Атомдарының құрылысына байланысты металдар әртүрлі тотығу дәрежесін көрсетіп, алуан түрлі қосылыстар түзеді. I және II негізгі топша металдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде 1—2 электрон бар. Химиялық реакция кезінде олар осы электрондарын беріп, тұрақты +1 немесе +2 тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстар — бізге бұрыннан белгілі негіздік сипаты бар (Be басқасы) оксидтер мен гидроксидтер. III топтың оксидтері +3 тотығу дәрежесін көрсететін екідайлы (амфотерлі) оксидтер мен гидроксидтер түзеді:
Сr+2О — негіздік оксид
Сr2+3О3 — екідайлы оксид
CrО3+6 — қышқылдық оксид
Бұған сай гидроксидтердің де сипаты әртүрлі болады:
Cr+2(ОН)2 — суда ерімейтін негіз
Cr+3(ОН)3 — нашар еритін екідайлы гидроксид
Н2+6CrО4 — хром қышқылы, ерімтал
Осылайша валенттік электрондары көп қосымша топша элементтері химиялық сипаты бойынша алуан түрпі қосылыстар түзеді.
Металдардың негіздік сипаты бар қосылыстары, негізінен, қышқылдармен әрекеттеседі:
СаО + 2НСІ = СаСІ2 + Н2O
СаО + 2Н+ = Са2+ + Н2O
Суда еритін гидроксидтер қышқылдармен бейтараптану реакциясына кіріседі:
Са(ОН)2 + 2HNO3 = Ca(N03)2 + 2Н2О
OH- + Н+ = H2O
Суда ерімейтін гидроксидтер қышқылдармен әрекеттеседі:
Cu(OH)2 + 2HNO3 = Cu(N03)2 + 2Н2O
Cu(OH)2 + 2Н+ = Сu2+ + 2Н2O
Негіздік оксидтер қышқылдық оксидтермен әрекеттеседі:
СаO + СO2= СаСО3
Металдардың екідайлы қосылыстары қышқылдармен әрекеттескенде негіздік қасиет, ал негіздермен әрекеттескенде қышқылдық қасиет көрсетеді. Тұз қышқылымен:
ZnO + 2НСl = ZnCl2 + Н2O
ZnO + 2Н+ = Zn2+ + Н2O
Zn(OH)2 + 2НСl = ZnCl2 + 2Н2О
Zn(OH)2 + ::2Н+ = Zn2+ + 2Н20
Натрий гидроксидімен:
ZnO + 2NaOH = Na2ZnO2 + Н2O
ZnO + 20Н- = ZnO2-2 + Н2O
Zn(OH)2 + 2NаОН = Na2ZnO2 + 2Н20
Zn(OH)2 + 20Н- = ZnO2ZnO2+ 2H2О
Металдардың қышқылдық сипаты бар қосылыстарына сілтілермен әрекеттесу реакциялары тән:
HMnO4 + КОН = КМnO4 + H2O
Металл атомдары тотығу дәрежесіне байланысты негіздік, екідайлы, қышқылдық сипатты оксидтер мен гидроксидтер түзе алады. I—II топтың негізгі топшасынын металдары негіздер, ал III топтың металдары екідайлы гидроксидтер түзеді. Ал қосымша топшаның металдары сипаты бойынша әртүрлі заттар түзеді.[1]
Достарыңызбен бөлісу: |