5. Көміртек.Кремний
Көмір қышқылының тұздары
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, индикатор.
Қажетті реактивтер:натрий гидроксиді 1н, мыстың негіздік карбонаты, магний, кальций, натрий карбонаттары, натрий бикарбонаты.
1. Пробиркаға 2 – 3 мл натрий гидроксидінің 1 н ерітіндісін құйып, ерітінді бейтарап болғанға дейін көмір қышқыл газын жіберу. Алынған ерітіндіні қыздырып, қандай газ бөлінетінін байқау. Содан кейін ерітіндінің индикаторларға әсерін көру. Жүрген реакциялар теңдеулерін жазып, алынған ерітінділердің индикаторға әртүрлі әсер етуін түсіндіру. Натрий карбонаты мен бикарбонатының қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Неліктен?
2. Әртүрлі металдардың карбонаттары қыздырғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын көру. Ол үшін мыстың негіздік карбонатын, магний, кальций, натрий кабонаттарын, натрий бикарбонатын пробиркаға салып, қатты қыздыру. Бөлінген газды ізбес суынан өткізу. Реакциялар теңдеулерін жазу. Зерттелген карбонаттардың термиялық тұрақтылығы әртүрлілігінің себебін түсіндіру.
Карбидтер
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, Вюрц колбасы.
Қажетті реактивтер:кальций карбиді, фенолфталеин.
Калий, марганец, кремний, вольфрам карбидтері қандай болады? Олардың сумен және қышқылдармен әрекеттесуінде қандай айырмашылықтары бар? Кальций карбидінің қасиеттері (Тәжірибені тартпа шкафта жүргізу керек!). Құрғақ Вюрц колбасына кальций карбидінің 1 – 2 түйірін салып, тамшылатып су құю керек. Бөлінген газды прибордан өткізіп (не үшін?), жану қабілетін тексеру. Қандай құбылыс байқалады? Реакциялар теңдеулерін жазу. Реакция аяқталғаннан кейін, ерітіндіні сүзіп алып, фенофталеин тамызып, ерітінді түсінің өзгеруін байқау. Неліктен кальций карбидін ацетилид деп атауға болады, ал берилий, алюминий карбидтерін – болмайды?
Натрий силикатының гидролизі
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка.
Қажетті реактивтер: натрий силикаты, фенолфталеин,аммоний хлориді.
Натрий силикатын ыстық суда ерітіп, қажет болса ерітіндіні сүзу. Ерітіндіге фенолфталеин тамызып, түсінің өзгеруін байқап, түсіндіру. Ерітіндіні үш пробиркаға бөліп құйып, 1 – пробиркаға тұз қышқылын қосып, қандай өзгеріс болғанын байқап, жүретін реакцияның теңдеуін жазу. 2 – пробиркаға құрғақ аммоний хлоридін қосып, жақсылап араластыру. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазу. 3 – пробиркаға көмір қышқыл газын жіберу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.
Кремний қышқылдары
Кремний қышқылының гидрогелі
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка,шыны таяқша.
Қажетті реактивтер:ерімтал шыны, тұз қышқылы.
Пробиркаға ерімтал шынының 5 мл концентрлі ерітіндісін құйып, оған тез арада тұз қышқылының 24%-ті ерітіндісінің 3 мл қосып, шыны таяқшамен араластыру. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу. Гель түзілуін немен түсіндіруге болады?
Кремний қышқылының гидрозолі
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, фильтр.
Қажетті реактивтер: 37%-ті тұз қышқылы, ерімтал шыны.
6 мл 37%-ті тұз қышқылының ерітіндісіне ерімтал шынының 1 мл қосу. Бұл жағдайда неліктен гель түзілмейді? Алынған қышқыл ерітіндісі сүзгіштен (фильтрден) өте ме? Ерітіндіні қайнағанша қыздырып, содан кейін суыту. Қандай құбылыс байқалады? Кремний қышқылының золін ерітіндідегі басқа электролиттерден қалай бөліп алуға болады?
Бор қышқылының қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, универсалды индикатор, фарфор ыдыс, су моншасы, Сағат шынысы, индикатор, платина сым.
Қажетті реактивтер: Бор қышқылының 2 – 3 мл қанық ерітіндісі, метил спирті, концентрлі күкірт қышқылы, глицерин.
1. Бор қышқылының 2 – 3 мл қанық ерітіндісін дайындап, универсалды индикатормен ерітіндінің рН-ын анықтау.
2. Бор қышқылын фарфор ыдысқа салып, су моншасында құрғағанға дейін қыздыру. Аздаған метил спиртін қосып, бөлінген буды жаққанда, оттың түсі қандай болады?
3. Сағат шынысына бір тамшы концентрлі күкірт қышқылын, бір тамшы глицерин тамызып, аздаған бура қосу. Қоспаны платина сыммен араластырып, жанарғы жалынына апару. Оттың түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазу.
Бор оксидінің алынуы мен қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: тигель ыдыс, муфель пеші, склянка.
Қажетті реактивтер: бор қышқылы, су.
Таза бор қышқылының 5 г темір тигельге (платина тигель болса тіпті жақсы, неге?) салып, қақпағын жауып, суынан әбден арылғанша муфель пешінде 800°С қыздыру. Сонда қандай реакциялар жүреді? Бор оксидін түсіріп алу үшін, қызып тұрған тигельдің түбін суық суға батыру қажет. Алынған массаны жақсы жабылатын склянкаға салу. Бор оксидінің тұрақтылығын сынау үшін бор қышқылының аз ғана мөлшерін темір тілікке салып, қыздырып, масса буырқана бастаған кезде, шыны таяқшамен іліп алып, тарту. Не байқалады? Алынған бор оксидінің бір бөлігін сумен өңдеп, ерітіндінің рН-ын анықтау. Реакция теңдеулерін жазу.
Бураның бояулы маржандары
Қажетті құрал-жабдықтар: Платина сымы,
Қажетті реактивтер: хром оксиді ерітіндісі.
Платина сымының құлағындағы кішкене бураны жанарғы жалынына қыздыру. Суы бөлініп болғаннан кейін (оны қалай білуге болады?) шыққан балқыманы ептеп суытып, хром не кобальт оксидінің ерітіндісімен дымқылдау. Массаны балқығанша тағы қыздыру. Затты суытқаннан кейін түсі қандай болады? Реакция теңдеуін жазу. Бура маржандары түсінің әртүрлілігі немен байланысты?
Алюминийдің оттекпен және сумен әрекеттесуі
Қажетті құрал-жабдықтар: фарфор ыдыс, стақан.
Қажетті реактивтер: алюминий тілігі, спирт, сынап (ІІ) нитраты.
(Тәжірибені бір студент жасап, барлық топқа көрсетеді). Алюминийдің екі тілігін алып, жақсылап оксидінен тазарту (зімпарамен), содан кейін спиртте қайнату арқылы майлардан тазарту. Тіліктерді фарфор ыдысқа салып, бірнеше тамшы сынап 210 (ІІ) нитратын қосу. 5 минуттан кейін тіліктерді сумен жуып, біреуін шыны бетіне қойып ауада қалдыру, екіншісін стақандағы суға салу. Байқалған құбылыстарды түсіндіру, реакциялар теңдеулерін жазу.
Калий-алюминий ашудасы
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, микроскоп.
Қажетті реактивтер: алюминий сульфаты кристаллогидраты, калий сульфаты.
Алюминий мен калий сульфаттарының ыстық қанық ерітінділерін дайындау. Ол үшін алюминий сульфаты кристаллогидратының 6,66 грамын 5 мл ыстық суда (70°С) ерітіп, осы мөлшерге қанша калий сульфаты керек екенін есептеу. Калий сульфатын 10 мл ыстық суда ерітеді. Калий сульфатының ерітіндісін алюминий сульфатының ерітіндісіне қосу, алынған ерітіндіні суытып, түзілген кристалдарын сүзіп алу, фильтр қағазының арасында кептіру, өлшеу және шығымын есептеу. Кристалдардың түрін микроскоппен көріп, суретін салу [20]. Алюминий сульфатының және хлоридінің кристаллогидраттарын қалай алуға болады? Алюминий сульфатының және натрий алюминатының ерітінділерінде индикаторлар (метилоранж, лакмус) қалай өзгереді? Бұл тұздардың қайсысы гидролизденеді? Неліктен? Алюминийдің қандай қосылысы тұнбаға түзіледі, егер: алюминий тұзының ерітіндісіне натрий карбонатын қосса және алюминий тұзының ерітіндісі арқылы күкіртті сутек жіберсе?
Достарыңызбен бөлісу: |