Химия факультеті


Күкірт. Күкірт қышқылы және оның тұздары



бет4/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый

3. Күкірт. Күкірт қышқылы және оның тұздары


Концентрлі күкірт қышқылының суға қатынасы

Қажетті құрал-жабдықтар: стақан, термометр.


Қажетті реактивтер :су, күкірт қышқылы.


Стақанға 10 – 15 мл су құйып, оның температурасын өлшеп және термометрді алмай, 2 мл 96%-ті күкірт қышқылы ерітіндісін қосу. Термометрдің көрсетуін жазу. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер дайындау үшін су мен концентрленген күкірт қышқылын қандай ретпен құю керек?


Күкірт қышқылының металдарға әсері

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, темір сым.


Қажетті реактивтер :күкірт қышқылы 96%-ті.


Пробиркаға 2 – 3 мл 96%-ті күкірт қышқылын құйып, оған темір сымның бірнеше бөлігін тастау. Не байқалады? Ептеп пробирканы қыздыру. Енді өзгеріс бар ма? Бұл жағдай күкірт қышқылының қандай қасиеттерін анықтайды? Концентрлі және сұйылтылған күкірт қышқылының металдарға әсерінің айырмашылығы неде? Күкірт қышқылының күкіртті қышқылға қарағанда күштілігі және орнықтылығы немен түсіндіріледі?


Натрий тиосульфатының қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка.

Қажетті реактивтер:натрий тиосульфаты кристалдары, хлорсутек қышқылы, хлорлы су, иодты су.


1. Натрий тиосульфатының бірнеше кристалын аз мөлшерлі суда ерітіп, оған 1 – 2 мл хлорсутек қышқылын қосу. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.


2. Тигель қақпағына натрий тиосульфатының бірнеше кристалын салып, басында ептеп, кейін қатты қыздыру. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу. Натрий тиосульфаты ыдырағанда қандай заттар түзілгенін дәлелдеу.
3. Пробиркаға 3 – 4 мл хлорлы су құйып, хлор иісі жоғалғанға дейін тамшылатып натрий тиосульфатын қосу. Реакция теңдеуін жазу. Неліктен натрий тиосульфаты «антихлор» деп аталады?
4. Тура осындай тәжірибені иодты сумен жасау. Реакция теңдеуін жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет