Химия факультеті



бет10/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый
обнв н, Аралық бақылау 1, УМК РЯ уровень А2 2019г, Лекция 6, 3 апталық, 6 апталық, 563fc7ecb6ff2dfbc33269187491836b Character-practice-sheet WORD , 1. Ðåñåéäåã³ 1917 æûë?û ?àçàí ò??êåð³ñ³ æ?íå îíû? ?àçà?ñòàí?à û?, Бірөлшемді жиымдар есептер
9. d-металдар химиясы


Манганаттардың қасиеттері

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: калий манганаты,су, спирт, барий хлориді.


1. Алынған калий манганаты ерітіндісінен екі пробиркаға 1 мл-ден құю, бір пробиркадағы ерітіндіні сумен сұйылту, екіншісіне 2 – 3 мл су қосып, көмір қышқыл газы ағынын жіберу. Екі жағдайда ерітіндінің түсі қалай және неліктен өзгереді? Сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазу.


2. Калий манганаты ерітіндісіне бірнеше тамшы спирт қосып, жайлап қыздыру. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.
3. 1 – 2 мл қымыздық қышқылы ерітіндісін қайнағанша қыздырып, калий манганаты ерітіндісін қосу. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазу.
4. Калий манганаты ерітіндісінің бір бөлігін кішірек стақанға құйып алып, оған тұнба толық түскенше барий хлоридінің қаныққан ерітіндісін қосу. Тұнбаға не түседі?


Марганец (VIІ) оксидін алу және оның қасиеттері

Жұмыстың мақсаты:


Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, фарфор табақша, түтікше, шыны таяқша, пипетка.


Қажетті реактивтер: калий перманганаты, этил эфирі, спирт шам.


(Тәжірибені тартпа шкафта, оқытушының қатысуымен орындау!)


1. Калий перманганатының біраз кристалдарын майдалап ұнтақтау және оны фарфор табақшаға салу. Пипетканың немесе шыны түтікшенің көмегімен тұзды 96%-ті күкірт қышқылы ерітіндісінің бірнеше тамшысымен сулау. Онда не түзіледі?
2. Шыны таяқшаның түбін дайындалған қоспамен сулау және оны фарфор табақшаға құйылған этил эфиріне жақындату. Не байқалады? Осылай спирт құйылған спирт шамды жағуға болады. Тәжірибені ешбір жағдайда бір таяқшамен қайталауға болмайды. Марганецтің барлық оксидтерінің формулаларын жазу және олардың қасиеттерін салыстыру. Марганец гидроксидтерінің қатарында, оның түрлі тотығу дәрежелеріне сәйкес, қасиеттері қалай және неліктен өзгереді? Марганец гидроксидтерінің қайсысы ауада тұрақсыз?


Темір, кобальт және никель гидроксидтерінің алынуы және қасиеттері


Темір (III) гидроксидін алу

Жұмыстың мақсаты:


Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: Кобальт (II) гидроксиді, Кобальт (II) тұзы ерітіндісі,натрий гидроксиді.


Темір (III) гидроксидін алу және оның қышқылға және сілтінің артық мөлшеріне қатынасын зерттеу.


Реакция теңдеулерін жазу. Қай гидроксидтің темір (II) немесе темір (III) — негіздік қасиеттері көбірек және оны қалай түсіндіруге болады? Кобальт (II) гидроксиді Кобальт (II) тұзының ерітіндісіне аздаған натрий гидроксидінің ерітіндісін қосу. Түзілген тұнбаның түсін байқау. Тағы сілті қосып қыздыру. Тұнбаның түсі қалай өзгереді? Кобальт (II) гидроксиді ауада тұрғанда не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу


Темір, кобальт, және никель тұздары
Темір (II) тұздарының қасиеттері

Жұмыстың мақсаты:


Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, пробирка, индикатор.


Қажетті реактивтер: натрий карбонаты, Мор тұзы, калий гексацианоферраты, калий перманганаты.


1. Мор тұзының ерітіндісін индикатормен сынау. Темір (II) сульфаты гидролиздену реакциясының теңдеуін жазу. Натрий карбонаты ерітіндісін құю. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу және алынған нәтижелерді түсіндіру.


2. Мор тұзы ерітіндісіне калий гексацианоферраты (III) (қызыл қан тұзы) ерітіндісін құю. Не алынады? Реакция теңдеуін жазу. Бұл реакция не үшін пайдаланылады?
3. Күкірт қышқылымен қышқылданған темір (II) тұзы ерітіндісіне калий перманганаты ерітіндісін қосу. Не байқалады? Темір (II) тұзының калий перманганаты және дихроматымен әрекеттесу реакциялары теңдеулерін жазу. Темір (II) тұзы хлор, бром және иод суымен тотыға ма? (стандартты тотығу- тотықсыздану потенциалдарының мәндерін қосымшадан қараңыз). Темір (II) тұздарына күкіртсутек пен аммоний сульфидінің әсері қандай? Жасаған тәжірибеден темір (II) тұздарының қасиеттері туралы қандай қорытынды жасауға болады? Темір (II) қосылыстарының қасиеттерін зерттегенде бастапқы зат ретінде неліктен Мор тұзын пайдаланады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет