Дене темперетурасын өлшеу-ең бірінші пациентпен жылы жүзді шырай білдіріп амандасыңыз, өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз. Пациентке аты-жөнін атап тіл қатыңыз
Дене темперетурасын өлшеу-ең бірінші пациентпен жылы жүзді шырай білдіріп амандасыңыз, өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз. Пациентке аты-жөнін атап тіл қатыңыз . Пациентпен психолгиялық қатынас орнатыңыз .Кәсіптік тактіні және нәзік, биязы мінез құлықты сақтаңыз. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз. Пациентке ем шараның барысын айтыңыз, рұқсатын алыңыз. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. Термометрдің бүтіндігін тексеріңіз, сына бағанасын 35С-қа дейін түсіріп сілкіңіз. Қолтық асты аймағында ісік бар-жоғын тексеріңіз, егер ісік бар болса өлшеуге болмайды.Ісік жоқ болса термометрді сүртік градус жағын теріге тигізіп қойыңыз пациенттен оны қысып ұстап тұруын сұраңыз . Дене температурасын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз. Он минуттан соң термометрді алып темперетураны қарап оны температура журналына енгізіңіз. Өлшеу нәтижесін пациентке айтыңыз.Қолданылған термометрді дезинфекциялаңыз және құрғатыңыз.Қолыңызды жуыңыз.
Қалыпты жағдайда ересек адамда тыныс алу жиілігі 16-20 тыныс қозғалысын жасайды. Тыныс жиілеген (тохипноэ) немесе сирек (брадипноэ) болуы мүмкін.