханада жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары :
1. Улы және жағымсыз иісті заттармен жасалатын тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.
2. Бөлініп жатқан газдарды ыдысқа жақын еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдың немесе сұйықтың иісін білу үшін ыдыстың ауызынан ауаны өзіне қарай желпу керек.
3. Концентрациялы қышқылдарды, әсіресе күкірт қышқылын сұйылтқанда қышқылды суға құю керек, керісінше істеуге болмайды.
4. Беттеріңе немесе киімдеріңе шашырамау үшін реактивтерді құйғанда ыдысқа аса еңкеймеңдер.
5. Сұйықты қыздырып жатқан ыдыстың үстіне еңкеймеу 8 керек, себебі сұйықтық бетке шашырап кетуі мүмкін.
6. Сынауықты қыздырғанда оның саңылауын өзіңе немесе қатар тұрған жолдастарыңа қаратып ұстама.
7. Егер беттеріңе немесе қолдарыңа сұйықтың (қышқылдың) шашырандысы тисе, судың қатты ағындысымен жуып, содан кейін күйген жерді соданың сұйытылған ерітіндісімен жуу. Сілті тиген жерлерді сілті әбден кеткенше сумен жуады, сосын калий перманганатының 3 %-ті ерітіндісіне батырылған мақтамен сүртеді.
8. Оңай от алғыш, ұшқыш заттармен жасалған барлық тәжірибелерді оттан аулақ және мүмкіндігінше тартпа шкафта жүргізген жөн.
9. Жана басталған бензин, спирт, эфирді сөндіргенде жалынға құм себу.
10. Жанарғының жалынынан немесе қызған нәрселерден дене күйсе, күйген жерді марганец қышқыл калийдің концентрлі ертіндісімен жуу керек; ол жерді марганец қышқыл калийдің кристалдарымен, күйген жер терісінің түсі қоңыр тартқанша сүрту немесе күйікке қарсы қолданылатын дәріге батырылған мақтамен күйген жерді танып тастау.
11. Уланғанда және қатты күйгенде дереу дәрігерге көріну.
12. Зертханадан кетерде газ жанарғылары шүмектерінің жабықтығын тексеру.
Жұмыс тәртібі
Химия зертханасында жұмыс істегенде мынадай ережелерді орындау қажет:
1. Алдын ала оқулықтың жұмысқа сәйкес тарауларын, дәріс конспектісін оқып шығу және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысу керек.
2. Тәжірибеге қажетті ыдыстар, аспаптар, реактивтердің барлығын тексермей тәжірибені бастауға болмайды.
3. Нұсқауда келтірілген жұмыс ретін мұқият орындап отыру қажет.
4. Газ тартатын шкафтарда жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс істегенде қажетті сақтық шараларын бұлжытпай орындау.
5. Тәжірибенің барысын зер салып бақылап, оның барлық құбылыстарын байқап отыру.
6. Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын тәртіпке келтіру.
7. Барлық байқалған өзгерістерді, реакция теңдеулерін тәжірибе біткеннен кейін арнаулы жұмыс дәптеріне жазу.
8. Дәптерге күні, айы, жылы, тақырып аты, жұмыстың мазмұны (нұсқа немесе аспаптың суреті), бақылау нәтижесі, реакция теңдеуі жазылады, есептеу жолдары көрсетіледі және қорытынды жасалады. Жұмыс дәптерінің шетінен оқытушы пікірін жазу үшін бос орын қалдырады.
Реактивтерді пайдалану ережелері:
Ерітінділер мен құрғақ реактивтер шыны, резеңке немесе қабық тығын тығындалған шыны ыдыстарда (шөлмектерде, банкаларда) сақталу керек. Реактивтер салынған шөлмектердің немесе банкалардың сыртында реактивтің аты және оның сапасы: «техникалық», «таза», «анализ үшін таза», «химиялық таза» және концентрациясы (ерітінділер үшін) жазылған этикеткалары болу керек [3]. Реактивтерді пайдалағанда мына ережелерді орындау қажет:
1. Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, реактивтерді аз алу керек (материал және жұмысқа кететін уақытты үнемдеу үшін).
2. Алынған реактивтердің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға немесе құюға болмайды.
3. Реактивтерді пайдаланғаннан кейін банканың не шөлмектің аузын жауып, орнына қою керек.
4. Құрғақ реактивтерді мүйіз, фарфор металдан жасалған қасықшалармен немесе қалақшалармен (шпательдер) алған жөн. Олар әрдайым таза, құрғақ болуы керек. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап (сүзгііш қағазбен) сүртіп отыру керек.
5. Егер реактив пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай, екінші шөлмектен реактив алуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |