Химия пәні бойынша тест тапсырмалары. 8 сынып 1-нұсқа
1. Әртекті қоспалар қайсылар:
А) темір мен күкірттің қоспасы; В) ас тұзының ерітіндісі; С) ас тұзының кристалдары
2. Біртекті қоспаларды тазарту әдісі:
А) сүзу; В) тұндыру; С) қайта кристалдау
3. Әртекті қоспаларды тазарту әдісі:
А) айдау; В) тұндыру; С) қайта кристалдау
4. Төмендегілердің ішінен элементті көрсетіңдер:
А) су; В) сутегі; С) ауа
5. Химиялық құбылысқа жатады:
А) отынның жануы; В) қанттың еруі; С) судың қатуы
6. Ауаның құрамындағы 78 пайыз болып келетін газ:
А) азот; В) оттегі; С) көмірқышқыл газы
7. Жарық пен жылу бөле жүретін процесс:
А ) жану; В) қызу; С) тұтану
8. Металл қайсы:
А ) Алюминий; В) азот: С) сутегі
9. Бейметалл қайсы:
А ) Алюминий; В) натрий; С) сутегі
10. Жану өнімдері қалай аталады:
А) оксид; В) изотоп; С) масса
11. Металдар жанғанда түзілетін қосылыс:
А) оксид; В) негіздік оксид; С) қышқылдық оксид
12.Бейметалдар жанғанда түзілетін қосылыс:
А) оксид; В) негіздік оксид; С) қышқылдық оксид
13. Екі элементтен құралып оның біреуі оттегі болып келетін қосылыс:
А) оксид; В) жану ; С) салқындау
14. Индикатор-лакмус сілтілік ортада қандай түске боялады:
А) көк; В) қызыл;С) таңқұрай
15. Индикатор-лакмус қышқылдық ортада қандай түске боялады:
А) көк; В) қызыл;С) таңқурай
Жауаптары: 8 сынып 1-нұсқа
1 А
2 С
3 В
4 В
5 А
6 А
7 А
8 А
9 С
10 А
11 В
12 С
13 А
14 А
15 В
Достарыңызбен бөлісу: |