Химия факультеті


Галогендер. Галогендердің алынуы және қасиеттері. Хлор



бет2/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый

1. Галогендер. Галогендердің алынуы және қасиеттері. Хлор

Хлор алу тәсілдері


Әр түрлі тотықтырғыштармен әсер ету арқылы хлорсутек қышқылынан хлор алу

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, штатив.


Қажетті реактивтер: марганец оксиді, хлорсутек қыщқылы, калий перманганаты, калий дихроматы.


1. Пробиркаға аз ғана мөлшерде марганец (IV) оксидін салып, оған концентрі хлорсутек қышқылын құю. Бөлінген хлорды алақанмен бетке қарай бағытта, ептеп иіскеу. Реакция теңдеуін жазу.


2. Пробиркаға 2 – 3 түйір калий перманганатын салып, штативпен бекіту. Концентрлі хлорсутек қышқылын ептеп бірнеше тамшысын қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.
3. Пробирка түбіне әбден ұнтақталған калий дихроматынан аздаған салып, концентрлі хлорсутек қышқылын құю. Қоспаны ептеп жылыту. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.
4. Пробиркаға кішкене хлорлы ізбес салып, хлорсутек қышқылының 20%-ті ерітіндісінен аздап құю. Реакция теңдеулерін жазу.


Хлордың бейметалдармен әрекеттесуі
Қажетті құрал-жабдықтар: қасықша, стақан, Кипп аппараты, пробирка.

Қажетті реактивтер: қызыл фосфор, хлор.


1. Жағуға арналған қызыл фосфордың бірнеше түйіршігін қасықшаға салып, оны жағып, хлоры бар ыдысқа енгізу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу. Фосфор (сурьма) хлорда жанғанда қандай жағдайда үшхлорлы және бесхлорлы фосфор (сурьма) түзіледі? Қандай белгілерімен оларды айыруға болады?


2. Екі пробирканы алу. Біреуін хлормен, екіншісін Кипп аппаратынан сутекпен толтыру. Пробиркаларды бармақпен жауып тұрып, хлоры бар пробирка жоғарыда болатындай етіп пробирканы жалғастыру. Енді екеуін бөліп алып, тез жалынға енгізу. Не болды? Реакция теңдеуін жазу.
Хлордың күрделі заттармен әрекеттесуі
Қажетті құрал-жабдықтар: сүзгіш қағаз, қысқыш, қасық.

Қажетті реактивтер: скипидар,хлор.


1. Сүзгіш қағаздың жолағын алып, оны жаңа айдалған скипидардың бірнеше тамшысымен ылғалдап, қысқышпен хлоры бар ыдысқа енгізу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.


2. Қасыққа шырағдан тұтқылын салып, оны жағып, ептеп хлоры бар ыдысқа енгізу. Не байқалады? Реакция нәтижесінде қандай заттар түзіледі?


Хлорлы су және оның қасиеттері

Қажетті құрал-жабдықтар: мақта, стақан, пробирка.


Қажетті реактивтер: дистилденген су, Cl, индиго ерітіндісі, натрий гидроксиді, күкірт қышқылы.


1. 5 – 10 мл дистилденген суды хлормен қанықтыру. Байқап қана шыққан ерітіндінің түсі мен иісін белгілеу. Хлорлы суда қандай заттар бар? Рекция теңдеуін және оның тепе-теңдік константасын жазу. Шыққан хлорлы судың индиго ерітіндісіне және боялған мақтаға әсерін сынау. Не байқалады? Ағарту әсерін қандай зат жасайды?


2. Пробиркаға 2 – 3 мл хлорлы су құйып, оған тамшылатып натрий гидроксидін қосу. Хлорлы судың иісі мен бояуының жоғалуын немен түсіндіруге болады? Хлор мен су арасындағы реакция тепе-теңдігінің ығысуына сілті қалай әсер етеді? Ле-Шателье принципін тұжырымдау. Қышқыл реакцияға дейін пробиркаға сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісін қосу, ерітіндінің иісі өзгерді ме? Реакцияь теңдеуін жазу. Шыққан нәтижелерді түсіндіру. Хлорлылау қышқылын (ерітіндіде) қалай алуға болады? Хлорлылау қышқыл үшін қандай өзгеріс түрлері тән? Қандай жағдайлар өзгерістер түрлері қайсібірінің басым болуына мүмкіндік туғызады?


Бромның қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка.

Қажетті реактивтер :бром суы,күйдіргіш натр ерітіндісі, дистилденген су,хлороформ.


1. Пробиркаға 2 – 3 мл бром суын құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін құю. Ерітінді түсінің өзгеруін қалай түсіндіруге 129 болады? Реакция теңдеуін жазу.
2. Пробиркаға бірнеше тамшы бром суын құйып, оны 5 мл дистильденген сумен сұйылту және 5 – 10 тамшы хлороформ қосу. Пробиркадағы қоспаны жақсылап араластыру. Байқалған құбылысты түсіндіру. Ұқсас тәжірибені басқа органикалық еріткіштермен (бензин, бензол, күкіртті көміртек, көміртек тетрахлориді) жасау.


Иодтың қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: фарфор табақша, шыны таяқша, пробирка,

Қажетті реактивтер: йод кристалдары, алюминий ұнтағы, сілті, күкірт қышқылы, органикалық ерітінділер.


1. Кішкене фарфор табақшаға алынған иодтың бірнеше кристалдары мен алюминий ұнтағын салып, жайлап араластыру (тәжірибе тартпа шкафта жасалу керек). Дайындалған қоспаға ұзын шыны таяқшамен бір тамшы су апару. Не байқалады? Бұл тәжірибеде су қандай роль атқарады? Реакция теңдеуін жазу


2. Екі пробиркаға су құйып, өткен тәжірибеде алынған иодтың бір түйірін салу. Пробиркаларды әбден шайқау. Иодтың судағы ерігіштігі қандай? Иодты суда қандай молекулалар бар? Иодтың сумен әрекеттесу реакциясын жазу. Бір пробирканы салыстыру үшін қалдырып, екіншісіне калий иодидінің қаныққан ерітіндісін құйып, әбден араластыру. Не болады? Иодтың ерігіштігінің көбеюін қандай заттың түзілуімен түсіндіруге болады? Реакция теңдеуін жазу.
3. 2 – 3 мл иодты суға ерітінді түссізденгенше сілтінің 1 н ерітіндісін құю. Шыққан ерітіндіге күкірт қышқылын қосу. Не байқалады? Болып жатқан құбылыстарды түсіндіру.
4. Бірнеше пробиркаға қатар 2 – 3 мл иодты су құйып, оларға 2 – 3 тамшыдан органикалық ерітінділер (бензол, хлороформ, бензин, күкіртті көміртек, көміртек тетрахлориді) қосу. Пробиркаларды әбден шайқап, органикалық еріткіштер қабатының түсін белгілеу. Үлестірімділік заңының мағынасы неде?
Галогендердің сутекті қосылыстары


Натрий хлоридінің, натрий бромидінің және калий иодидінің концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесуі

Қажетті құрал-жабдықтар:штатив, пробирка.


Қажетті реактивтер: натрий хлориді, натрий бромиді, конц.күкірт қышқылы.


Штативке үш пробирка бекіту. Біреуіне аздаған натрий хлоридін, екіншісіне натрий бромидін, үшіншісіне калий иодидін салу. Әрқайсысына бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылын қосу (қышқылды түтікпен алу). Не байқалады? Осы тәсілмен алынған бромсутек пен иодсутек немен ластанған? Реакциялар теңдеуін жазу. Галогенсутектің қайсысының тотықсыздандырғыштық қасиеті басым? Сәйкес галогендерге концентрлі күкірт қышқылымен әрекет жасап, қандай галогенсутектер алуға болады?


Галогендердің оттекті қосылыстары
Қажетті құрал-жабдықтар: стақан.

Қажетті реактивтер: кальций гидроксиді, мұз, хлорсутек.


Ағартқыш ізбестің алынуы (тәжірибені тартпа шкафта жүргізу керек). 2 г таза сөндірілген ізбеске (кальций гидроксиді) 10 – 15 мл су қосып, әбден араластыру. Шыққан қоспаны мұзбен суытып тұрған (суытудың қандай қажеті бар?) кішкене стақанға салып, хлорсутектен тазарған (оны қалай жасайды?) хлор жіберу. Реакция теңдеуін жазу.


Ағартқыш ізбес қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, сүзгіш, мата.

Қажетті реактивтер: су, индиго.


1. Шыққан препараттың бөлігін 10 мл сумен өңдеп, ерімеген заттарды сүзіп алу. Аз мөлшерде шыққан ерітіндіден алып, индигомен боялған матаға әсерін сынау. Байқалған құбылысты түсіндіру. Хлорлылау қышқылды оның тұз ерітіндісінен көмір қышқылы ығыстыра ма? Көмір және хлорлылау қышқылдарының диссоциациялану константасының мәнін салытыру (қосымшаның 9-шы кестесінен).


2. Алынған ағартқыш ізбес ерітіндісінің бір бөлігіне қышқыл реакцияға дейін 1н күкірт қышқылын құйып, байқап иіскеу. Реакция теңдеуін жазу. Концентрлі ертіндіні ысытқанда ағартқыш ізбес қандай өзгеріске ұшырайды?
3. Судағы хлорлы әктiң суспензиясын сынауыққа орналастырып, CoCl2-тiң ерiтiндiсiн аздап қосыңыз және қыздырыңыз. Сынауықтағы зат қарайып, оттегі бөлінеді, оны бықсыған шырпы көмегімен көрсетуге болады.
4. Колбаның түбіне 50 – 100 г хлорлы әкті салып, концентрлі күкірт қышқылымен дымқылдатыңыз. Хлордың бөлінуін байқаңыз.


Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттерін салыстыру

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка.


Қажетті реактивтер:бром су ,иодты су, органикалық қосылыстар, хлор суы, калий иодиді және бромиді, HBrO3,H2SO4.иод кристалдары.


1. Екі пробиркаға 1 мл бромды және иодты суларын құйып, 2 – 3 мл сумен сұйылтып, бірнеше тамшы органикалық ерітіндіден (төртхлорлы көміртек, хлороформ, бензол және т.б.) қосып, әбден араластыру. Екі пробиркаға да тамшылатып хлор суын құйып, жақсылап шайқай отырып, органикалық ерітінді қабатының түсінің өзгеруін қадағалау. Реакция теңдеуін жазу.


2. Пробиркаға бір тамшыдан калий иодиді мен бромиді ерітіндісін және 3 – 5 тамшы органикалық еріткіш құю. Енді тамшылатып хлор суын құйып, жақсылап шайқай отырып, ерітінді қабаты бояуының өзгеруін қадағалау. Реакция теңдеуін жазу.
3. Аздаған HВrO3 ерітіндісін дайындау. Ол үшін калий броматының (KВrO3) қаныққан ерітіндісінің 2 – 3 тамшысын 1 – 2 мл күкірт қышқылының сұйылтылған ерітіндісіне қосу 134 керек. Ерітіндіге иодтың аздаған кристалын тастап, бірнеше қайта араластырып, ерітіндіні декантациялап, енді оған бірнеше тамшы органикалық еріткіш құю. Не байқалады? Реакциялар теңдеулерін жазу. Иодтылау қышқылынан (HIO3) бром иодты ығыстырып шығара ала ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет