Тексерген: Тұрмұхамбетов. А



бет1/7
Дата30.10.2022
өлшемі299,33 Kb.
#155656
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Со ы реферат


Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Физика – техникалық факультеті
Физика теориялық және ядролық кафедрасы

СӨЖ


Тақырыбы: Серпімді және серпімді емес соқтығусылар

Орындаған:Тагаев Бекжан


Тексерген: Тұрмұхамбетов.А.Ж
Алматы 2022 ж
МАЗМҰНЫ
: Соқтығысу деп кеңістіктің салыстырмалы түрде аздаған ғана облысында салыстырмалы түрде аздаған ғана уақыт аралығында жүретін екі немесе өте көп материялық денелердің, бөлшектердің және т.с. әсерлесуін айтады.
Соқтығысуды қарастыру кезінде ең басты нәрсе процестің өзін білу емес, оның нәтижесі. Соқтығысуға дейінгі мезет бастапқы күй, ал одан кейінгісоңғы күй деп аталады. Бастапқы және соңғы күйлерді сипаттайтын шамалар арасында, әсерлесудің сипатымен тәуелсіз белгілі қатынастар орнатылады. Осы қатынастардың бар екендігі, соқтығысуға қатынасатын денелер мен бөлшектердің жиынтығының энергияның, импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары орындалатын тұйық жүйені құрайтындығы болып табылуын көрсетуінде. Ендеше, бөлшектер немесе денелердің бастапқы және соңғы күйлерін сипаттайтын шамалар арасындағы қатынастар, соқтығысу кезіндегі энергияның, импульстың және импульс моменттерінің сақталу заңдарымен өрнектеледі.
Импульстың сақталу заңы . Әртүрлі денелердің импульстерінің соқтығысуға дейінгісін Pi арқылы, ал соқтығысудан кейінгісін pj арқылы белгілейік (і=1, 2, 3….n; j=1, 2, 3....k). Тұйық жүйенің импульсі сақталатындығын біле отырып мынаны жазуға болады:
n k
pi  pj (92)
i1 j1
Осы заң релятивистік және релятивистік емес жағдайларда да орындалады.
Энергияның сақталу заңы. Соқтығысу кезіндегі энергияның сақталу заңы мына өрнекпен беріледі:
n k
(Eішкі,і Ек,і )  j1(Eішкі , j Ек, j ), (93)
i1
бұл жерде Еішкі – денелердің ішкі энергиясы, Ек - олардың ілгерілемелі қозғалыстарының кинетикалық энергиясы, і мен j соқтығысуға дейінгі және соқтығысудан кейінгі денелердің сандары және соларға сәйкес энергияларды сипаттайды.
Бұл жерде айта кететін бір мәселе, Еішкі (ішкі энергия) соқтығысу кезінде пайда болатын жылу энергиясынан және соқтығысатын денелерді құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу потенциалы энергияларының қосындысынан тұрады. Біздің қарастырып отырғанымыз тек релятивистік емес жағдай. Ал, тікелей соқтығысатын денелердің арасындағы әсерлесу потенциалы энергиясын біз қарастырмаймыз, өйткені денелер соқтығысуға дейін және соқтығысудан кейін әсерлесіп тұр деп есептелінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет