Импульс моментінің сақталу заңы. Соқтығысу кезіндегі импульс моментінің сақталу заңы мына өрнекпен беріледі
n k (Li Li , (Lj L ) i1 шшкі j1 ішкі, j (94)
бұл жерде L – соқтығысуға қатысатын денелердің импульс моменттері, ал олардың L ішкі ішкі импульс моменттері.
Серпімді соқтығыс. Егер де соқтығысу кезінде денелердің ішкі энергиясы өзгермейтін болса, онда соқтығысу серпімді деп аталады. Ішкі энергия абсолютті түрде өзгермейтін болса, соқтығысу абсолют серпімді соқтығысу деп аталады.
Релятивистік емес жағдайдағы денелердің соқтығысын қарастырайық. Координат жүйесін таңдаған кезде соқтығысуға дейінгі екі дененің біреуі тыныштықта түр деп есептейік, былайша айтқанда p2 0.
Ендеше (92) және (93) формулаларды қолдана отырып энергияның және импульстің сақталу заңдарын былай жазуға болады:
p12 p12 p22
(95)
2m1 2m1 2m2
p1 p1 p2, (96)
бұл жерде кинетикалық энергия импульс [mυ2/2 = P2/(2m)] арқылы өрнектелген және серпімді соқтығыс кезінде ішкі энергия өзгермейді деп есептелінген. (95) және (96) өрнектерді бірге шеше отырып келесі теңдеуді аламыз:
2m2 p1cos, (97) p2 m1 m2
бұл жерде P 1бірінші дененің (массасы m1) соқтығысқа дейінгі импульсі, ал екінші P2 дененің (массасы m2) соқтығыстан кейінгі алған импульсі, ал дегеніміз мен векторларының P1 P2 арасындағы бұрыш.
Осы алынған өрнек қарастырылып отырған есепті толығымен шеше алады деп есептеуге болады.